Активити. Білімді жүйелеу жолдарын ұсыну. Тақтаға жазбалар жазылады. Бөлімнің материалын жүйелеудің таңдалған әдісі бойынша үштікке бөлу жүзеге асырылады.) Топтық жұмыс. Тапсырмалар
9.2.4.1 – дененің тепе-теңдігін сипаттау кезінде күштің векторлық қосындысының графикалық берілуін пайдалану;
9.2.4.2 – денеге салынған жұп күштің дененің айналу осі маңайында денені айналдыруға ұмтылатындығын түсіну;
9.2.4.3 - күш моментін мен айналу моментін анықтау және оларды есептерді шығару кезінде пайдалану;
9.2.4.4 - дененің тепе-теңдік шартын есептер шығаруда қолдану;
Активити. Білімді жүйелеу жолдарын ұсыну.
(1. Тақтаға жазбалар жазылады.
2. Бөлімнің материалын жүйелеудің таңдалған әдісі бойынша үштікке бөлу жүзеге асырылады.)
Топтық жұмыс. Тапсырмалар 1. Таңдалған әдіс бойынша «Статика – моменттер» бөлімі бойынша білімдерін жүйелеу.
2. Жұмысты басқа топтарға ұсыну.
Бір-бірін бағалау: топтар жақсарту бойынша ұсыныстар жасайды.
Топ жұмысын бағалау критерийлері: 1. Материалдың өзара байланысының логикасы.
2. Ақпараттың сенімділігі.
3. Жұмысты көрсете білу
Есептер шығару 1. Төмендегі суретте көрсетілгендей дөңгелек денеге күштер әсер етеді.
(а) (і) Қос күштерді көрсетіңіздер.[1]
(іі) Қос күштерге анықтама беріңіз.[1]
(b) (і) Егер дөңгелектің радиусы 15 см.
Қос күштердің айналмалы моментін анықтау формуласын жазыңыз.[1]
(ii) Доңғалақ осі центрде бекітілген деп есептесек, доңғалақты айналдыру үшін 867 Н күш қолданылса, күш моменті қандай болады? [1]
(iii) Дөңгелек күштердің мәнін өзгертпей айналмауы үшін не істеу керек? [1]
2. Салмағы 2.0 Н болатын біртекті метрлік сызғыш 60 см белгіде тірекке орнатылған. Сызғыштың бір ұшына асылған 4.0 Н салмақ оның айналуына себепші болады.
(і) 4.0 Н жүк үшін күш моментін табыңыз. [1]
(іі) Сызғыш салмағы үшін күш моментін табыңыз. [1]
(ііі) Сызғыш горизонталь күйде тепе-теңдікте болуы үшін қажет күш моментін табыңыз. [2]
3. Жеңіл атлетика спортшысы жіптерде асылып тұрып тепе-теңдікті сақтайды. Әр арқанның керілу күші 410 Н. Әр арқан мен көлденең арасындағы бұрыш 65° құрайды. Спортшының салмағын есептеңіз.
Жұптық жұмыс 4. Гайканы тарту үшін гайканы бұрайтын кілт (гаечный ключ) суретте көрсетілгендей қолданылады.
Гайка центрінен 0.25 м қашықтықта гайканы бұрайтын кілтке тік бұрышпен F күші әсер етеді. Гайка толық тартылған кезде 200 Н күш әсер етеді.
(і) Күш моментіне анықтама беріңіз. [1]
(іі) Күш моментін қалай ұлғайтуға болады? [2]
(ііі) Гайканы әрі қарай тартуға кедергі жасайтын, сағат тілшесіне қарсы бағытталған күш моментін анықтаңыз. [2]
5. Дененің тепе-теңдік күйде екенін дәлелдеудің қандай жолдары бар?
6.(а) Суретте келтірілген жағдай үшін жүйе тепе-теңдікте болуының екі мысалын келтіріңіз.
(b) Суретте бояушы тақтайшасы екі А және В нүктелерінен тіреліп тұр. Тақтайша біртекті және оның салмағы 80 Н ал ұзындығы 2.00 м. Бояушының салмағы 650 Н және ол бір ұшынан 0.55 м қашықтықта тұр.
(і) Тірек нүктесі ретінде тек А нүктесін алғанда, тепе-теңдікте болу үшін В нүктесіндегі түсірілетін күш шамамен 540 Н болатынын дәлелдеңіз.
(іі) А нүктесіне түсірілетін күштің есептеңіз.
(ііі) бояушы А нүктесіне қарай қозғалса не болады?
Жеке есептерді шығару.
7. Массасы 2 кг және ұзындығы 1 м болатын штанганың ұштарына 30н және 50Н күштер қолданылады. Тепе-теңдікте болу үшін айналу осін қай жерде орнату керек.
8. Иіндікті иіндіктің оң иығына 6 санына жақын нүктеге іліп тепе-теңдікке келтіру үшін жүктің қандай массасын алу керек?