Мен, Оңтүстік Қазақстан Университеті «Жаратылыстану ғылымдары мен педогогикасы» ЕП-19-2к тобының студенті Абдукадирова Айзада Абдумухтаровна, 24.01-18.02.2022ж. аралығында оқу-тәрбиелік педагогикалық практиканы М.Әуезов атындағы №1 мектеп-гимназиясында өткіздім .
Мені тәжірибелі физика мұғалімі Құлманова Ғалия және білікті 10 «А» сынып жетекшісі Умарова Гүлжахан апайға бекітті. Практиканың алғашқы күні мектеп – гимназияның директоры Оспанова Д.Б., директордың оқу – ісі жөніндегі орынбасары Бимуратова А. жане практикаға жауапты мұғалімдермен таныстым. Сынып жетекші Умарова Гүлжахан апай студенттермен әңгіме жүргізіп, мектептің білім беру мазмұнымен таныстырды.
Алғашқы күні, бірінші сабақта 10А сыныбы «Тілге құрмет-елге құрмет» тақырыбында тәрбие сағатын өтіп жатыр екен, соған қатыстым.Бірінші аптада мен сабақтарға тек қатысып жүрдім, ал қалған үш апта бойы 8-інші сыныптарға сабақ өттім. Алғашқы аптадағы бізде өтілген тақырып «Электр тізбегі және оның құрамдас бөлігі» болды.Шыны керек бұл 4 апта ішінде үйреніп білгенім өте көп болды. Мысалы, қазіргі білім бағдарламасына сай мұғалімдер өтетін сабағына ҚМЖ дайындайды, міне осыны жетік меңгердім.Сондай ақ, kundelik.kz бағдарламасында қалай жұмыс жасау керектігін үйрендім. Практика кезінде 8-ші сыныптың сабақтарына қатысып. Бір апта бойы оқушылармен бірге сабақтарға қатысу барысында олармен жақынырақ таныса түстім. Олармен үзіліс кезінде әңгімелесіп, жақын таныса түсуге тырыстым және олармен өзім де үйренісе бастадым.
Оқу-тәрбие педогогикалық практика кезінде мен 10-«А» сыныбының сынып жетекшісі болып бекітілдім. Умарова Гүлжахан апай мектептегі практика жетекшім болып бекітілді. 10-«А» сыныппен тиянақты түрде жұмыс істеуге тырыстым. Өз қабілетімді барынша пайдалануға тырыстым. Өзімнің бойымдағы мұғалімдік мамандыққа деген тұрақты қызығушылығым мен сүйіспеншілік сезімдерімді практика кезінде барынша дамытуға тырыстым. 10-«А» сыныбының оқу-тәрбие жұмысымен таныстым. Болашақ педагог ретінде оқу-тәрбие мекемесінің материалдық-техникалық базасымен, педагогикалық ұжыммен және де мұғалімдердің міндеттері, құқықтарымен таныстым. Сонымен қатар, оқушылардың міндеттері және құқықтарымен толық танысып шықтым. Өткен тақырыптарыма байланысты көрнекілік құралдарын дайындап және де оқушылардың дене және психикалық даму деңгейін ескере отырып, мұғалімдік жұмыстың ең нәтижелі формаларын және де әдістерін ұғынуға ұмтылдым. Оқушының даму деңгейіне диагностика жасаумен де айналыстым.Оқушылардың күнделіктерін, дәптерлерін тексеріп, кемшіліктерін айтып, олардың дұрысталуына ат салыстым.
Екінші аптада мен өзім сабақ өткізе бастадым. Сабағымның тақырыбы «Тізбек бөлігі үшін Ом заңы» болды.Сабақтың барысына келетін болсақ, бірінші үй тапсырмасын сұраудан бастадым, сосын жаңа тақырыпты оқушыларға түсіндіріп, артынан тақырыпқа арналған есептер шығардық. Ал, бұл аптада біз, яғни 31.01 күні 10А сыныбымен, «Мәдениет-адам дамуының қайнар көзі» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткіздік. Бұл жолы оқкшылардың белсенділігі өте жоғары деңгейде болды, осы жағдай мені қуантты.Осы аптада 8б сыныбымен физика сабағынан «Тізбек бөлігі үшін Ом заңы» тақырыбында ашық сабақты да өттім.Сабағыма бірнеше мұғалім қатысып, өздерінің оң пікірлерімен бөлісті.Пән мұғалімі Ғалия апайда өте жақсы деген бағасын берді..Екінші аптада студент практиканттардың сабағына қатысып көрдім. Практиканттардың өз-өзін қалай ұстауын оқушылармен тіл табысуын, оқу әдістемелік құралдарын біліп қайттым, және де сабақты талқылауға қатыстым.Сабақтардың тізімін алып,кабинеттерді біліп,сабаққа дайындалдым.Сабақтарға қатыстым.Физика мұғалімдердің сабағына қатысып,сабақ өту барысында қандай әдістерді қолданатынын көрдім.Оқушылармен қалай тіл табысу керек екенін ұқтым.
Оқу-тәрбие педогогикалық практика барысында жаңа әдіс тәсілдермен таныстым, игердім, жетілдірдім, қолдандым.Сабақ барысында сыныптар бөлімдер,тараулар бойынша негізгі мақсатты нақтыладым.Оқушылардың білім деңгейін бақыладым, тексеру туралы әр түрлі тапсырмалар дайындадым. Мысалы айтатын болсақ тест,ауызша,жазбаша сұрақтар.Сабақ өту барысында университеттен өткен теориялық білімдерді ғылыми негізде тереңдеттім. Оны практика барысында оқушылармен жүргізілген оқу-тәрбие үрдісіне пайдаландым.Оқушылардың танымдық қызметін арттыруды қолға алдым.Сабақтың әртүрлі типтерін, әртүрлі әдіс тәсілдерін өткізуге даярладым. Жеке оқушылармен, оқушылар ұжымымен жұмыс жүргізіп және сынып жетекшісінің қызметін атқаруды үйрендім.
Үшінші аптаның бірінші сабағында өзімнің сыныбыммен «АКТ құрылғысы бізге не береді?» тақырыбында тәрбие сағатын өттім.Бұл жолы оқушылардың сабаққа қатысуын бақылап, зерттеу жұмыстарын жасап көрдім. Тәрбие сағатты интерактивті тақта арқылы, видеоролик және слайдтарды қосып өткіздім. Жұмыстың барлық түрлерін педагогикалық практика бағдарламасы көлеміндегі әрбір сабаққа сыныптан тыс жұмыстарға жан жақты даярлықпен келіп, өзімнің еңбек сүйгіштілігіммен жұмысқа деген қабілетіммен үлгі бола алдым деп ойлаймын.Озық тәжірбие үйрену мақсатында мектеп мұғалімдерінің сабағына қатыстым.
Оқу-тәрбие педогогикалық практиканың соңғы аптасында 14нші ақпан күні 10А сыныбымен «Таза болса табиғат...» тақырыбында тәрбие сағатын және де15нші ақпан күні 8а сыныбымен «Электр тогының жұмысы мен қуаты» тақырыбында ашық сабағын өткіздім.Практика барысында,физика пәнінің мұғалімі Құлманова Ғалия апайдың сабағына қатыстып,көптеген сабақ өту әдістерді үйрендім.Содан соң 10«А»-сыныбына сыныптан тыс жұмыс өткіздім,мәтінмен жұмыс,түсіндіру идеаларды таныстыру,диалогтарғы қатысу,мәтінмен жұмыс,нұсқаулықтар құрдым,мұқият таңдап алынған тапсырмалар мен іс әрекет түрлері арқылы оқушыларды ынталандыра және дамыта оқыттым.Оқушылардың өзіндік іс-әрекетін ұйымдастырдым,жеке,топтық жұмыс бірін-бірі оқыту,түрлі дерек көздерінен ақпарат іздеуді талап ететін тапсырмалар,тапсырманы орындау барысында талдау жасау. Оқушыларды өз жұмысын талдауға және түзетуге ынталандырдым.Практика кезінде оқушылардың жұмыстары байқалған жақсы жақтары көп болды.Өздеріне сенімді,еркін ұстайтын,жауапкершіліктері сезілді.Сабақты түрлендіріп өткіздім.Бұл 4 апта ішінде мен 8 сыныптарға 4 зертханалық жұмысын өтіппін.
Сабақ барысында жаңа әдіс тәсілдермен таныстым, игердім, жетілдірдім, қолдандым.Сабақ барысында сыныптар бөлімдер , тараулар бойынша негізгі мақсатты нақтыладым.Оқушылардың білім деңгейін бақыладым,тексеру туралы әр түрлі тапсырмалар дайындадым.Мысалы айтатын болсақ тест,ауызша,жазбаша сұрақтар.Сабақ өту барысында университеттен өткен теориялық білімдерді ғылыми негізде тереңдеттім.Оны практика барысында оқушылармен жүргізілген оқу-тәрбие үрдісіне пайдаландым.Сабақта көбінесе коммуникативтік және тілдік әдістерді көп қолдандым.Соңғы әдіске келсек,грамматикалық дағдыларды қалыптастыру үшін ғана қолдандым.Балаларды бағалауды атап өту маңызды.Негізінен өзімді бағаладым,балаларды мақтадым.Бұл олардың өзін-өзі бағалауына ықпал етеді.
Қорытынды:
24.01 мен 18.02.2022 ж,аралығында М.Әуезов атындағы №1 мектеп – гимназиясында педагогикалық практика барысында орындалған іс – шаралар:
1. Жоғары білікті физика пәні мұғалімі Құлманова Ғ.. «Жаңартылған білім беру бағдарламасының мазмұнымен» таныстырды .
2.Жалпы 4 апта ішінде физика сабағынан 11 сағат өттім.
3. «Тізбек бөлігі үшін Ом заңы» тақырыбында 8«б» сыныбына физика пәнінен ашық сабақ өткіздім.(Power Point) слайдтар көмегімен дайындалған презентация,шетел тілдерін оқытудың активті жане интерактивті әдістерін жане тақырыптық бейнеролик қолдандым.
4. 8«А» сыныбымен «Электр тогының жұмысы мен қуаты» тақырыбында ашық сабақ өттім
5. 10«А» сыныбына 4 тәрбие сағатын өткіздім
1) «Тілге құрмет-елге құрмет»
2) «Мәдениет – адам дамуының қайнар көзі»
3) «АКТ құрылғысы бізге не береді?»
4) «Таза болса табиғат...»
Достарыңызбен бөлісу: |