Қалас жамалов әлемдік өркениет іздері: ежелгі шығЫС


(қазіргі Ирандағы Чога-Зембиль. ХІІІ ғ



Pdf көрінісі
бет74/113
Дата01.12.2022
өлшемі36,74 Mb.
#54227
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   113
(қазіргі Ирандағы Чога-Зембиль. ХІІІ ғ. [93]


214
ЕЖЕЛГІ МИДИЯ
Ассирия мемлекетімен шекаралас, үнемі олардың қысымын 
сезінген мидиялықтар б.д.д. VІІІ ғасырда Мидия патшалығын 
құрған. 
Ассирия деректерінде мидия тайпаларының Солтүстік-Батыс 
Иранға, яғни Элам жеріне б.д.д. І мыңжылдық басында келіп орналаса 
бастағаны көрсетіледі. Аймақта егін шаруашылығымен айналысқан 
кассит, кутий, хуррит және басқа үндіеуропалық тілдерінде сөйлеген 
отырықшы тайпалар өмір сүрген. 
Ассирия мемлекетімен шекаралас, үнемі олардан қысым көрген 
мидиялықтар б.д.д. VІІІ ғасырда бір орталыққа бағынған мемлекет 
құру мүмкіндігіне ие болған. Тікелей айтқанда, Мидия мемлекетінің 
пайда болуы арнайы әдебиеттерде б.д.д. 672 жыл деп көрсетіледі. 
Б.д.д. 672 жылы мидиялықтардың басын қосуға қол жеткізген Кашта-
рити ассириялықтар қысымына қарсы көтеріліске шығады. Б.д.д. 671 
жылы ассириялықтарды елдің батыс аймағынан қуып, тәуелсіздікке 
қол жеткізеді. 
Б.д.д. 625 жылы Мидия патшасы Киаксар шет ел 
басқыншыларына тойтарыс беріп, бір орталыққа бағынған мемле-
кет құрады, оның астанасы Экбатан қаласы болады. Ол бұрынғы 
тайпалық қағидаларға сүйенген ха- 
лық жасағын қайта құрып, тұрақты 
күшті армия жасақтайды, оны әскери 
құрамаларға (найзашылар, садақшылар, 
атты әскерлер) бөледі. Өзінің бар күшін 
ежелгі жауы Ассирияға қарсы бұрып, 
Вавилонмен одақтасады. Б.д.д. 612 жылы 
Ассирия астанасы Ниневияны жермен-
жексен қылып, жойып жібереді. Мол 
олжаға кенелген мидиялықтар соғысты 
аяқтауды вавилондықтарға қалдырып, 
еліне оралады. 
«Қосөзеннің жоғарғы жағына ор- 
наласқан Харран қаласына келіп бе- 
кінген ассириялықтарға Мысыр көмек- 
ке айтарлықтай әскери күш жібереді. 
Суретте: Мидия 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет