Сабақ 9-10 Академиялық мәтін түрлері және құрылымы Реферат жазу ерекшелігі Конспектінің түрлері Мақала және оны конспектілеу



бет1/6
Дата18.12.2023
өлшемі26,67 Kb.
#140572
түріКонспект
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
9 лекция (1)


Дәріс 9-10 Академиялық мәтін: пікір, конспект, реферат
Практикалық сабақ 9-10
1.Академиялық мәтін түрлері және құрылымы
2. Реферат жазу ерекшелігі
3.Конспектінің түрлері
4.Мақала және оны конспектілеу
Академиялық мәтін дегеніміз әдетте ғылыми мәтінді білдіреді, оның міндеті ғылыми зерттеу деректері жайлы қоғамға хабарлау болып саналады. Академиялық мәтін өзіне тән белгілі бір грамматикалық, стилистикалық ерекшеліктерімен айқындалады. Академиялық мәтінді жазу сапасы тек тіл мен стилистиканы ғана емес, сонымен қатар мәтіннің мазмұнының тереңдігін, құрылымының дұрыстығын талап етеді. Мәтіннің оқырманға ыңғайлы және әдемі болуы үшін мәтіннің абзацтық бөлінуін сақтау қажет. Мәтіннің маңызды белгілері-оның тұтастығы мен үйлесімділігі [1, 275]. Радаев В. В. Как написать академический текст // Вопросы образования. — 2011. — № 1. — С. 271–293.-кітап


Академиялық жанрға жататын барлық жазбалардың сипаттамасы бірдей болып келмейді, мысалы, ғылыми мақала мен ғылыми диссертацияның жазылуында, көлемінде, талаптарында ерекшеліктер болады, сондықтан академиялық жазылымға сай келетін ғылыми жұмыстардың түрлерін ажыратып алғанымыз жөн болады.
Ғылыми мақала - зерттеушінің, яғни автордың өзінің зерттеу жұмыстарының нәтижелерін баяндайтын шағын жұмыс [2, 171].
Мақала кіріспе, әдістер мен деректер, талқылау және нәтижелер мен қорытынды бөлімдерінен тұрады: кіріспеде мақаланың негізгі мақсаттары, тақырыбы айқындалад; әдістер бөлімінде автор мақалада, ғылыми зерттеу жұмысы барысында қандай әдіс-тәсілдерін қолданғанын жазып, сипаттайды. Деректер бөлімі барысында зерттеу жұымысның тақырыбы төңірегіндегі ғалымдардың ойлары тұжырымдалады. Талқылау және нәтижелер ғылыми жұмыстың нәтижелерін көрсетеді. Қорытынды бөлімде ғылыми жұмыстың барысы, нәтижелері және болашағы жайлы жазылады.
Монография – ғылыми мақалаға қарағанда субьективті факторларды көбірек қамтитын, бір тақырып төңірегіндегі бірнеше зерттеу жұмыстарының нәтижесінде алынған ақпараттарды жалпылау, талқылау және түіндіруге арналған ғылыми жұмыс.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет