Г. Сырлыбаева
Семантика противоположенных фразеологизмов
В статье рассматривается семантика противоположенных фразеологизмов в казахском языке.
G. Syrlybaeva
The semantics of contrasting phraseology
The article deals with the semantics of contrasting phraseology in Kazakh language.
Ж. К. C‰йінжанова,
Қ. А. Ясауи атындағы ХҚТУ, аға оқытушы, ф.ғ.к. Т‰ркістан қ.,
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ МЕҢГЕРІЛЕ БАЙЛАНЫСҚАН ТІРКЕСТЕРДІҢ
ЛЕКСИКАЛАНУЫ
Еркін сөз тіркесінің құрамынан шығып,
атаулық тіркес ретінде танылып ж‰рген
тұлғалардың тілдік табиғатын анықтап, олар-
дың грамматикалық, қызметтік және семан-
тикалық мәнін айқындаудың ғылыми маңызы
зор. Сөз тіркестерінің дамуы жаңа сөздердің
жасалуын туғызатыны даусыз. Ұлттық тіл
білімі бойынша жалпы тіркестер туралы зерт-
теудің негізін қалаған ғалымдар А. Байтұр-
сынұлы, Қ. Жұбанов, С. Аманжоловтан бас-
тап, сөз тіркестері туралы ғылыми пікірлер
айтқан ғалымдар Н.Т. Сауранбаев, С.Исаев,
Ә. Аблақов, Е. Ағманов, Р. Әмір, Т. Сайрам-
баев, Н. Оралбаева, А.Б.Салқынбай, Б.Қасым
т.б. еңбектерінде кеңінен қарастырылған.
Қазақ тіл білімінде сөз тіркесі мәселесі
теориялық та, практикалық та т‰рғыдан жан-
жақты зерттелген. Сол еңбектерде меңгерудің
табиғатына назар аударылып, тиісті анықта-
малар беріліп, диссертациялар қорғалып,
меңгеру мәселесінің табиғаты анықталды. Сөз
тіркесі, оның ішінде меңгеру мәселесі алғаш
Қ. Жұбанов, С. Аманжолов, Н. Сауранбаев ең-
бектерінде көтеріліп, бұл мәселенің одан әрі
зерттелуіне жол ашылды. М. Балақаевтың
еңбектерінде сөз тіркесі мәселесі кеңінен зерт-
теліп, онда сөз тіркесінің құрылысы, өзіне тән
ерекшеліктері, сөздердің байланысу тәсілдері
мен формалары және олардың тіркесу қабі-
леттері жан-жақты ашылып көрсетіледі.
Бұл мәселеде С. Исаевтың, А. Аблақовтың,
Р.С. Әміровтің, Т. Сайрамбаевтардың еңбек-
терін атап өткен орынды.
Тілімізде изафеттік тіркестердің, қабыса
байланысқан сөз тіркестерінің атау туғызу
қызметі мол. Сонымен қатар, әбден қалып-
тасқан меңгеріле байланысқан сөз тіркесінің
негізінде жасалған термин сөздер мен атау-
|