ал тұнбаның үстінде сарысу деп аталатын мөлдір сарғыш түсті сұйықтық пайда болады. Сондықтан қан сарысуы құрамында фибриногені жоқ плазма деп те аталады.
Қан сарысуының белоктар фракциялары, оларды анықтаудың диагностикалық маңызы. Электрофореграммалардың түрлері
Егер барлық қан сарысуының белоктарын 100% деп есептесек, оның ішінде альбуминдер 60%, ал глобулиндер - 40% болады.
Альбуминдер мен глобулиндер теріс зарядталған, бірақ бұл белоктардың заряд мөлшері мен молекулалық массасы әртүрлі болғандықтан , оларды электрофорез әдісімен өте жеңіл жеке фракцияларға бөліп алуға болады.