Alikhan Bokeihan University орынлаған: Оралбек Али



Дата19.10.2023
өлшемі6,31 Mb.
#119338

Alikhan Bokeihan University

орынлаған:Оралбек Али


тексерген:Аймханова Гульмир Тақырыбы:Мәдениет интеграциясы мен локализациясы Мәдениет- адамдық әрекеттің белгілі бір саласының жетіу деңгейі (сөйлеу мәдениеті,еңбек мәдениеті, құқық мәдениеті және тағы басқалары) “Мәдениет” сөзі – қазіргі заманғы қоғам танудың тек қана фундаменталды түсінігі ғана емес, ол күнделікті қолданыстағы тілдің, күнделікті тұрмыстың ажырамас бөлігі Мәдениеттуралы айтуанда ол тұрмысты реттейтін жағдайлардың барлығын қамтиды, адамзат тілінің тазалығы, көркемдігі, әдебі мен заңдылыұтары сақталған қоғамға басшылық ету, театрлардың, мұражай мен кітапханалардың болуы,оған бару т.б.Мәдениет интеграциясы Ұлттық мәдениеттер мен құндылықтарды жақындастырудың, мәдени, коммуникациялық, өркениеттік байланыстарды нығайтудың жаhандық процесі, ғылым мен өнердің жетістіктері барысында Әлеуметтік және саяси қызметтің жаңа нысандары қазіргі әлемде тез таралып, игеріліп, оның тұтастығын қалыптастырады.Мәдениет локализациясы Стюарт Холл мәдениеттегі кеңістікті оның теориясының негізгі және сонымен бірге жеке адамның поэзиясын оқшаулау деп санады. Мәдениет мағынамен, оған әлеуметтік жағдайлар қиындығымен және контекстпен берілген мәнмен басқарылатындықтан, ол әрдайым өзгерістерге ашық. Әлем бір нәрсені білдіру керек, ал мағынасы әлекметтік өндіріс, тәжірибе рөлін атқарады. Бірақ бүгінде практиканы символизация тұрғысынан түсінбестен ойлау мүмкін емес. Стюарт Холл мен оның достары жасаған “мәдени зерттеулер” деп аталатын теориялық бағыт – бұл билікті зерттеуден бас тартпайтындай символдық формалар мен мағыналарды зерттеу. Мәдениетті зерттеу практика ретінде де, теориялық пән ретінде де түсініледі. Бұл қоғамдық және мәдени өмірдің белсенді дамып келе жатқан салаларында жүзеге асырылатын жоба сияқты академиялық пән емес.Мифтік рәміздерАғылшын мәдениеттанушысы Э.Б. Тайлор (1832 – 1917) “Алғашқы қауымдық мәдениет” атты еңбегінде Мифтер мен діни нанымдар негізінде анимизм жатады деп жазады. Г.Спенсер (1820 – 1903) Миф – таным құралдары мен мүмкіндігінің шектеулілігінен туындаған құбылыстардың сырын қате түсіну (түсіндіру) деп санады. Дж.Фрезер үшін Миф – магиялық әрекетті ақылға салып, әдеби тіл арқылы пайымдау. Психологиялық мектеп пен оның өкілдері (В.Вунд, Л.Леви-Брюль, З.Фрейд, К.Юнг) Мифтік шығармалар негізінде алғашқы қауым адамының дүниені қабылдау ерекшеліктері жатыр, ол бір нәрседен туындаған сезімдерді, эмоцияларды сол құбылыстың немесе нәрсенің өзіне тән қасиеті ретінде қабылдады деп санайды. 20- ғасырдағы әлеуметтік антропологияда Б.Малиновский (1884 – 1942) мен К.Леви-Строс (1908) теорияларының ықпалы жоғары болды.Діни рәміздерДіни санадағы рәміздің қызмет етуі барысында оның келесі негізгі қасиеттері көрініс табады. Біріншіден, рәміз өзінің қалыпының бейнелілігінің арқасында рәмізделінетін нысанның бейне-көрінісін жасақтайды. Тылсым күшке сенімнің діни сана-сезімнен тұратындығы белгілі, өйткені, осы эмоционалдық механизмдер діни түсініктердің қалыптасуында басты роль атқарады.Көптеген зерттеушілер діни сананы «көрнекілік пен сезімталдықты» бойына сіңірген бейнелі көрініс ретінде сипаттайды. Өйткені діни идеяларды сенушілердің санасына жеткізудің бірденбір жолы эмоциялық қобалжуды тудыру болып табылады. Діни рәміздің бейнелік қалпы маңызды рөл атқарады, себебі оның бейнелік қалпы сенушілердің арасында оның идеясы мен мазмұнына эмоциялық әсерленуді тудырып, діни фантазияларды одан әрі оянуға ынталандырады. Белгілі философ-материалист Л. Фейербах діннің мәні оның бейнелермен берілуінде деп атап өтеді. Шындығында аналогы жоқ, өзіндік бейнесі жоқ, иллюзорлы (бұлдыр, елестетпе) нысанды көрсете отырып, рәміз оған көрініс беріп, сезіне алатындай бейнекөрінісін қалыптастырып, діни нысанның нақты бейнесінің жоқтығын
бүркемелейді.Екіншіден, жоғарыда атап өтілгендей, рәміз құбылыс немесе нысанды белгілеп қана қоймайды, оны белгілі-бір деңгейде сипаттайды, рәмізделетін зат туралы хабарлама береді. Діни рәміз елестетілетін нысанды көрсетеді. Оның бейнесі түрлі түсініктердің, мотивтердің, идеалдардың, құндылықтар мен
идеялардың өзара әрекеттесуінің негізіндегі діни фантазиямен жасақталады. Осындай бейненің қандай да бір ерекшелігін көрсете отырып, рәміз санада болмашы нысанның бейне-көрінісін жасайды, оның нақтылығын көрсеткендей болады.Үшіншіден, діни санада рәміздің оның рәмізделінетін нысанмен күрделі және
көпқырлы арақатынасы сынды танымдық ерекшелігі үлкен маңызға ие. Рәмізге дейінгі қарапайым нышандарға форма мен мазмұнның жартылай тұтастығы тән. Діни рәмізге бұл ерекшеліктер алғашқы қауымдық мифологиядағы рәміздерден жетіп отырӨнердегі рәміздерӨнер — көркем образдар жүйесі арқылы
адамның дүниетанымын, ішкі сезімін, жан дүниесіндегі құбылыстарды бейнелейтін қоғамдық сана мен адам танымының формасы.Өнер өмірде болған оқиғаларды қаз-қалпында алмай, өзгертіп, түрлендіріп, көркем образдарды типтендіру арқылы сомдайтын эстетикалық құбылыс. Оны қоғамдық сананың өзге
формаларынан даралайтын белгісі де адамның шындыққа деген эстетикалық қатынасы болып табылады. Өнердің мақсаты – дүниені, адам өмірін, қоршаған ортаны көркемдік-эстетикалық тұрғыдан игеру. Көркем шығарманың бел ортасында нақты бір тарихи жағдайда алынған жеке адам тағдыры, адамдардың
қоғамдық қатынастары мен қызметтері тұрады. Олар суреткер қиялы арқылы өңделіп, көркем образдар түрінде беріледіОсындай көзқарастарға қанағаттанбай өнертанушылар өнердің бойында таным да, шындықты көре білу де, жасампаздық та, көркем бейне де, рәміз сияқты көптеген мәселелер келісті үйлесімде,
тығыз қарым-қатынаста деген тоқтамға келді. Өнер жеке тұлғаның жан-жақты дамып жетілуіне, оның эмоционалды күйіне, интеллектуалды өсуіне ықпал етіп, адамзаттың қордаланған сан ғасырлық мәдени тәжірибесінен, даналығынан сусындауға мүмкіндік береді. Өнер туындысы адам сезіміне қозғау салумен бірге,
баяндалған оқиғаны басынан өткізгендей тебіреніске, кейіпкердің қуанышына сүйінген, қайғысына күйінген толғанысқа әкеледі, эстетикалық ләззәтқа бөлейді. Ол ерекше көркем образды рәміздер жүйесі арқылы, айрықша көркем тіл ретінде көрініп, адамдардың санасына жол табады. Адамның көркем
шығармашылдық әрекеті сан алуан қалыпта дамып, ол өнердің түрлері, тектері, жанрлары ретінде таратыладыСаясаттағы рәміздерСаяси мәдениет - белгілі бір қоғамға немесе әлеуметтік қауымдастыққа тән саяси сана мен іс-әрекеттердің жиынтығы. Яғни, өкімет пен азаматтардың өзара қатынастарына байланысты
тарихи қалыптасқан саяси нұсқаулар, қазыналар, адамның өзін-өзі ұстауы жөніндегі жарлық, қаулылар жүйесі. Ол қоғамдағы саяси өмірдің барлық салаларын қамтиды. Оған ең алдымен саяси сананың мәдениеті, адамдардың, топтардың, ұлттардың өзін-өзі мәдени ұстай білуі, осы жүйенің шеңберінде жұмыс істейтін
саяси мекемелердің мәдениеті кіреді.Саяси мәдениет құрылымы - ең алдымен қоғамның саяси өмірінің әр түрлі жақтарын бейнелейтін әдеттегі қалыптасқан түсініктер жатады. Ол саяси жүйе мен оның институттары, саяси тәртіп, билік тетіктері мен басқару, т.б. Саяси мәдениеттің келесі құрамдас бөлігіне саяси
қазыналар мен құндылықтар жатады. Ол "еркіндік", "тендік", "әділдік", т.б. сияқты байлықтардың қайсысына басымдық, артықшылық беруден байқалады. Келесі бөлігі - адамдардың мемлекетке, саяси партиялар мен ұйымдарға қатынасы. Саяси мәдениетке саяси бағдар ұстау де кіреді.Ол субъектілердің саяси
құбылыстарға қатынасын білдіреді. Ол саяси білімін көтеру немесе оған мән бермеу, саяси жұмысқа белсене қатынасу немесе қатынаспау және т.б. түрде көрініс табуы мүмкін. Саяси мәдениетте әдет-ғүрып, жүріс-түрыстың да орны зор. Саяси мәдениеттің ерекше белгісіне саяси рәміздер жатады. Әр халық өздерінің
ғасырлар бойғы дәстүрлеріне сай ұлттық-мемлекеттік рәміздерін жасайды. Оған ең алдымен Жалау, Елтаңба, Әнүран, Ата Заң, үлттық валюта және т.б. енеді.Саяси мәдениетке жалпы саяси жүйе мен оның институттарының қызмет етуі кіреді. Ол мемлекеттің, партиялардың және т.б. сайлауды ұйымдастыруын, әр түрлі
деңгейде қабылданған саяси шешімдердің, саяси-әлеуметтік шиеленістерді ұғыну және зерттеудің мәдениеттілігін қамтиды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет