Акселерация және ретардация, реактивтілік және организмнің резистенттілігі



бет1/3
Дата10.04.2022
өлшемі1,49 Mb.
#30502
  1   2   3

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ

Тақырып: «ВИЗАНТИЯ ИМПЕРИЯСЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ МЕН

ФЕОДАЛИЗМНІҢ ҚАЛЫПТАСУ ЕРЕКШЕЛІГІ»

Орындаған: Асанова Жумагул Аслиддиновна

Тексерген: Жумагулов Болат Сагидолаевич

ВИЗАНТИЯ ИМПЕРИЯСЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ, АУМАҒЫ, ДАМУ ЕРЕК-ШЕЛІКТЕРІ.

Біртұтас Рим империясының Шығыс және Батыс болып 395 ж. екіге бөлінуіне байланысты ІҮ ғ. аяғынан Византия дербес мемлекет ретінде өмір сүрді. Ол көп уақыт бойы Ромей империясы деп атала берді. Рим империясының шығыс бөлігінің Батыстан экономикалық және саяси оқшаулануы ІҮ ғ. айқын байқалды. Империяның ежелгі астанасы Римнің әлсіреуіне байланысты империяның саяси-экономикалық және мәдени өмірі Шығысқа қарай ойысуы заңды құбылыс еді.

Император Константин 330ж. Босфор жағалауындағы Византия қаласын империяның астанасы деп жариялаған еді. Кейін император Костантиннің құрметіне Константинополь деп аталды. Ал Шығыс Рим империясын Византия деп атап кетті. Константинопольдің астанаға айналуы, оның географиялық орналасқан орнына байланысты еді. Ол Еуропадан Азияға, Қара теңізден Эгей теңізіне апаратын аса маңызды сауда жолдарында жатты. Сонымен бірге қала құрлықтан да, теңізден де қоршалған әскери стратегиялық орталық болатын.

Византия империясының құрамында: Балкан түбегі, Кіші Азия, Сирия, Палестина, Египет, Киренаика, Месопотамия, Армения, Қырым мен Кавказдағы бірқатар тірек пунктері, ал Ү ғ.бастап Иллирик пен Далмация қарады. Византия империясында әр түрлі тайпалар: гректер, фракиялықтар, иллириктер, сириялықтар, армяндар, грузиндер т.б. мекендеген. Византияның мемлекеттік тілі латын тілі болғанымен, ел грек тілінде сөйледі, себебі империяда гректер үстемдік жүргізген еді.

Империяның шығыс бөлігі батысына қарағанда ұзақ уақыт өмір сүрді. Оның себебі шығыс бөлігінде экономикалық қатынастар жақсы дамыды және тұрақты дәрежеде болды. Бұл ауданда ірі дамыған сауда-өнеркәсіптік қалалар: Египетте-Александрия, Сирияда - Антиохия, Кіші Азияда - Смирна және Ефес, Константинополь мен Фессалоника және Балқан түбегіндегі қалалар бар еді. Сауда қатынасы Азия елдерімен үзілмеді, әсіресе ІІІ ғасырда жаңа персиялық Сасанидтер хандығы құрылғанда күшейе түсті.

Шығыс империяның варварлық тайпалармен қатына-сында да ерекшеліктері болды. Византияны тағы тайпалар ба-сып алған жоқ. Герман тайпалары Византия жерінен өтіп батыста өз корольдіктерін құрды. ҮІІ-ҮІІІ ғғ. Византия ертедегі Римнің саяси және мәдени дәстүрлерін сақтап «Ромей мем-лекеті» болып қала бергенімен, оның қоғамдық құрылысы тез қарқынмен феодализмге өтті.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет