Аллергиялық жағдайлар және жұқпалы аурулар кезінде дамитын шұғыл жағдайлардың диагностикалық тізбегі және жедел жәрдемі



бет1/4
Дата11.12.2023
өлшемі1,08 Mb.
#137760
  1   2   3   4

ОБӨЖ Тақырып:Аллергиялық жағдайлар кезінде дамитын шұғыл жағдайлардың диагностикалық тізбегі және жедел жәрдемі

  • Тобы: ЖМ-918
  • Орындаған : Абдисаламатов Э. Амангелді. А
  • Қабылдаған: Мархашев М.М.
  • Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Университеті Жалпы Медицина Факультеті
  • Түркістан 2023

Тақырыптың өзектілігі

  • Аллергия көріністері әр үшінші адамды мазалайды, және де соңғы 20 жылда аллергиямен ауыратындар саны тез өсуде
  • (SAAC) халықаралық зерттеу мәліметтері бойынша тек қана аллергиялық ринит популяцияның 20-25% құрайды
  • Дүниежүзі бойынша аллергиялық аурулардың өсуі қоршаған орта әсерлерімен, сонымен қатар өмір сүру әдеттерінің өзгеруіне байланысты
  • Балаларға жедел жұқпалы ауру себебі бойынша жедел медициналық жәрдем шақыру жалпы балалар санының 50% жоғарысын құрайды,
  • Ерте жастағы балаларда – барлық ЖЖ шақыртыларының 90%-ға жуығын құрайды

Квинке ісінуі (ангионевротикалық ісіну, ірі есекжем)

  • тері, теріасты шел қабаты және шырышты қабаттардың айқын ісінуімен мінезделетін жедел аллергиялық ауру
  • Квинке ісінуі көп жағдайда бетте, мойында және дененің жоғары бөлігінде, қол және аяқ басының сыртқы жағында кездеседі
  • Сирек жағдайда Квинке ісінуі ми қабықтарын, буындарды және ішкі мүшелерді зақымдайды.

Клиникасы

  • Бет, алақанның сыртқы беті, мойын, аяқ басының сыртқы беті тіндерінің жедел дамитын ісінуі. Ісіну аймағында тері түсі бозғылттанады. Ісіну қышыну сезімсіз, бірнеше сағат немесе бірнеше күнде ізсіз жоғалады.
  • Ең қауіпті түрі – жұтқыншақ, көмей, кеңірдек ісінуі (әр төртінші науқаста). Кенеттен мазасыздық, тыныстың қиындауы дамиды, сана бұзылуы мүмкін. Жұмсақ таңдай және таңдай доғашықтары ісінеді, аңқа өзегі тарылады. Науқас тұншығудан қайтыс болуы мүмкін.
  • Ішкі мүшелердің Квинке ісінуі іштегі қатты ауру сезімімен, іш өту, құсумен көрінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет