ISSN 2307-1079
Dulaty University Хабаршысы
Вестник Dulaty University
Bulletin of the Dulaty University
2021, №1
78
ҒТАМР 04.11.21
Г.А. Абдиалимова
1
,
Г.Б. Нұрадин
2
(orcid-0000-0003-4067-9831)
1
студент,
2
филос. ғыл. канд, доцент (қауым.проф),
М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Тараз қ., Қазақстан
e-mail:
2
gnuradin@mail.ru
ЭМОЦИОНАЛДЫҚ ИНТЕЛЛЕКТ ЖӘНЕ ОНЫ
ОҚУ ПРОЦЕСІНДЕ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ҚАЖЕТТІЛІГІ
Аннотация.
Ұсынылып отырған мақала социология
пәні аясында жасалған
студенттік зерттеу жұмысын жасау тапсырмасының нәтижесі. Студент тарапынан
таңдалған зерттеу нысаны бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Осы
мәселені зерттеу барысында студент социологияның ең көп таралған әдістерінің бірі
сауалнаманы пайдаланады. Сауалнамаға үш статусты 92
респондент қатысқан және
ол «Google Forms» программасында жасақталған. Зерттеу жұмысының теориясын да
жан-жақты қамтуға тырыстық, осы саланы зерттеп жүрген
отандық және шетелдік
ғалымдар тұжырымдарына жүгіндік. Теорияны жасақтау барысында студентке
Д.Гоулманның
э
моционалды интеллектті
анықтау тесті ұнамды болды, сондықтанда
оны сауалнамаға қостық. Зерттеу барысында адамзаттың ақыл ой көрсеткіші ретінде
жоғары бағалынп келген IQ дің салауатты бәсекелесі
ЕQ дің артықшылықтары
сараланды. Нәтижесінде қазақстандық жастардың әлемдік деңгейдегі салауатты
бәсекелестікке төтеп беруі мақсатында эмоционалды
интеллектті оқу процесіне
ендіру қажеттілігі тұжырымына келдік.