Орындаған: Әріпбай Ш. С 5-035 топ жмф тексерген: Алькенова М. А



бет1/6
Дата22.09.2023
өлшемі0,57 Mb.
#109819
  1   2   3   4   5   6

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Неврология, психиатрия, және наркология кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы: Сезімталдық және оның бұзылыстары. Терең және үстірт сезімталдықты тексеру. Бұзылыстың симптомдары мен синдромдары.

Орындаған: Әріпбай Ш.С

5-035 топ ЖМФ

Тексерген: Алькенова М.А.

Қарағанды 2016

Жоспар

Кіріспе

  • Сезімталдық
  • Сезімталдық түрлері
  • Үстірт (беткей) және терең сезімталдықтың жолдары
  • Сезімталдыкты зерттеу тәсілдері
  • Сезімталдықтың зақымдалу түрлері
  • Ауырсынудың түрлері
  • Ауырсыну симптомдары
  • Жұлынның жарты бөлігінің зақымдалу синдромы (Броун- Секар синдромы)
  • Қолданылған әдебиеттер:

Кіріспе

  • Сезімталдық — тірі ағзаның сыртқы ортадан түсетін немесе өзінің ішіндегі тіндермен ағзалардан келетін тітіргенгіштерді қабылдап, оларды ажырата отырып жауап беру қасиеті.

Сезімталдық түрлері

Жалпы сезімталдық Қарапайым -беткей (экстероцептивті) – ауырсыну, температуралық, тактильді

-терең (проприоцептивті) – бұлшықет-буын сезімі, вибрациалық сезім, қысым сезімі, салмақ сезімі

-интероцептивті – хемо- және барорецепция

Күрделі екі өлшемді кеңістік сезімі, орналасу сезімі, дискриминация сезімі, стереогноз

Арнайы сезімталдық

-көру

-есту

-иіс сезу

-дәм сезу

Үстірт (беткей) және терең сезімталдықтың жолдары

Ми қыртысына сезімталдық импульстерін жеткізетін жолдар үш невроннан тұрады. Жалпы сезімталдықтың барлық түріне қатысты бірінші невронның клеткалары жұлын түйіні мен V, VI және X бассүйек ми нервтерінің астындағы түйіндеріне орна-ласқан. Түйіндердегі нерв клеткалары бір бұтақты псевдоуниполярлы болады да клетка денесіне жақындағанда екіге бөлінеді. Клетканың сыртқы тармағы (дендрит) сыртқы (шеткі) нерв жүйесі-нің құрамында рецепторларға келеді, ал орталық тармағы (аксон) артқы түбіршек арқылы жұлынға барады. Жұлында түрлі сезімділіктер жоғары қарай әр түрлі жолдармен өтеді (көтеріледі). Ауырсыну, температуралық және жартылай жанасу сезімталдық талшықтары жұлынның артқы мүйізіне кіреді де қабылданған им-пульс екінші невронға ауысады. Екінші неврондардың клеткалары жұлынның артқы мүйізінде жатады да олардың аксондары сұр зат тұтастығының алдыңғы жағында әр сегменттің тұсында жұлынның қарсы жақ бүйірінен жұлын –көру төмпешігі жолын құрастырады. Бұдан әрі бұл жол жоғары қарай көтеріліп, ми бағанасы арқылы көру төмпешігіне жетеді де оның артқы ішіне қарай орналасқаи ядросында аяқталады мунда үшінші неврон орналасқан


Бірінші неврон терең сезімталдықтың және жартылай жанасу сезімталдығы талшықтары жұлынға кірісімен оның артқы мүйізіне соқпай, артқы діңгекке қарай бағытталады. Жұлынның артқы діңгегінде аталған талшықтар Голль және Бурдах будаларын (шоғырларын) құрастырады. Голль шоғыры дененің төменгі бөлігі мен аяқтағы, ал Бурдах шоғыры дененің жоғарғы бөлігіндегі импульстарды алып жүреді. Голль және Бурдах шоғырлары өз жағымен жоғары көтеріліп сопақша мида өздері аттас ядроларда тоғысады. Мұнда екінші невронның клеткалары бар.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет