№2 зертханалық жұмыс
«Активаторлар мен ингибиторлардың ферменттік реакцияның жылдамдығына әсерін зерттеу» зертханалық жұмысы
Өте төмен концентрацияда ферменттердің белсенділігін арттыратын (активаторлар) немесе, керісінше, оны төмендететін заттар бар (ингибиторлар). Мысалы, асқазан сөліндегі пепсиногеннің активаторы (пепсиннің ізашары) – тұз қышқылы, сол тұз қышқылы сілекей амилазасының ингибиторы болып саналады.
Активаторлар мен ингибиторлар белсенді орталықта немесе одан алыс орналасқан фермент молекуласының аллостериялық орталығында әрекет ете алады.
Ферменттердің белсенділігін арттыратын заттар қатарына металл катиондары немесе аниондар және басқа да заттар жатады. Көбінесе ферменттердіңактиваторы ретінде Ca2+, Mg2+ , K+ және Na+ катиондары, Cl- аниондары қызмет атқара алады. Активаторлар фермент-субстрат кешенін түзуге немесе оны тұрақтандыруға көмектеседі.
Ферментативті реакцияның барысын тежейтін ингибиторлар арнайы емес (денатурациялайтын реактивтер – ауыр металдардың тұздары, қышқыл, сілтілер, барлық ферментті белсенді етпейтін) және арнайы болып бөлінеді. Соңғылары тек белгілі бір ферменттерге әсер ететін қайтымсыз және қайтымды болып бөлінеді. Қайтымсыз реакция кезінде ферменттің белсенді орталығын немесе бүкіл молекуласын өзгертеді және олар жойылғаннан кейін белсенділігі қалпына келмейді. Қайтымды рекция кезінде фермент жұмысын уақытша тежейді, сондықтан ферменттердің белсенділігі қалпына келеді. Қайтымды ингибиторлар бәсекелес және бәсекелес емес болып бөлінеді.
Зертханалық жұмыста фермент ингибиторларының әсерін зерделеу үшін келесі тәжірибелерді жүргізу ұсынылады:
1. CuSO4 мыс тұзының ингибиторын қолданып, тәжірибе жасау.
2. Бақылау эксперименті (CuSO4 мыс тұз ингибиторынсыз).