Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


Әбу бәкір мен халид ибн Саид арасында



Pdf көрінісі
бет230/349
Дата07.01.2022
өлшемі1,93 Mb.
#19929
1   ...   226   227   228   229   230   231   232   233   ...   349
Әбу бәкір мен халид ибн Саид арасында 

болған оқиға

Халид  ибн  Саидтің  қызы  Үммі  Халид  айтады: 

«Әбу  Бәкірге  серт  берілгеннен  кейін,  әкем  Йеменнен 

Мәдинаға  келген  кезде,  Али  мен  Османнан 

(р.а.)

  «Ей, 


Абдуманафұлдары!  Айдаладағы  біреудің  сендерді  ат-

тап өтіп, халифалықты иеленіп алғанына көндігіп оты-

ра бересіңдер ме?» – деп сұрайды. Омар 

(р.а.)


 әкемнің 

бұл  сөздерін  Әбу  Бәкірге  жеткізгенмен,  ол  әкемнің 

бұл  сөздерін  оның  бетіне  басып,  айыптаған  жоқ.  Ха-

лид үш ай бойы Әбу Бәкірге серт бермей жүрді. Бірде 

түске  таяу  Әбу  Бәкір  Халидтің  табалдырығынан  ат-

тайды.  Халид:  «Саған  серт  бергенімді  қалайсың  ба?» 

–  деп  сұрайды.  Әбу  Бәкір:  «Әрине,  мұсылмандардың 

тоқтамына қосылғаныңды қалаймын», – деп жауап бе-

реді. Халид түс ауа оған мешітте серт беретінін айта-

ды. Уәде бойынша, Халид мешітке келгенде, Әбу Бәкір 

мінберде болатын. Сол жерде оған серт береді.

Әбу  Бәкірдің  әкем  жайлы  пікірі  оң  болатын, 

әрі  оны  сыйлайтын.  Шамға  әскер  аттандырған  кез-

де,  оны  қолбасшы  етіп  тағайындап,  туды  Халидке  өз 

қолымен табыс етті. Омар Халидтің қолбасшы болып 

тағайындалғанына  қарсы  болып:  «Ей,  Әбу  Бәкір,  Ха-

369

 Табари, Тарих 2/331




373

Сахабалардың бірлік пен ынтымақтастыққа мән беруі

лидті  қолбасшы  етіп  тағайындадың.  Алайда,  оның  не 

дегенін  ұмыттың  ба?»  –  деп  наразылығын  білдіріп, 

айтқанынан  қайтпай  тұрып  алды.  Сонда  Әбу  Бәкір 

Әбу Әруа әд-Дәусиді Халидке жібереді. Әбу Әруа әд-

Дәуси  Халидке:  «Аллаһ  расулының  халифасы  «туы-

мызды  қайтарып  берсін»  деп  жатыр»,  –  дейді.  Халид 

туды оларға ұстатып тұрып: «Уаллаһи, қолбасшы етіп 

тағайындағандарыңа қуанған жоқ едім, туды қайтарып 

алғандарыңа да ренжімеймін. Мұны жасатып отырған 

басқа адам ғой», – деп хабар жібереді. 

Әлі есімде, Әбу Бәкір әкемнің қасына келіп, Омар 

туралы ешқашан ешқандай жаман нәрсе айтпауды шеге-

леп тұрып тапсырды. Уаллаһи, әкем де дүние салғанша, 

Омардың  әрдайым  тек  жақсы  жақтарын  айтып,  есіне 

алып отыратын»

370

.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   226   227   228   229   230   231   232   233   ...   349




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет