Қала құрылысы кадастрында стратегиялық жоспарларды іске асыру кезінде геоақпараттық жүйелерді қолдану



бет1/3
Дата05.06.2023
өлшемі24,21 Kb.
#98722
түріДоклад
  1   2   3

ДОКЛАД
Тақырыбы: Қала құрылысы кадастрында стратегиялық жоспарларды іске асыру кезінде геоақпараттық жүйелерді қолдану

Дипломдық жұмыстың мақсаты қала құрылысы кадастрында стратегиялық жоспарларды іске асыру кезінде геоақпараттық жүйелерді қолдану мүмкіндігін, құрылыс барысындағы бақылау және басқару жүйесі ретінде қолдану әдістерін талдау және көрсету болып табылады.
Жұмыстың өзектілігі қарқынды даму процесіндегі қала құрылысын бақылау және оның жоспарын жасау жұмыстарын автоматтандыруға, мәліметтерді бірыңғай жүйеге жинауға және өндеуге негізделген.
Мемлекеттік қала құрылысы кадастры аймақтар мен аумақтардың, құрылыс нысандары мен ғимараттардың, көгалдандыру аймақтарының жағдайын, және олардың келешектегі көрінісін жоспарлауды қамтамасыз етеді. Бұл тек қала құрылысын жоспарлауды ғана емес сонымен қатар бірнеше сала бойынша (экологиялық, геологиялық, инженерлік, гидрогологиялық ) қамсыздандыру шараларын жүзеге асырады.
Қала құрылысы кадастры жер мен жылжымайтын мүліктерге қатысты заңдық тәртіптерді орнатып, оларды жүргізу заңдылықтарын бақылай отырып, аумақ пен қалаларды жоспарлауда стандартқа сай жобаны іске асыруда қолданады.
Қала құрылысында қарастырылып отырған жағдай үшін кеңістіктік ақпараттарды тиімді пайдалану, оларды карталарда ұсыну мен негізгі талдау жүргізуді ГАЖ-де онлайн қызметтер арқылы да іске асыруға болады.
Геоақпараттық жүйе (ГАЖ) бұл табиғи және әлеуметтік - экономикалық географиялық жүйелерді, олардың құрылымын, кеңістік пен уақыттағы байланысын, геоақпараттық мәліметтер базасы негізінде компьютерлік белгілеуді қамтитын жүйелік құрылым. ГАЖ технологиялары информатиканы және географиялық ақпаратты біріктіріп, гео-деректерді жинау, талдау, сақтау, өңдеу және визуализациялауды жүзеге асырады [1].
ГАЖ ақпаратты интеграциялау құралы ретінде.
ГАЖ технологияны біріктіру құралы ретінде.
ГАЖ теориялық салаларды біріктіру құралы ретінде.
Басқа тұрғыдан алғанда, ГАЖ бес негізгі элементтен тұрады:
1. деректер; 2.талдау; 3.визуализация;
4. технология; 5. ұйымдастыру жүйелерінен тұрады.
Мәліметтер базасы бұл ГАЖ-дың негізгі құрамдас бөлігі, бұл картографиялық обьектілердің пішіні мен орналасу жағдайын анықтайтын картографиялық мәліметтер, объектілердің сандық және сапалық сипаттамаларын, сонымен қатар аумақтың сипаттамасы, далалық жұмыстардың нәтижесін көрсететін атрибутты мәліметтер базасынан тұрады. Мәліметтер базасы векторлық және растрлық форматтан тұрады. Сондай-ақ, ГАЖ-да мәліметтер базасын іздейтін, талдайтын, сұрыптайтын, сараптайтын, түзейтін, жоятын мәліметтер базасын басқару жүйесі бар [3].
Енгізу жүйесі бұл кеңістіктік мәліметтерді сандық формаға айналдыратын құрылғылар (сканерлер, электрондық геодезиялық құрылғылар) және сол мәліметтер базасын компьютер жадына енгізу жүйелері.
Шығару жүйесі бұл өңделген мәліметтердің нәтижесін тұтынушыға ыңғайлы формада (карта, график, кестелер) шығару жүйесі. Шығару жүйесі шешетін мәселелеріне қарай әртүрлі болуы мүмкін: монитор, принтер және т.б.

ГАЖ классификациялары





Аумақтық
қамту бойынша ГАЖ

Модельдеу пәніне
сәйкес ГАЖ

Функционалдылығы бойынша ГАЖ

  • ғаламдық;

  • континенттік;

  • ұлттық;

  • аймақтық;

  • субаймақтық;

  • жергілікті.

  • қалалық;

  • қоршаған ортаны қорғау;

  • жер;

  • геологиялық.




  • әмбебап (аспаптық);

  • арнайы;

  • GIS көрушілері.




Географиялық ақпараттық жүйелер мәліметтердің 4 түрін пайдаланады:



  1. кеңістіктік мәліметтер: кеңістік деректері туралы ақпаратты объектілердің кеңістіктегі орналасуы және олардың геометриясын сипаттайды.

  2. атрибут деректері: кеңістік объектілерінің қасиеттерін сапалық және сандық сипаттамасын қамтиды.

  3. символдық кітапханалар:стандартты шартты белгілердің және таңбалардың қабылданған жиынтықтарын қамтиды

  4. метадеректер әдетте: деректердің өзі туралы ақпарат, яғни деректер көздері, деректерді алу, деректерді алған нақты орындаушылар және т.б қамтиды





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет