Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет97/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   596
Альтруистік суицид. Дюркгейм талқылаған суицидтің екінші түрі – альтруис-
тік суицид. Әлеуметтік интеграция өте әлсіз болған жағдайда эгоистік суицид 
орын алса, альтруистік суицид «әлеуметтік интеграция тым күшті» болған 
жағдайда туындайды (Durkhem, [1897] 1951:217). Индивид суицидке баруға 
мәжбүр болады.
Альтруистік суицидтің бір мысалы – 978 жылы Джонстоундағы Гайана қа-
ласында Джим Джонс ізбасарларының жаппай өздерін өлтіруі. Олар улан ған 
сусынды әдейілеп алып, кейбіреулері балаларына да осы сусынды ішкізген. 
Джонстың фанат ізбасарлары бұл қауымдастыққа тәуелді болғаны соншалық – 
осындай әрекетке баруға бел буған. Осын дай себеппен 2001 жылғы 11 қыркү-
йекте Америка Құрама Штаттарында және 2014 жылғы 13 қарашада Парижде 
болған террорлық шабуылдардағыдай, шейіт болуға ұмтыла тындардың әреке-
тін де Дюркгеймнің тұжырымдамасы бойынша түсіндіруге болады (Durkheim, 
[1897] 1951:225). Тұтастай алғанда, альтруистік суицидке баратындар бұл әре-
кетті өздерінің міндеті деп сезінеді. Дюркгейм бұл әсіресе интеграция дәрежесі 
жоғары әскери салада болуы мүмкін құбылыс екенін айтады, индивид өз кесірі-
нен бүкіл топты сәтсіздікке ұшыратып, жолдастары алдында жауапкершілігін 
ақтай алмай өкінгенде, осын дай әрекетке баруы ғажап емес.
Эгоистік суицидтің жоғары қарқыны «діңкелеп шаршаудан және қайғы-
лы депрессиядан» басталса, альтруистік суицидтің ықтималдығы «үмітті ақ- 
тауға, бұл өмірден тыс керемет болашаққа деген сенімдерге» қатысты 
(Durkheim, [1897] 1951:225). Интеграция деңгейі төмен болған жағдайда ин-
дивидтер өздерін қоғамға пайдасыз сезініп, өз-өзіне қол жұмсайды. Ал егер ин-
теграция жоғары болса, олар өз қабілеттерін одан да маңызды нәрсеге жұмсауға 
дайын.
Аномиялық суицид. Дюркгейм қарастыратын негізгі үшінші суицидтің 
түрі – аномиялық суицид – қоғамның реттеуші күштері бұзылған жағдайда пай-
да болады. Мұндай жағдайда адамдарда қанағаттанбаушылық сезімі тууы мүм-
кін. Себебі олардың толық бостандықта шексіз өрістей беретін құмарлықтары 
бақылаусыз болады. Аномиялық суицидтің көрсеткіштері қоғамдағы ауытқу 
сипаты оң (мысалы, экономикалық өсу) немесе теріс (экономикалық құлды-
рау) болған жағдайлар бірдей болуы мүмкін. Кез келген ауытқулар барысында 
ұжым өз өкілеттігін жеке тұлғаларға қолдануға уақытша қауқарсыз болады.
Өзгерістер адамдарды ескі нормалардың енді қолданылмайтын, бірақ жаңа 
нор малар әлі әзірленбеген жаңа жағдайға әкеледі. Аномия – насихаттық пен 
нормадан тыс көңіл күй толқынын бұзатын кезең ағымы және бұл ағымдар 
аномиялық суицид мөлшерінің артуына алып келеді. Бұл – экономикалық 


105
3-тарау

Эмиль Дюркгейм
депрессия жағдайында болуы тиіс жайт. Дағдарыстан кейін зауыттың жабы-
луы және соның салдарынан реттеуші күштер тарапынан шарасыздық та ны-
тылуы адамдардың жұмыс орнын жоғалтуына әкелуі ықтимал. Осы немесе 
басқа құрылымдардан (мысалы, отбасы, дін және мемлекет) адамның шет-
тетіліп қалуы оны аномиялық құбылыс алдында дәрменсіздікке ұрындыруы
мүмкін. 
Экономикалық өрлеу кезінде мұндай жағдайды елестету қиындау. Бұл жағ-
дайда Дюркгейм тосыннан табысқа жеткен адамдар дәстүрлі құрылымдардан 
алыстайды деп санайды. Соның нәтижесінде адамдар өз жұмысын тоқтатуы, 
жаңа қауымдастыққа көшуі, тіпті жаңа жұп табуы мүмкін. Осы өзгерістердің 
барлығы бұрыннан бергі құрылымдардың реттеуші әсерін бұзады және эко но-
микалық өсу кезеңінде аномиялық қоғамдық бағыттарға қарсы тұруда адамды 
қиындықпен бетпе-бет жеке қалдырады. Осындай жағдайда адамдардың әре-
кеті басқаруға келмей қалады, тіпті олардың армандары да шектелмейді. Эко-
номикалық өсу кезеңінде адамдар өздерін жарқын болашақ күтіп тұрғандай 
сезініп, кейін «күткен армандармен салыстырғанда шындық түкке тұрғысыз, 
мәнсіз нәрсе болып көрінеді» (Durkheim, [1897] 1951:256).
Әлеуметтік өмір мемлекеттік реттеуден босатылған кезеңдерде аномиялық 
суицидтің өсуі Дюркгеймнің индивидтердің сыртқы шектеуден толық боса ты-
лып, жеке құмарлыққа берілудің зиянды әсері туралы көзқарасына сәйкес ке-
леді. Осылайша, реттеуден босатылған адамдар өз құмарлығының құлы болып
нәтижесінде, Дюркгеймнің пікірі бойынша, көптеген жойқын әре кеттерге, тіпті 
өздерін өлтіруге дейін барады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет