Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет95/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   596
Суицидтің төрт түрі
Дюркгеймнің суицид жайлы теориясы суицидтің түрлері мен оның екі негіз-
гі әлеуметтік фактісі – интеграциясы мен реттеуі арасындағы қатынастарды 
қарас тыратын болса, түсініктірек көрінеді (Роре, 1976). Интеграция біздің қо-
ғамға деген байланыстың күшіне тікелей қатысты. Ал реттеу адамдарға сырттан 
қойылатын шектеу дәрежесіне байланысты. Дюркгейм үшін екі әлеуметтік ба-
ғыт үздіксіз айнымалылар болып табылады және осы бағыттардың біреуі тым 
төмен немесе тым жоғары болғанда, суицид коэффициенті көтеріледі. Демек, 
суицидтің төрт түрі бар (3.2-кестені қараңыз). Егер интеграция жоғары бол-
са, Дюркгейм оны «альтруистік суицид» түрі деп атайды. Төмен интеграция
эгоистік суицидтердің өсуіне әкеледі. Фаталистік суицид жоғары реттеумен 
байланысты және аномиялық суицид төмен реттеумен байланыста болады.


103
3-тарау

Эмиль Дюркгейм
Эгоистік суицид. Эгоистік суицидтердің жоғары қарқыны (Berk, 2006) адам-
дар жеке қоғамның үлкен әлеуметтік бірліктеріне сәтсіз интеграцияланған 
қоғамдарда немесе топтарда кездеседі. Интеграцияның бұл кемшілігі адам 
қоғамның бөлігі емес екенін сезінуіне әкеледі, дегенмен бұл қоғам адамның 
бөлігі емес екенін де білдіреді. Дюркгейм адамзаттың ең жақсы қасиеттері – 
моральдық ұстанымдарымыз, құндылықтарымыз және мақсатымыз туралы 
ой-пікірлеріміздің барлығы біздің бойымызға қоғамнан сіңіп, даритынына 
сенді. Интеграцияланған қоғам бізді осы құндылықтармен қамтамасыз етіп, 
күнделікті кездесіп отыратын кішігірім кемсітушіліктер мен елеусіз түңілу-
лерді жеңуге қажет моральдық қолдаудың жалпы сезімін қамтамасыз етеді. 
Онсыз біз қоғамдағы елеусіз ауытқулар кезінде суицидтік әрекетке баруға 
дайынбыз.
Әлеуметтік интеграцияның жетіспеушілігі ерекше әлеуметтік бағыттарды 
тудырады, бұл ағымдар суицидтің әртүрлі деңгейіне себеп болады. Мысалы, 
Дюркгейм қоғамдық құлдырау кейін «депрессия мен уайымдарға алып келеті-
нін» айтады (1897) 1951:214). Саясат шарасыздық сезімін тудырады, ал мораль 
жеке таңдау ретінде қарастырылады. Сондай-ақ танымал болған философия-
лық көзқарастар өмірдің мағынасыздығына назар аудартады. Керісінше, жоға-
ры интеграцияланған топтар суицидтік әрекетті қолдамайды. Біртұтас қоғам 
қалыптастыратын жалпылай қорғаныс пен тұрақты әлеуметтік бағыттар адам-
дарға өмірдің терең мағынасын түсіндіру арқылы эгоистік суицидтің таралуы-
на жол бермейді. Дюркгейм діни топтарға қатысты мынадай амал ұсынған:
«Дін адамды өзін-өзі жоюға деген ұмтылысынан қорғайды... Дін – бұл 
адал, дәстүрлі және міндетті түрде жалпыға ортақ белгілі бір сенімдер 
мен тәжірибенің болуы. Бұл ұжымдық ұғымдардың саны не ғұрлым көп 
әрі қуатты болған сайын, діни қауымдастықтың интеграциясы соғұрлым 
жоғары және оның қорғаныс құндылығы да арта түседі».
(Durkheim, [1897] 1951:170)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет