Алғашқы ғарышкерлер Тұңғыш қазақ ғарышкері



Дата21.04.2023
өлшемі14,17 Kb.
#85494

5-сынып
Алғашқы ғарышкерлер
Тұңғыш қазақ ғарышкері
Ғарыш – тылсым сырға толы ғажайып кеңістік. Оны бағындыру кез келген жанның қолынан келмейтін қиын іс екендігі баршаға мәлім. Еліміз егемендік алғаннан кейінгі алғашқы жеткен жетістігінің бірі – тұңғыш ғарышкеріміз, Тоқтар Әубәкіровтің аспан әлеміне жасаған сәтті сапары. Бұл халқымыздың тарих бетінде алтын әріппен жазылып қалатын айтулы оқиға болды.
1991 жылы Тоқтар Әубәкіров «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ғарышқа аттанып, 8 тәулікке жуық уақыт аралығында ғарыштан Жерді бақылап, еліміздің биотехнология, медицина, металлургия және т.б ғылым салаларына қатысты құнды зерттеу жаңалықтарын әкелді. Тартылып кеткен Арал теңізіндегі экологиялық сипаттағы тұзды шаң борамасының пайда болып, қазақ жеріне және көрші мемлекеттерге таралу жағдайына қатысты зерттеу жүргізіліп, ғарыштағы фотосуреттерін елімізге жеткізді. Оның аспан әлеміндегі түрлі зерттеулері, әкелген жаңалықтары еліміздегі ғылым салаларының дамуына зор пайдасын тигізді. Қазақ елінің басқа мемлекеттермен терезесін теңестіріп, дамыған мемлекеттер қатарына қосылуға жасаған алғашқы қадамдарының бірі болды.
Қорыта айтқанда, Тоқтар Әубәкіровтің еліміздің даңқын асқақтатқан ерлік ісін әрбір жас ұрпақ есте сақтап, мақтат тұтуы тиіс! Болашақта тұңғыш ғарышкеріміздің жолын жалғастырып, ғарыш әлемінің ашылмаған тылсым сырларын танытатын тұлғалар көбейеді деген үміттемін!
6-сынып
Қазіргі заманауи технологиялар
«Қазіргі заманда цифрлы технологиялардың қоғам үшін маңызы жоғары» деген пікірмен келісесіз бе?
21-ғасыр – ақпараттық кеңістік дәуірі. Жаһандану ғасырында әрбір тұлға өзіне қажетті ақпаратты еркін түрде жинақтап, тасымалдай алуы қажет деп ойлаймын. Жүздеген, мыңдаған жылдар бойы ғалымдар ғылым жолында үздіксіз еңбек етіп, заманауи технологиядағы айтулы жетістіктерге қол жеткізді. Жаңа заманның саналы өкілдері ретінде, жеткен жетістіктерді өз пайдамызға тиімді жаратып, оны одан әрі дамытуға үлес қосуымыз қажет.» Қазіргі дамыған заманда цифрлы технологияларды пайдаланудың маңызы жоғары» деген пікірмен толықтай келісемін.
Қазіргі таңда әлемге белгілі нанотехнология, робот-құрылғылар, түрлі ақпараттық-коммуникациялық жүйелер: атап айтқанда, ғаламтор, әлеуметтік желілер т.б цифрлық технологиялардың қоғам үшін маңызы зор. Олардың адамға берер мүмкіндіктері сан алуан. Елімізде бүгінгі күні білім беру, медицина, халыққа қызмет көрсету орталықтары және т.б салаларда цифрлық технологияларды қолдану басымдық беріп отыр. Сол арқылы мобильді банкинг, онлайн түрде ақпарат алу, кезекке тұру, көмек алу, түрлі емтихандар тапсыру халыққа тиімді болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет