Алматы «Жібек жолы» 2009



жүктеу 1.77 Mb.
Pdf просмотр
бет6/9
Дата06.03.2017
өлшемі1.77 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9

ЕРТЕГ
Ерте, ерте, ертеде,                 
Ешкi жүнi бөрте едi. 
Қырғауылы қызыл екен, 
Құйрық жүнi ұзын екен. 
Халық ертегiсiнен
Ерте,  ерте,  ертеде  емес  онша  тым.  Ары  кетсе  отыз 
жылдың  ар  жағы.  Ерлi-зайыпты  кiсiлердiң  жалғыз  ұлы 
болған.  Əке  мен  шеше  бiрiн-бiрi  сүйiп  қосылып,  тату-тəттi 
ғұмыр  кешкендiктен  шығар,  олардан  туған  перзент  те  сон-
дай  мейiрбан  болып  өсiп  келе  жатты.  Аңғалдау  ұлдың 

80
кейбiр  алаңғасар  iстерi  күлкi  шақыратын  едi.  Ит  тiрлiктiң 
қамытын  кие  қоймаған,  балшыққа  батып  үлгiрмеген  сол 
жаны  тазы,  жүрегi  ақ  баланың  көңiлiнде  қылау  жоқ  едi. 
Өмiрдi  ертегiдей  етiп  елестететiн.  Тағдырдың  барлық 
қиындықтары  жеңiспен  аяқталады  деп  түсiнетiндiгi  де  сол 
ертегiнi  көп  оқығандығынан  болар.  Адамдардың  барлығын 
да адал деп түсiндi. Ал, өзiнiң тазалығына имандай сенетiн. 
Ала  жiптен  аттамай  өсiп  келе  жатқан  өзiне  жамандық 
жолатқысы  келмейтiн.  Кейде  балалық  қызығушылықпен 
бiреудiң затына көз алартқанымен, сұғанақтық жасамайтын. 
Егер өйтсе атасының қойған Адалбек деген атына сай бол-
май қалатынын сезетiн.
Сөйткен Адалбек бүгiн тұңғыш рет өтiрiк айтуға бел бай-
лады. Нағашы атасын алдамақ. Атасының бүкiл ауылдың ер 
азаматтарының  аңсарын  алған  ақбоз  аты  бар-тұғын.  Соны 
алдап  мiнiп  кетпек.  Жол  бойы  не  деп  өтiрiк  айтатынын  да 
ойластырып қойған. 
Оның осынша əуреге түсiп, өтiрiк айтып, атасының атын 
алдап  мiнiп  кетпек  болуына  таңғы  эфирден  көрсетiлген 
«Қозы Көрпеш – Баян сұлу» фильмi себеп болды. Ғашықтық 
пен ерлiк жайындағы аңызға бергiсiз кино бiздiң Адалбекке 
ерекше əсер еткенi соншалық; ол да Қозы сынды батырлық 
танытып, ақбоз атқа мiнiп өзiнiң Баянының ауылына барғысы 
келдi.  Қиял  қанатында  қалықтаған  ұл  небiр  жоспар  құрды. 
Қыздың  Баяндай  сұлу,  тiптi  одан  өткен  көрiктi  екендiгiнде 
дау жоқ. Өзi де Қозыға бергiсiз ер екенiн бiледi. Ендiгi жет-
пей  тұрғаны  ақбоз  ат  қана.  Ары  ойлап,  берi  ойлап  ақбоз 
атты  да  тапты.  Тек  нағашы  атасынан  сұрай  алса  болғаны. 
Өзiм мiнiп қыдырып келейiн дегенiне нағашысысының бере 
қоймасы  белгiлi.  Қаптаған  тай,  құнандардың  бiрiн  мiнгiзiп 
жiберетiнi екi бастан белгiлi. Өзi Қозы болса, жəне басқаға 

81
емес  тура  Баянның  ауылына  жол  тартып  бара  жатса,  бұл 
серiңiз  қалай  ғана  жабағы  тайға  мiне  салмақ.  Сол  үшiн  де 
өтiрiк айтуы керек болды. 
Бiр күдiк пен бiр үмiттiң жетегiнде келе жатқан Адалбек 
нағашысының  үйiне  де  жақындап  қалды.  Үйден  шыққанда 
батылдау сияқты едi, жақындаған сайын жүрексiне бастады. 
Айтқан  өтiрiгiме  сенсе  жақсы,  сенбесе  қайтемiн  деп  сары 
уайымға  салынды.  Оның  үстiне  анау  күнi  атасын  ренжiтiп 
алғаны  бар  едi.  Дəл  осы  атын  сұрауға  келе  жатқан  нағашы 
атасы бiр топ ағайынның басын қосып қонақ қылғанда бұл 
да  əкесi  мен  шешесiне  ерiп  келген  болатын.  Асығыстау 
тамақтанғандықтан шығар, дастархан басында бұған ықылық 
тиiп қалды. Басқа жақтарда да солай шығар, бұлардың ауы-
лында да ықылықты басу үшiн не ұрладың деп ырым жасай-
тын. Сол əдiске салмақ болып, атасы бұның ықылығын басу 
үшiн аса əртистiкпен: – Менiң сегiз өрме əдемi қамшым бар 
едi. Соны үш күннен берi таппай қалдым. Ол қамшыны бiр 
алса, осы Адалбек алды-ау деймiн, – дедi. 
Өмiрiнде  ұрлық  деген  пəленi iстеп  көрмеген  Адал-
бек  мынадай  көпекөрнеу  жалаға  шыдай  алмай  намыс  оты-
на  жанып: – Мен  бе,  сiздiң  қамшыңызды  ұрлаған.  Кiмдi 
ұры  санап  тұрсыз.  Өзiңiз  ұрысыз.  Соғым  сойғанда  бiздiң 
шарықтың қайрағын ұрлап кеткенсiз… – деп қойып қалды. 
Елдiң  бəрi  демдерiн  шығармай  тынып  қалды.  Əкесi  байғұс 
та кiрерге тесiк таппай тыпыршып кеттi. Онсыз да қиналып 
отырған əкесiн: – Сол қайрақ жоғалғанда папам бiр алса сiз 
алды. Сол кiсiден-ақ келдi деген, – деп одан ары қысылтып 
тастаған.  Сұрап  алған  ауыруға  дауа  жоқ  дегендей  орынсыз 
айтылған əзiлден сонда отырған адамдар ыңғайсыз жағдайда 
қалған едi. Өзiмсiнiп қайрақ алған нағашы ата да, жоғалған 
қайрақты iздеген əке де бəрi де екi оттың ортасында қалған 
едi. Балалы үйдiң ұрлығы жатпас деген сол. 

82
Мiне, сөйтiп ұры санаған атасының атын сұрап мiнбек. 
Қорқа-қорқа  үйге  де  кiрдi.  Атасы  кемпiрiнiң  шайын  сорап-
тап отыр екен. Қал жағдай сұрасқаннан кейiн атасы бұның 
не бұйымтаймен жүргенiн сұрады. Адалбек жол бойы неше 
мəрте қайталаған қиыспайтын өтiрiгiн айтты. 
– Сиыр екi күн болды үйге келген жоқ. Папам соны iздеу 
үшiн сiзге атыңызды бере тұрсын деп жiбердi.
– Қай сиырларың жоқ?
– Сары сиыр ғой.
– Ол сиырларың кеше кешкiсiн үйлерiңнiң алдында тұр 
едi ғой.
– Иə, көршiлер де көрiптi. Бiрақ қайтадан кетiп қалыпты. 
Өзi  туайын  деп  жүр  екен  ғой.  Папам  соны  туып  қалды  ма 
деп, уайымдап отыр. 
–  Өй,  қой,  ол  сиыр  қазiр  тумайды.  Жақында  ғана  туды 
емес пе. Əлi екi ай өткен де жоқ ол туғалы.
– Бiлмеймiн, папам солай дедi ғой.
Атасы  бұның  айтқан  əңгiмелерiнiң  əшейiн  ат  сұраудың 
сылтауы екенiн бiлiп, жиенiнiң қиыспас өтiрiгiне сенiп, атты 
ерттеп мiнгiзiп жiбердi. 
Адалбек ақбоз аттың басын үйiне қарай бұрмай, бiрден 
ауыл  шетiндегi  көшеге  қарай  тартты.  Өйткенi  сол  көшенiң 
аяққы  жағында  автобекеттiң  директорының  үйi  бар.  Ал,  ол 
үйде  Шекер  бар.  Шекер  дегенiңiз – бiздiң  Қозының  iздеп 
бара жатқан Баяны емес пе?! Ойлағанындай болып шықты. 
Шекер  көше  бойындағы  арықтың  жағасында  сiңлiсi  екеуi 
балшықтан  торт  жасап,  ойнап  жүр  екен.  Адалдың  көзiне 
балшықпен ойнап жүрген Шекер қыз көл жағасында жүрген 
Баяндай  болып  көрiндi.  Не  iстесем  екен  деп  бiраз  ойланып 
тұрды. Жетiп барған тағы ыңғайсыз. Бұрыннан тiл қатысып 
жүрген қыз болса бiр сəрi. Бiр-бiрiне лəм деп ауыз ашпаған 

83
адамдар  ғой.  Тiптi,  сыныптасы  болса  да  бiр  сылтау  табы-
лар ма едi, кiм бiлсiн. Бiраз тұрғаннан кейiн Адалбек қызды 
таң қалдырғысы келдi. Атпен қасынан шауып өтпек болды. 
Атпен шауып кетiп бара жатқан батыр ұлға қыздың қызыға 
қарап тұрған бейнесi елестедi. Сол сол-ақ екен, Адалбек атты 
тебiнiп  қалып  едi,  ақбоз  ат  бар  пəрменiмен  шаба  жөнелдi. 
Желдей  жүйткiген  тұлпардың  үстiнде  Адалбек  кетiп  бара 
жатыр.  Тура  қыздардың  жанынан  өте  бергенде  сол  үйден 
бiр  ит  жүгiрiп  шығап,  арс  ете  қалғанда,  үрiккен  ат  шалт 
бұрылып  тоқтай  қалып,  үстiндегi  Көрпеш  ұл  жерге  құлап 
түстi.  Ат  қайтадан  шаба  жөнелдi.  Аспан  айналып  жерге 
түстi. Адалбек көзiн ашқанда аспанды көрдi. Шайдай ашық 
екен.  Тұп-тұнық,  мөп-мөлдiр.  Шалқамнан  құлаған  екенмiн 
ғой  деген  ой  келдi.  Оның  артынша  намыс  оты  жалт  бердi. 
«Ұят-ай,  тура  қыздың  алдына  келiп  аттан  құлаған  деген  не 
сұмдық». Шешесiнiң «құлаған жерiңде көп жатпа» деген сөзi 
есiне түсiп, тұрмақ болып едi, қозғала алмады. Денесi қатты 
жарақаттаныпты.  Артынша  жерде  жатқан  Қозының  қасына 
Баян мен оның сiңлiсi келiп жеттi. Екеуiнiң де көзi бадана-
дай болып кетiптi. Сасқалақтаған қыз айтарға сөз таппай: – 
Қатты құладың ба? – дедi.
– Жоқ.
– Қай жерiң ауырады?
– Ешқандай жерiм ауырып тұрған жоқ.
– Онда орныңнан тұрмайсың ба?
– Тұрғым келмейдi. Кiшкене жата тұрамын.   
Осылай бiрауыз тiлдесуге халi жеттi де, артынша қайтадан 
есiн  жоғалтып  алды.  Көзiнiң  алды  бұлдырап  бара  жатқанын 
ғана бiледi. Бұл есiн жиғанда аудандық емханада жатыр екен. 
Қолы сыныпты. Онысы аздай басына соққы алыпты. 
Əпкесiнiң  айтуына  қарағанда,  бұл  оқиға  Адалбектiң 

84
туыстарының  ортасында  бiршама  талқыланыпты.  Атты 
өтiрiк сұрап алғаны да белгiлi болыпты. Бiр қуанарлығы атты 
не  үшiн,  кiм  үшiн  мiнгенi  жұмбақ  күйiнде  қалыпты.  Əйтсе 
де  бұл  атасын  алдағаны  үшiн  қатты  қиналды.  Бұның  хал 
жағдайын  бiлуге  келгенде  олардың  бетiн  көруге  шыдай  ал-
мады. Олар: əкесi, шешесi жəне нағашы атасы барлығы бұл 
жатқан палатаға кiрiп келе жатқанда ұяттан кiрерге жер тап-
пай есiнен танып қалды… Есiнен танған жоқ шындығында. 
Əдейi есiн жоғалтқан кiсiше көзiн жұмып, сандырақтап жа-
тып  алды.  Жанашыр  туыстар  бұны  көрiп  барлығы  қатты 
қорықты. Дəрiгерлер оларды «жағдайы ауыр мазалауға бол-
майды»  деп  шығарып  салды.  Ал,  ауылдағылар  əлi  толық 
өзiне-өзi  келмептi,  қайта-қайта  есiнен  танып  қалады  екен 
деп əңгiме қылып жатыр екен. 
Ұяттан өлiм күштi деген осы да, əке-шеше аталары кел-
ген  сайын  бұл  олардың  бетiне  қарай  алмай,  құтылудың  ең 
оңай  жолы  осы  болғандықтан,  қайта-қайта  есiнен  танып 
қалып жүрдi. Медицина барлық тексерiстен өткiзiп, түк тап-
пады. Ақыр аяғында Алматыға апару керек деп шештi. Сол 
жақта компьютер арқылы тексеруден өткiзу керек деп шешiп, 
бұл  бiр-ақ  күнде  алып  қалаға  жол  тартып  кеттi.  Сол  жолға 
шыққанда ғана етi үйренгендей болып, əке-шешесiмен тiлге 
келдi. Бұның адам сынды сұрақтарға жауап бергенiне қарап, 
əкесi мен шешесi қатты қуанды. Алматыдағы компьютерлiк 
тексерiс  те  баланың  жағдайы  жақсы  деген  қорытынды 
шығарып  бердi.  Ақыр  келдiк  қой  деп  сол  жолы  Адалбектi 
əкесi  мен  шешесi  бұны  қаладағы  хайуанаттар  саябағына 
алып  барып  қыдыртты.  Театрға  барды.  Айтпақшы,  бiздiң 
Қозы Көрпешiмiз сол театрдан Төлегендi өлтiрген «Бекежан 
сұмпайыны»  өз  көзiмен  көрдi.  Көрдi  де  шошып  кеттi.  Бұл 
əлi тiрi екен ғой деп ойлады.
Бiраз  күн  қыдырыстап  ауылға  келгеннен  кейiн  бұл 

85
көршi  балардың  ауыздарының  суын  ағызып,  Алматы  жа-
йында  əңгiмелеп  бердi.  Мақтаныш  кернеген  Адалбек: – Ол 
ол  ма,  егер  мен  есiмдi  тағы  да  бiраз  күн  жимай  жатып  ал-
сам, Қытайға да барар едiм, – дедi айды аспанға шығарып. 
Адалбектiң  əңгiмесiн  тыңдаған  балалардың  барлығы  да  ат-
тан құлап, естерiнен адассақ екен деп армандады. 
Байқамаса  болмайды,  ессiз  балалардан  бəрi  шығады. 
Олардың əдейi аттан құлап, естерiнен адасулары да мүмкiн. 
Оларға таң қалуға болмайды. Бұның алдында осыған ұқсас 
оқиға  болған.  Ермек  дейтiн  баланың  қолын  ағасы  абай-
сызда  балтамен  шауып  алғанда,  аудан  орталығына  барып 
тiктiрген болатын. Аудан орталығынан келгенде ол да осы-
лай əңгiмелеп берген. Екi этаж үйлер мен ондағы базар тура-
лы айтқанда қызыққан баларға ол: – Райцентрге барғаларың 
келе ме? – деген. Райцентр дегенi аудан орталығы дегенi ғой. 
Барлық бала барамыз деп шу ете қалған. Сонда Ермек оларға: 
– Егер барғыларың келсе, мен сендердiң саусақтарыңды ша-
уып берейiн. Сосын сендердiң де саусақтарыңды тiктiру үшiн 
райцентрге  апарады.  Қорықпаңдар,  саусақ  шабылғаннан 
адам  өлмейдi.  Мен  де  өлген  жоқпын  ғой.  Қайта  аудан-
ды  көрiп  келесiңдер, – деп  төрт  баланың  саусағын  шауып 
тастаған болатын. Сол сияқты болып кетпесiне кiм кепіл. 
Сөйтiп «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» фильмiнен басталған 
шым-шытырық  оқиға  Адалбектiң  өмiрiне  кiшiгiрiм  өзгерiс 
алып  келдi.  Ол  ендi  өтiрiк  айтпауға  бел  буды.  Өйткенi  ат-
тан  құлағанын  өтiрiк  айтқаным  үшiн  Алланың  жазалағаны 
деп түсiндi. Əйтпесе атқа күн сайын мiнiп жүрген жетi жа-
сар  бала  неге  басқа  кезде  емес,  дəл  сол  өтiрiк  айтқан  күнi 
қыздың алдында құлауы керек. 
Өмiрдi ертегiдей елестетiп жүрген Адалбек сол өмiрден 
алғаш рет таяқ жеп, соққы алғаннан кейiн бiраз уақыт кино 
көрмей жүрдi.  

86
АЯГҮЛ МАНТАЕВА
1983  жылы  Оңтүстік  Қазақстан  облысы  Мақтарал  ауданында 
дүниеге келген. Еңбек жолын республикалық «Жас қазақ үні» газетінен 
бастаған. Қазір «Қазақ əдебиеті» газетінің тілшісі. 
БАЛАЛЫҚТЫҢ КӨКТЕМI 
Iнiммен  шығыспағасын  ба,  əкем  мен  апам  менен 
құтылуды көздеп, менен бұрын жазғы демалысты олар асыға 
күтушi едi. Əрине, сабақ оқудан шаршаған, күнделiктi ерте 
тұрудан  жалыққан  ерiншек  мен  де  сағына  күтемiн.  Қазiр 
ойлаймын  ғой,  осы  менде  лагерьге  барып,  дос  арттырып, 
ойнап-күлiп, ысылып қайту деген болмапты. Менiң лагерiм –
нағашымның  үйi:  сондағы  нағашымның  өзiммен  түйдей 
құрдас қызы Сəуле мен оның сiңлiсi Кəмшат болатын. Үйде 
тете  iнiм  Самат  пен  болмашы  нəрсеге  iлiгiп,  төбелесiп 
қалатын  мен  мұнда  өзiмнен  денесi  əлдеқайда  iрi  Сəуледен 
қорқақтаймын ба, əлде ашуы мұрнының ұшында тұратын, сəл 
мүлт кетсең ала көзiн дөңгелетiп, сұқ саусағын шошайтатын 
нағашымнан  аяқ  тарттым  ба,  əйтеуiр  қойдан  жуас  момақан 
болып  жүремiн.  Əй,  осы  түрiмдi  əкем  мен  апам  көрсе  бiр 
күлер  едi-ау  сонда.  Ал, iнiм  менiң  монтиған  түрiмдi  көрiп 
түкке  түсiнбеуi  мүмкiн  едi.  Сол  үш  ай  жаз  бiткенше  менi 
үйден  iздеп  келетiн  пенде  болмайтын.  Алғашқы  жылдарда 
қиғылық салып, əжемнiң миын су ететiнмiн. 

87
Сол  айналып-толғануы  шегiне  жетiп  шаршағанша, 
жағым  сенбейдi.  Нағашым  үйiне  келген  дуанаға  нан  берiп 
тұрып, «мына  жылауық  қызды  əкетесiз-ау»  десе,  дуана  да 
«маған  берiңдер,  жыламайтын  жақсы  қыз  етемiн»  дегенде 
барып «өлеңiмдi» сап тыямын. 
Марқұм  нағашы  атам  дуанаға  қазан  көтертетiн. «Бұлар 
əулие» дейтiн. Мен үйдi айналып, жиналған шөптiң қуысына 
барып  тығыламын.  Мендей  жиенiнен  құтыла  алмай,  дуана-
ны  қожасындай  күтiп  отырған  нағашыларыма  зығырданым 
қайнайтын. Ұрысқандары да, тiптi ұрғандары да тез есiмнен 
шығып кететiн əкем мен апамды ойлап, iнiмдi сағынып, ендi 
оларды көрмейтiндей қыстығып жылайтынмын. 
Маған  көмек  қолын  ұсынудың  орнына,  ата  жауымдай 
нағашымның  екi  желөкпесi  менi  шарқ  ұрып  iздейтiн.  Мен 
жылағанда  айызы  қанып  күлетiн  Сəуледен  еш  жақсылық 
күтпеймiн. Ал өзiмнен бiр жас кiшiлiгi бар Кəмшатпен доспын. 
Ойға  шомып,  əрi  қорқып  жатқан  менi «таптым»  деген 
Сəуленiң  айқайы  селк  еткiздi. «Тығылған  жерiн  қарашы 
асқабақтың».  Өмiрде  мұнша  ешкiмге  кектенiп,  ашуым  кел-
мес.  Бiрiншiден,  менi  қолға  түсiрдi,  екiншiден, «асқабақ» 
деп  келеке  етiп  тұр.  Толықтау  сары  болғандықтан,  ол  менi 
«асқабақ»  деп  мазақтаушы  едi. «Маймыл»  дедiм  жылам-
сырап.  Оның  құлағы  көзге  бiрiншi  түсетiн.  Бəрiбiр  кегiм 
қайтпай  тұр.  Ызадан  көзiме  жас  келдi.  Бiрақ  жыламадым, 
«жылауық»  деп  тағы  келеке  ететiнiн  бiлем  ғой.  Сорадай 
неменi ұрып құлатар ма едi. Өзiнiң үйi, атасы мен əжесi де 
осында,  папасы  мен  мамасы  да  қасында.  Олардан  қайран 
жоқ.  Əрi  олар  өздерiнiң  қызын  емес,  менi  бергелi  тұр  ғой 
дуанаға.  Ары  қарай  шыдамадым.  Жалған  намыс  құрып 
қалсын, көзiмнен бұршақ-бұршақ жас сорғалады. 
–  Не  болды,  ей.  Соған  бола  өкпелеп  қалдың  ба,  дос 

88
болайық, – деп  табан  астында  Сəуле  бəйек  бола  қалды. 
Менiң қолымды еркiме қоймай ұстап, шынашақтарымызды 
бiр-бiрiне түйiстiрiп,  дос болудың ырымын жасаған болды. 
Бiздiң бұл iсiмiзге күлiп, Кəмшəт жоңышқа гүлдерiн тередi. 
– Əжем саған тамағын жеп алсын, – дейдi. 
– Iшпеймiн.  Алдап  шақырып  дуанаға  берiп  жiбермек 
қой. 
– Олар сенi əшейiн қорқытып, алдап жатыр. Байқамадың 
ба,  атам  дуанаға  көзiн  қысып  сөйледi  ғой.  Үлкендер 
əзiлдейтiнiн, бала деп қорқытатынын сен бiлмейсiң бе? – деп 
бiлгiшсiнген,  үлкендердiң  құпиясын  менен  гөрi  бiлетiнiне 
мақтанған Сəуле шiкiрейiп, таңқы мұрнын қорқ еткізіп, тар-
тып алды. Тағы да менен оның басым түскенiне қызғандым. 
Сонда  да  үй  жаққа  баруға  қорқамын.  Елгезек  Кəмшат  дуа-
наны барлауға кеттi. «Кетiп қалды» деп келдi. Қорқа басып, 
Сəуленiң ығында үйге келдiм. Шынында да шарбақ үстiнде 
дуана көрiнбейдi. Қуанып қалдым. Менiң жымың еткенiмдi 
үлкендер де байқап қалды. 
–  Ендi  жыламайды,  егер  жыласа  өзiмiз  шақырамыз  деп 
дуананы үйiне қайтарып жiбердiк. 
Дуананың  үйi  бола  ма  деген  сауал  ол  кезде  ойыма 
келмептi.
Осы оқиғадан кейiн Сəулемен достасып кеткенмiн. Қазiр 
өзiм де нағашымның үйiне құстай ұшуға бармын. Менiң де, 
апам  мен  көкемнiң  де  тiлегi  орындалып,  жылдағы  дəстүр 
бойынша нағашымның үйiне əкелiп тастады. Алғашқы бiр-
екi күн оларды тосырқап жүрдiм де, баяғыша ойнап кеттiм. 
Олар да менi сағынып қалыпты. 
Бiзге  сиыр  бақтырған  қатал  нағашым  опа  таппады. 
Үшеумiз  ойын  қуып  кеткенде,  сиырлар  өзбек  шалдың 
бақшасын жалмап кеткен. Содан қауын-қарбыздың желiнгенi 

89
бар,  жарылғаны  бар,  езiлгенi  бар,  рəсуа  болған  пəлегi  бар, 
шалдың  айтқанын  төлеп  құтылды-ау.  Өзбек  шал  қанша 
сұрады, нағашым қанша бердi, ол арасы бiздi қызықтырмады. 
Бiздi ол кезде ойыннан басқа ештеңе қызықтырмайтын. Аш 
құлақтан  тыныш  құлақты  көздеген  нағашым  бiзге  сиыр 
бақтыруды мүлде қойды. Рахат! Нағыз бостандық. Шыжыған 
күн астында сиыр артында жүрмеймiз. 
Жазда  ауылда  той  көп.  Əжемнiң  көлеңкесiндей  бiр 
елi  қалмаймыз.  Кəмшат  қалса  да,  Сəуле  екеумiз  əжеме 
қосақталып  қалғандай,  қайда  барса  сонда  барамыз.  Қуа-
қуа  əжем  де  шаршады.  Байқаймын,  бiздiң  барып,  ыстық 
бауырсақ,  кəмпитке  тойып  қайтқанымызды  əжем  де  терiс 
көрмейтiн  сияқты.  Тағы  байқағаным,  жеңешем  «жаңа 
камзолыңызды  киiп  алыңыз»  десе  де, «əдiрең  қалғыр,  ол 
жерде маған ешкiм қарамайды» деп əжем жарықтық өңi кете 
бастаған камзолын тастамайды. Ал бiз əжемнiң жаңа камзо-
лын  киiп,  кемпiрлердi  қызықтырғанын  қалаушы  ек. «Əже, 
жаңа  камзолыңды  киiп  баршы»  деп  қиылсақ: «Əй,  маған 
ендi  жетпегенi,  қос  жүгермек,  сендердiң  ақыл-кеңестерiң 
едi.  Екеуiң  өскенде  менi  тiптi  менсiнбейтiн  шығарсыңдар» 
дейтiн  зiлi  жоқ  дауыспен.  Бiрақ  ол  кезде  əжемнiң  ескi 
камзолының қалтасы жаңасынан əлдеқайда терең екенiн бiз 
қайдан  бiлейiк. «Көзi  құрғыр  нашар  көредi»  деп  отыратын 
əжемнiң үйге келгесiн қалтасынан сол кездегi ең қымбат бар-
барис кəмпиттер мен батоншиктер шығушы едi. Бiз келгесiн 
Кəмшəт  тостағанын  жуып  алып,  кəмпиттерге  алданатын. 
Тойдан қайтқан бiздер үлкендердiң көзiн ала бере жылтырақ 
кəмпиттердi  қалтамызға  сүңгiтiп  жiберетiнбiз.  Əзiрде  ғана 
басылған Кəмшəт қиғылықты қайта бастайтын.  
Атам бау-бақшаға жақсы қарайтын. Үлкен алма бақ бар 
едi.  Онда  қызыл-сары  шие,  қарала,  шабдалы  өсетiн.  Сол 

90
бақтағы үлкен жидектердей жидектi мен кейiн кездестiрмедiм. 
«Қолда барда алтынның қадiрi жоғы» рас, əрi балалық қой. 
Бiр  тiстеп  алманы  лақтыратынбыз.  Қаттыларын  дуалға 
ұрып, доп ойнаушы едiк. Сəуле екеумiз ұрсысып қалсақ аты-
самыз. Бiрақ бiр-бiрiмiзге тигiзбеймiз. Бiзде қумыз ғой, жай 
қорқытқанымыз.  Бiреумiзге  тиiп,  аңырасақ,  атам  екеумiздi 
де оңдырмайтынын жақсы бiлемiз. 
Əлi есiмде, атам қызыл қауынның пiсуiне он күндей қалды 
деп  едi.  Соны  ести  сала,  алдымен  жеу  жорығын  бастамақ 
боп,  Сəуле  екеумiз  жоспар  құрғанбыз.  Түсте  үйдегiлердiң 
ұйықтауын  күттiк.  Бəрiнен  де  Кəмшатты  ұйықтату  қиын 
болды.  Оның  қасында  өтiрiк  ұйықтап,  қорылдауға  тура 
келгенi. Уф, əйтеуiр ұйықтады-ау. Қорқып келемiз. Алда ме-
нен  ылғи  да  өзiн  мықты  көрсеткiсi  келетiн  Сəуле.  Жарған 
қауындарымыздың  iшi  ақ,  көкшiл,  сарғыш  болып  шығады. 
Қызылы кездессейшi. Ақыры таптық бiреуiн. Атамның суы 
құрып, мақтайтын қауынының дəмi асқабақтың дəмiне ұқсас 
бiрдеңе болып шықты. 
–  Мынау  асқабақтың  өзi  ғой, – деп  мұрнын  тыржитты 
Сəуле. Мен үндемедiм. Бала кезiмде апам «асқабағым» деп 
еркелететiн.  Менiң  бұл  сөздi  жек  көретiнiмдi  бiлсе  де  айт-
уын қоймайтынына ренжитiнмiн. Сəуленiң айтатыны да сол 
апамнан  естiгенi.  Бала  кезде  мен  асқабақты  сол  үшiн  жек 
көретiнмiн. Ұнаса да аузыма дəмiн алмайтынмын. 
Сəуленi  маймыл  дегiм  келiп  тұрса  да  айтудың  оңтайын 
таппай, кегiм iшiмде кеттi. 
Содан  қауын  жарып  шаршаған  бiздер  ұйықтап  қалдық. 
Атамның  айқайынан,  əжемнiң  бажылынан  ояндық.  Бiздiң 
iсiмiзге  байланысты  екенiн  сездiк.  Қашып  кетсек,  бəрiбiр 
ұсталамыз.  Ойланып  жатқанымызда  атам  кiрiп  келiп,  тырп 
еткiзбедi. 

91
–  Пəтшағарлар,  артық  кемi  жоқ  жиырма  қауын  жарып-
сыңдар. Менi басқа жаққа арқалап кетедi дейсiңдер ме? Сен-
дер жесiн деп ектiм. 
Əжем  болса  «обалдағы-ай,  пiскендерiн  көршiлерге 
таратып  келейiн»  дейдi  дəлiзде  жүрiп.  Атам  екеумiздiң 
құлағымызды  екi  қолымен  ұстап,  жиырма  рет  тартты. 
Көзiмнен ытқып жас кеттi. Сəулеге қарасам, оның да жайы 
мəз емес. Адуын қолдан құтқарар ешкiм жоқ. Əжемiз араша 
түсер едi, «обал» қауындарды көршiлерге таратуға кетсе ке-
рек. Атамның бiздiң құлағымызды тартып бiтуiн күткендей, 
келген  əжем  ебiл-дебiлi  шығып  жылаған  бiздердi  жұбатып, 
атама ұрсып жүр. 
– Садақа сол көк түйнектерiң. Сол құрғырларың болмаса 
да аштан өлiп жатқан жоқпыз. Балалар не бiлсiн. Ойын бала-
сына  ойының  осылсын  дегенiң  бе?  Осылардан  артылғанын 
жермiз, жемесе қалар. О, несi ей, – деп бұлқан-талқан бол-
ды. 
Вазелин тауып əкелiп, əжем менiң қызарған құлағымды 
уқалап едi, атам да қарап тұруға шыдамай, еркелетiп Сəуленiң 
құлағына жақты. «Қызарып қапты-ау» деп күлiп қояды өзi. 
Атам  менiң  емес,  Сəуленiң  қалқан  құлағын  уқалағанын 
қызғанып-ақ отырмын.
* * *
Бүгiнде  нағашымның  үйiне  екi-үш  жылда  бiр-ақ  рет, 
онда  да  бiр-екi  күнге  барамын.  Барған  сайын  бiр  жанды 
сағына  iздеймiн.  Балалық  дəуренiм  өткен  үйден  сол  жан-
ды  қанша  iздесем  де  кездестiре  алмаймын.  Шындығында 
оны ендi ешқашан да көрмеймiн. Осыны ойласам, ет бауы-
рым  езiлiп,  тереңнен  бiр  өксу  шығады.  Сəуле  он  бiрiншiнi 

92
бiтiрер жылы өкпесiне суық тиiп, сол кеселден көз жұмған. 
Атам  мен  əжемнiң  о  дүниелiк  болғанына  да  он  жылдай 
уақыт  өттi.  Кəмшат  Қарағандыда  студент.  Бiр-бiрiмiздi 
көрмегенiмiзге  де  екi  жылдың  жүзi  болып  қалыпты.  Осы-
дан  екi  апта  бұрын  хатын  алдым.  Əр  хатында  бауыры 
Сəуленiң  қызықтарын  еске  алады.  Оның  əр  хатын  оқыған 
сайын  қамығып  қаламын.  Өмiрдiң  мəнiн  түсiнiп  жетпеген 
балалығымды,  Сəуленi  сағынамын.  Жүрегiмде  аяныш  бар. 
Өмiрден  ерте  кеткен  Сəулеге  деген  аяныш  па,  əлде  өмiрдi 
жек көре тұра өмiр сүретiн өзiм секiлдi пенделерге деген ая-
ныш па, бiлмеймiн... 
Каталог: files -> attachments -> biblioteka -> books
books -> Совет молодых ученых инновационное развитие и востребованность науки в современном казахстане
books -> Содержание № Название статьи Стр
books -> О. Е. Есенгазиев родился 10 декабря 1922 года в поселке
books -> Совет молодых ученых инновационное развитие и востребованность науки в современном казахстане
books -> Сборник статей (часть 4) естественно-технические науки алматы 2011 +62 (075) ббк 20+30 я7
books -> Поэма. Алматы: Издательский дом «Жибек жолы»
books -> Сборник статей (часть 2) общественные и гуманитарные науки алматы 2011 ббк 73 и 66
books -> Сборник статей (часть 1) общественные и гуманитарные науки алматы 2011 ббк


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет