Алматы «Сардар» баспа үйі



жүктеу 1.87 Mb.
Pdf просмотр
бет36/37
Дата21.03.2017
өлшемі1.87 Mb.
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37

ТАПЫРАҢ  е  л  і  к.  1.  Тапырақтаған,  тайпаңдаған  жүрісті 
бейнелейтін  сөз.  Аяңынан  жаңылған  Қараала  тапыраң  бір  текірекке 
түсті  (А.Сүлейменов,  Бесін).  2.  а  у  ы  с.  Дөрекі,  ерсі  (сөз).  Жаңағы 
бір  әліме  қарамай  айтқан  тапыраң  сөздерім  мына  адамның  жарасын 
жалаңаштай түскен жоқ па (К.Қазыбаев, Аманат).
ТАПЫР-ТҰПЫР е л і к. Апыр-тапыр еткен дыбысты бейнелейтін 
сөз.  Екеуі  тапыр-тұпыр  жұлқыса  қалды  (К.Қазыбаев,  Ызғар).  // 
Тапырлаған дыбыс. Есік бір зәрмен жабылды да, құлағымызда тағалы 
аттардың  тапыр-тұпырындай  тақтайлы  коридордың  дыбысы  қалды 
(Ғ.Мүсірепов, Белдерде).
Тапыр-тұпыр етті. Апыр-топыр болды. Әлдене жар астынан тапыр-
тұпыр етті (Ә.Көшімов, Қартаңшы.).
ТАРБАҢ  е  л  і  к.  Тарбаң-тарбаң  еткен,  қолапайсыз  қимылды 
бейнелейтін  сөз.  Бидің  тоқпағы,  жуанның  тарбаңы  –  осы  сықылды 
кейіпкерлердің рольдерін ойнаса, Серке жақсы шығарады (Қ.Қуандықов, 
Серке Қожамқұлов).
ТАРҚ-ТАРҚ е л і к. Өрескел түрде тарқылдаған дыбысты білдіретін 
сөз. Жаңағы тарқ-тарқ күлгенің қуанғаның ба еді? (З.Ақышев, Жаяу Мұса).
ТАРП-ТАРП  е  л  і  к.  Аяқ  басқанда  дыбыстың  қатты  естілуін 
білдіретін  сөз.  Тарп-тарп  басып  күзетші  де  өтті  (З.Шашкин,  Тоқаш 
Бокин).
ТАРП-ТҰРП  е  л  і  к.  Тарп-тарп,  тарс-тұрс  еткен  дыбысты 
білдіретін сөз. Кенет ауладан тарп-тұрп жүгірген аяқ дыбысы естілді 
(Қ.Жұмаділов, Соңғы көш).

284
ТАРС-КҮРС е л і к. Тарсылдаған, күрсілдеген дыбысты білдіретін 
сөз. Соқты дауыл. Тарс-күрс, Бұл не қылған алыс-жұлыс? Жер дірілдеп 
сілкінеді. Тауды тауға қағыстырып (А.Жұмағалиев, Өшп. жалын).
ТАРС-ТАРС е л і к. Жиі шыққан қатты дыбысты білдіретін сөз. 
Конвейнер  тарс-тарс  етіп  көмірді  төмен  қарай  жылжытып  жатыр 
(С.Ерубаев, Шығ.).
ТАРС-ТҰРС  е  л  і  к.  Сарт-сұрт  еткен  дыбысты  білдіретін  сөз. 
Үлкен  етік  аяқта,  көк  пешпентті,  Таққан  кірес  төсінде  жарқ-жұрқ 
етті.  Жүргені  тарс-тұрс  еткен  тәкаппарлау,  Жайған  тасқа  басқаны 
жанды үрпитті (Абай, Тол. жин.).
ТАСЫР-ТАСЫР  е  л  і  к.  Тасырлаған,  тарс-тұрс  еткен  дыбысты 
бейнелейтін  сөз.  Аттардың  алды  сары  ағашқа  қатарласып  тақыр  жер, 
тастақ  бетті  тасыр-тасыр,  тықыр-тықыр  асып  өтіп  бара  жатты 
(М.Әуезов, Қараш.).
ТАСЫР-ТҰСЫР е л і к. Тарс-тұрс еткен қатты дыбысты бейнелейтін 
сөз. Қала іші сатыр-күтір атыс, тасыр-тұсыр шабыс (С.Мұқанов, Өмір 
мектебі).
ТӘЛТЕК 2 е л і к. с ө й л. Тәлтірек. Аяғын тәлтек басады, қатты 
жаман сасады; Сасқанының белгісі Жүгіріп есік ашады (Ғашық-наме).
Тәлтек  қақты.  Тәлтіректеді,  қалт-құлт  етті.  Киік  тәлтек  қақса  да, 
құламады (Қ.Ахметбеков, Сый орамал).
ТӘЛТІРЕК е л і к. Денесін түзу ұстай алмай, бұралаң, қисалаң еткен 
қимылды бейнелейтін сөз. Қалған екеуі де тәлтірек қағады (Б.Тоғысбаев, 
Алдыңғы.).
ТИПЫҢ-ТИПЫҢ  е  л  і  к.  Аяғын  жеңіл  басып,  жиі  адымдаған, 
типыңдатқан  қимыл-қозғалысты  бейнелейтін  сөз.  Осы  мезетте  есік 
ашылып, іштен төрт-бес шамасындағы Қарлығаштың кенже інісі Тайбол 
типың-типың басып шыға келді (С.Жұмабаев, Шеңгел.).
ТОҚ  е  л  і  к.  Кенет  құлаған  не  қатты  затты  ұрған  кезде  шығатын 
дыбысты бейнелейтін сөз.
Тоқ  етті  [еткізді].  Бір  дүркін  тоқ  еткен  дыбыс  шықты.  Құдиярдың 
маңдайы  жерге  тоқ  ете  түсті,  тұра  сала  «асау  қараны»  қамшымен 
шықпыртып қояды (Д.Әбілов, Ақын.).
Тоқ етіп алды. ж е р г. Ұйықтап, көз шырымын алды. Шаршап келген 
шығарсың, кішкене жатып тоқ етіп ал (Қазақ тілі. аймақ. сөздігі).
Тоқ тұрды. ж е р г. Дайын, әзір тұрды. Мен барсам Мақан жүруге тоқ 
тұр (Қазақ тілі. аймақ. сөздігі).
ТОҚ-ТОҚ е л і к. Бір затты екінші бір затпен ұрғанда немесе мылтық 
атылғанда шығатын қатқыл дыбысты бейнелейтін сөз.
Тоқ-тоқ  етті.  Тоқылдады.  Жарты  сағаттан  соң  тақ-тақ,  тоқ-тоқ 

285
етіп  неміс  винтовкалары  мен  пулементтерінің  даусы  да  естіле  бастады 
(Қ.Қайсенов, Жау тылы.).
ТОМП е л і к. Жоғарыдан жерге секіріп түскендегі топ ете қалған, 
дүрс еткен дыбысты бейнелейтін сөз.
Томп  етті.  е  л  і  к.  Дүрс  етіп,  құлап  түсті.  Күтпеген  жерден  әлдене 
палубаға келіп томп етті (Ә.Сәрсенбаев, Теңіз).
Томп [топ] еткізді. Оп-оңай жыға салды. Шайда да шара таппай тұрды 
жерден,  Тұрғаннан  Кейқысырау  тұтып  белден.  Ақырып,  айналдырып 
төбесінен, Тымақтай томп еткізіп жерге берген (Т.Ізтілеуов, Рүстем.).
ТОМПАҢ е л і к. Томп-томп, бұлт-бұлт еткен қимылды бейнелейтін 
сөз.
Томпаң қақты. Бұлт-бұлт етіп, асты-үстіне түсті; бәйек болды, 
тез қимылдады. Бұл күні жаңа талпынып, тәй-тәй басқан балалар да 
ата-аналарына  еріп,  сайлау  үйіне  томпаң  қағып  келеді  (С.Мәуленов, 
Жұлдыз.).
ТОМПАҢ-ТОМПАҢ е л і к. Жас баланың бұлтың-бұлтың еткен 
жүрісін бейнелейтін сөз. Тіпті кейде ұйықтар алдында томпаң-томпаң 
етіп  жетіп  келеді  де  Зибаш  екеуінің  ортасына  жатып  та  алады 
(Е.Қонарбаев, Тиек).
ТОҢҚ е л і к. Дүңк еткен дыбысты бейнелейтін сөз.
Тоңқ  етті.  е  л.  Дүңк  ете  қалды.  –  Енді  қайт  дейсіз  маған?!  –  деп 
Керімбек басын төмен салып отырып, тоңқ ете қалды (О.Сәрсенбаев, 
Жиде.).
ТОҢҚАЛАҢ е л і к. Басымен жер сүзе құлаған қимылды бейнелейтін 
сөз.
Тоңқалаң  асты.  а)  Аяғы  аспаннан  келе  жығылды.  Айгүл  оған 
ширыға қарап, «апыр-ай, құлайды-ау, құлайды-ау!» дегенше, Берден ат-
матымен тоңқалаң асып құлап та түсті (Ғ.Мүсірепов, Кездесп. кет.).
ТОҢҚАҢ е л і к. Еңкең еткен қимылды бейнелейтін сөз.
Тоңқаң етті [қақты]. Еңкең етті, тоңқаңдады. Ит тұра ұмтылды, 
анау арада бір-ақ секірім жер қалғанда тоңқаң етіп ініне кіріп кетті 
(Ж.Нәжімеденов, Ақ шағыл.).
ТОҢҚАҢ-ТОҢҚАҢ  е  л  і  к.  Тоңқаңдаған  қайталама  қимылды 
бейнелейтін  сөз.  Міне,  сол  кезде  әр  үйдің  есігінің  алдында  шотпен, 
балтамен  тоңқаң-тоңқаң  етіп  тал  бұтап  жатқан  адамдар 
(Б.Соқпақбаев, Бастан кеш.).
ТОҢҚ-ТОҢҚ  е  л  і  к.  Дүңкілдеген,  тоңқылдаған  дыбысты 
бейнелейтін сөз.
Тоңқ-тоңқ етті. а) Солқ-солқ, зірк-зірк қозғалды. Арық кежір аттың 
тоңқ-тоңқ  еткен  желісі  келі  түйгенмен  бірдей,  ішек-қарныңды  үзіп 

286
жібере  жаздайды  (Б.Соқпақбаев,  Бастан  кеш.).  ә)  Дүңк-дүңк  сөйледі. 
Өңгеге  өнеге  көрсететін  орденді  азаматымыздың  сыңайы  мынау, 
«бармаймын, қойшы әрі!» деп тоңқ-тоңқ етеді (О.Сәрсенбаев, Бақыт.).
ТОП-ТОП1  е  л  і  к.  Топ-топ,  дүрс-дүрс  еткен  дыбысты  білдіретін 
сөз. 
Топ-топ  етті.  Аяғымен  жерді  топылдатты,  дүрсілдетті.  Ат  анда-
санда топ-топ етіп секіріп, жайылып жүр (Т.Жармағамбетов, Сентябрь.).
ТОРПАҢ-ТОРПАҢ е л і к. Тапырақтаған жүрісті бейнелейтін сөз. 
Төрт аяғын төрт жақты орай торпаң-торпаң шабыспен әлденешеуі топ 
соңында қалыпты («Лен. жас»).
ТОРС  е  л  і  к.  Ішінде  ауасы  бар  заттың  жарылғанда  яки  жұмсақ 
заттың жерге жоғарыдан құлап түскенде дүрс еткен дыбысты білдіретін 
сөз.
Торс етті. а) Үн, дыбыс қатты шықты; тарс етті. балапан торғай 
ұшамын деп оқыс ұмтылып, торс етіп жерге құлап түсті (Б.Соқпақбаев, 
Қайда.  Гауһар.).  ә)  Дүңк  етпе  мінез  білдірді;  қорс  етті.  Ә.Жолдасбай, 
мына  жеңгеңе  ақылыңды  айтшы,  өзінен-өзі  торс  етіп  ашуланады 
(Қ.Қуанышбаев, Шаншарлар).
ТОРСАҢ е л і к. Қорс етіп бұртиған, түксиген қимылды бейнелейтін 
сөз.
Торсаң қақты [етті]. Өз-өзінен өкпелеп бұртиды, қорс етті, ерсі мінез 
көрсетті.  Ықыласов  торсаң  қағып  со  бойда  актептерін  жиып  алады 
(Ж.Нәжімеденов, Кішкентай).
ТЫҚ е л і к. Кенеттен тырс етіп келте шыққан дыбысты бейнелеу 
үшін қолданылатын сөз. Түн ортасы ауа есік тық етті («Лен. жас»).
Тық еткізді. Тырс еткізді, тықылдатты. Не де болса көшеге шығуға 
бел байлап, ашумен таяғымды тық еткізіп, қозғала бергенімде, ол басын 
көтеріп алды (Қ.Жұмалиев, Жайсаң жан.).
ТЫҚ-ТЫҚ  е  л  і  к.  Қайта-қайта  тықылдап  шыққан  дыбысты 
бейнелеу үшін қолданылатын сөз. Абақтының айға баға күні ұзақ, Жанды 
жейтін  жылға  баға  түні  ұзақ.  Ескі  мола  дән  дыбыс  жоқ,  тым-тырыс. 
Тық-тық басып күзетші жүр жалғыз-ақ (М.Жұмабаев, Шығ.).
Тық-тық етті. Қайта-қайта тықылдады, тықылдаған дыбыс шығарды. 
Ал үміттің өзені талмайды ағып, Тық-тық етіп сағаты алдайды уақыт. 
Өмір сүру, бауырым, қандай қиын! Қандай қиын! Әйтсе де қандай бақыт! 
(Қ.Мырзалиев, Мәңгі майдан).
ТЫМПЫҢ-ТЫМПЫҢ е л і к. Тымпың қағып, томпаңдаған қимыл-
қозғалысты  бейнелейтін  сөз.  Айтқанымды  нағып  жерге  тастар  екен 
деп  тымпың-тымпың  тыпырлап  жүрген  тәпелтек  ушителге  бардым 
(Ж.Аймауытов, Шығ.).

287
ТЫҢҚ-ТЫҢҚ  е  л  і  к.  Қайта-қайта  тыңқылдап,  келте  шыққан 
дыбысты бейнелейтін сөз. Тыңқ-тыңқ еткен домбыраның бұраған үніне бір 
сан құлақ елегізе қалды (Х.Есенжанов, Ақ Жайық).
Тыңқ-тыңқ  еткізді.  Тыңқылдатты,  домбыра  шертті.  Ыбыш  тыңқ-
тыңқ еткізіп домбыра тартып қояды (Д.Исабеков, Мазасыз күн.).
ТЫПЫҢ-ТЫПЫҢ  е  л  і  к.  Аяғын  тепеңдете  басып,  тыпыңдатқан 
жүрісті  бейнелейтін  сөз.  Аяғын  тыпың-тыпың  басқан  кішкентай  қызым 
дыбысымды естіп, алдымнан жүгіріп шықты («Қаз. әдеб.»).
ТЫПЫР-ТЫПЫР  е  л  і  к.  Қайта-қайта  тыпырлап,  тыпырлаған 
қимыл-қозғалысты  бейнелейтін  сөз.  Жол  үстінде  бірдеңе  тыпыр-тыпыр 
етеді (И.Салахов, Көкшетау).
Тыпыр-тыпыр еткізді. Ашулы түрімнен қаймықты білем, аяғын тыпыр-
тыпыр  еткізіп,  шешесінің  бауырына  тығыла  түсті  (Ә.Қалдыбаев,  Су 
тасушы.).
ТЫРАҢ  е  л  і  к.  Аяқ-қолды  ербең  еткізіп  ебедейсіз  құлаған  қимылды 
бейнелейтін сөз. ≈ Тыраң еткен қимыл.
Тыраң асты. Аяғы көктен келді, мұрттай ұшты, құлады. Иса тағы да 
тұмсығын мегзеп қара шоқпарды сілтеп кеп қалғанда, бұл бөрі де тыраң 
асты (М.Әуезов, Таңд. шығ.).
Тыраң  етті.  Жалп  етіп  құлады.  Құлақты  жара  тарс  етіп  атылған 
мылтық  даусы  естіліп,  сол  сәтінде-ақ  бұқаның  тыраң  етіп  құлағанын 
жұрттың бәрі көрді («Білім және еңбек»).
ТЫРАҢ-ТЫРАҢ е л і к. Аяқ-қолды қайта-қайта сермегендегі немесе 
құлағандағы қайталама қимылды бейнелейтін сөз.
Тыраң-тыраң етті. Аяқ-қолын тырбаң-тырбаң еткізді, қақты. Жолаушы 
көз жіберіп қараса, тал арасында кетпені жарқылдап диқан тыраң-тыраң 
етіп жер шауып жүр екен (Д.Досжанов, Жібек.).
ТЫРБАЛАҢ е л і к. Тырбың-тырбың еткен қозғалысты бейнелейтін 
сөз; тырбаң-тырбаң етушілік.
Тырбалаң қақты. Аяқ-қолын ербеңдетіп, тырбаңдады. Төсек үстіндегі 
бірсыпыра шүберектің арасында тырбалаң қаққан қызылшақа жас исіне де 
емірене алмады (Ж.Нәжімеденов, Кішкентай).
ТЫРБАЛАҢ-ТЫРБАЛАҢ е л і к. Тырбаң-тырбаң еткен қайталама 
қозғалысты  бейнелейтін  сөз.  Жас  сәби  тырбалаң-тырбалаң  етіп,  қолын 
созып қояды («Жас қазақ үні»).
ТЫРБАҢ е л і к. Қол-аяқты ербең еткізіп тез қозғалтқандағы қысқа 
қимылды  бейнелейтін  сөз.  //  Бітпейтін  күйбең  тіршілік.  Күлән  өкпең  де 
орынды, тіршілікте кісінің тырбаңы таусылған ба (С.Алдабергенов, Қанат.).
ТЫРБАҢ-ТЫРБАҢ  е  л  і  к.  Қол-аяқты  ербең-ербең  еткізіп 
қозғалғандағы қайталама қимылды бейнелейтін сөз.

288
Тырбаң-тырбаң етті. Аяқ-қолын ербеңдетіп тырбыңдады. Ләззат Еренді 
бесігінен шешіп алып, тырбаң-тырбаң еткізді (Т.Ахтанов, Махаббат мұңы).
ТЫРБЫҢ е л і к. Қол-аяқты сермегендегі қысқа қимылды бейнелейтін 
сөз.  //  Тырысқандағы  қимыл-әрекет,  тырбаң.  Хасан  қожа  ел  шетіне 
жау  шапқанда,  қараңғы  қауымның  ессіз  тырбыңына,  күйіне  түсетін 
(О.Сәрсенбаев, Сағым).
Тырбың  қақты.  Аяқ-қолын  ербеңдетті.  Арасында  шүберек  пен 
мақтаның  Көз  алдымда  тырбың  қағып  жатқаның!  Дәрменсіз  ең  ол  күні, 
әлсіз ең, Шыбын қонса, қуып жүріп жаншып ем (Шығыс жұлдыздары).
ТЫРБЫҢ-ТЫРБЫҢ  е  л  і  к.  Ербең-ербең,  қол-аяқты  қайта-қайта 
сермегендегі қимылды бейнелейтін сөз. Жас сәбидің аяқ-қолдары тырбың-
тырбың етіп, алғашқы тамшы тигенде-ақ шырт ете қалатын (Қ.Исабаев, 
Айқыз).
ТЫРЖЫҢ е л і к. Бет-ауыздың қисайып кеткендегі қысқа қимылын 
бейнелейтін сөз.
Тыржың  етті  [еткізді].  Бет-аузын  қисайтты;  тыржиды.  Тағы 
көңілім  мұздайды  тұрпатымнан,  Қыз  ұрғандай  бетімнен  тыржың  етіп, 
Тағы  көңілім  тасиды  келе  жатып,  Қыз  көрінсе  қойсам  деп  жымың  етіп 
(К.Әзірбаев, Таңд. шығ.).
ТЫРҚ е л і к. 1. Тар жермен қысылып шыққан ауаның, желдің қысқа 
дыбысын білдіретін сөз. 2. Қысылып шыққандағы қысқа күлкіні білдіретін 
сөз. Тырқ етіп күлді (Ауызекі).
Тырқ еткізді. қ а р а п. Арт жағынан жел шығарды, осырды. Ол үйдегінің 
бәріне естірте арт жағынан жел шығарып, тырқ еткізді де кете барды 
(М.Әуезов, Таңд. шығ.).
ТЫРҚ-ТЫРҚ е л і к. 1. Тар жермен қысылып шыққан ауаның немесе 
желдің  қайталама  дыбысын  білдіретін  сөз.  2.  Қысылып  күлгендегі 
қайталама дыбысты білдіретін сөз.
Тырқ-тырқ  етті.  Даусын  онша  қатты  шығармай  тырқылдап  күлді. 
Жаманқара  жерден  жеті  қоян  тапқандай  әлденеге  мәз  боп,  тырқ-тырқ 
етіп күле берді (Р.Ниязбеков, Отағасы).
ТЫРП е л і к. Аяқтың бір басқандағы тықырын білдіретін сөз.
Тырп  еткізбеді.  Орнынан  қозғалтпады,  тапжылтпады,  қыбыр 
еткізбеді. Енді мен жыр-құдықтың шығырымын. Еңбектің тырп еткізбес 
тұғырымын. Жас кезде тұратұғын дап-дайын Сөзге – сөз, Жұдырыққа – 
жұдырығым (Қ.Мырзалиев, Мәңгі майдан).
Тырп  етпеді.  а)  Қимылдамады,  қозғалмады,  тапжылмады.  Әлдекім: 
«Тәйт! Шығарма үнің!» – деді. «Сен бір мал, бір бес байтал – құның», – 
деді. «Шоқысын қарға-құзғын жүрегіңді, Тырп етпе, жылама да, күнім!» 
– деді (М.Жұмабаев, Шығ.). ә) Енжар болды, жалқауланды, амал қылмады, 

289
әрекеттенбеді.  Ем  таба  алмай  дертіңе  мен  ертеден,  Сол  бір  қайғың 
өзегімді өртеген. Тырп етпейсің бас көтеріп көрпеден, Еңсең неге түсті 
мұнша, елім-ай? (М.Дулатов, Шығ.). б) Қарсылық көрсетпеді, айтқанына 
көнді. Байдың өз жауабы, өз мінезі оңбай тұрған соң банағы кісі бұзылса, 
әлгі ант ұрған байға, «мен айтпап па едім, оныкі, қулық сөз деп, міне, көрдің 
бе? деп, екіншіде тырп етпейтұғын қылып алады (Абай, Тол. жин.).
Тырп етті. а) Қыбырлады, жыбыр етті, қозғалды. Ықтиярсыз ұзатты, 
Тырп етерге дәрмен жоқ, Қаптаған адам жан-жағы (О.Шипин, Дастан). 
ә) Қарсыласты, қарсы тұрды. Өлшеулі демі бітпесе Қырық жыл қырғын 
болғанмен Ажалы жетпей ер өлмес. Тура құрық түскен соң, Тырп етпеуге 
дәрмен жоқ, ұсынып мойын кім көнбес? Ойналық та, күлелік, Сайран салып 
жүрелік, Өлген соң дәуір бір келмес! (Базар жырау, Шығ.).
ТЫРП-ТЫРП  е  л  і  к.  Тыпыр-тыпыр  етіп  жүргендегі  дыбысты 
білдіретін сөз. Үлкен резина етігін тырп-тырп сүйретіп, қалай оянғанын 
айтып келеді (Е.Ахметов, Талшыбық).
ТЫРС е л і к. Қатты заттың басқа затты затпен соғылысқандағы 
тықырын білдіретін сөз.
Тырс  етті.  а)  Сырт  ете  түсті.  Есік  тырс  етіп  қайта  жабылды 
(Е.Бекенов,  Дала.).  ә)  Қылт  ете  қалды,  шырт  етті,  ашуланды.  Баланың 
үрген  қуықша  тырс  ете  түсуі  қызға  да  ұнамады  (С.Баязитов,  Күтп. 
Кездесу).
Тырс  еткен  сыбыс  [дыбыс]  жоқ.  Ешбір  сыбыс,  хабар-ошар  болмады. 
Бір апта болды, тырс еткен сыбыс жоқ (Ә.Әлімжанов, Махамбет.).
Тырс [қыбыр] еткен тірі жан [пенде] жоқ. Қыбыр еткен адам, ешкім 
жоқ. Жүгіріп, ентелеп басып, қабаққа шықтым. Тырс еткен тірі жан жоқ 
(Ш.Мұртазаев, Интернат.).
Тырс  етпе.  а)  Үн  қатпа,  ләм  деме;  жұмған  аузыңды  ашпа  деген 
мағынада. ә) Еш қам жеме, уайымдама. Тырс етпе, Гүлжан! Түн жамылып 
отырмын ғой (С.Омаров, Қиыр.).
Тырс етпеді. Былқ етпеді, қозғалмады. Айнала әлденеден сезіктенгендей 
тырс етпейді (Ш.Мұртазаев, Мылтықсыз.).
Тіс  жарып  тырс  етпеді  [тырс  етіп  тіс  жармады].  Үндемеді,  еш  нәрсе 
айтпады, тіл қатпады. Содан екі-үш күнге дейін ол тырс етіп тіс жармай 
жүрді (С.Досымов, Жаңғырық).
ТЫРС-ТЫРС  е  л  і  к.  Сырт-сырт  еткен,  қатты  затқа  соғылғанда 
шығатын  қайталама  дыбысты  білдіретін  сөз.  Төбеден  аққан  тамшы 
тырс-тырс етеді (Д.Досжанов, Зауал).
Тырс-тырс  етті.  Сытыр-сытыр  етті,  тырсылдады.  Толық.  Тоқ 
балтыр. Біз өкшелі туфли сетінеп кететіндей аяғын басқан сайын тырс-
тырс етеді («Лен. жас»).

290
ТЫРТАҢ е л і к. 1. Шошаңдаған қысқа қимылды бейнелейтін сөз. 
// Әурешілік, құр бос әбігерлік. – Дүние жинау, таласып-тармасып өмір 
сүру – босқа тыртаң, – дейді Тайпағаңыз (З.Шашкин, Сенім). 2. Өз елін 
білмейтін  тырақай  адам.  Өлме,  Кемел,  өлме,  Өлсең,  қайтып  келме,  – 
Деп  бір  жақтан  Ботан,  Бір  жақтан  Мырқан,  Өй,  кілең  бір  тыртаң 
(О.Әубәкіров, Жасыр.).
Тыртаң  етті.  Шошаң  етті.  Ешкінің  екі  лағының  тыртаң  етіп 
арықтан секіргенін көріп қалдым (Ауызекі).
ТЫРТАҢ-ТЫРТАҢ  е  л  і  к.  Шошаңдаған  қайталама  қимылды 
бейнелейтін сөз. Тыртаң-тыртаң жүрісті таста (Ауызекі).
Тыртаң-тыртаң  етті.  Шошаңдады.  Тыртаң-тыртаң  еткен 
билерінің түрі қандай (Ауызекі).
ТЫРТЫҢ е л і к. Тыртаң. // Шолтиған киім киюшілік. Мынаның 
тыртыңы жетті (Ауызекі).
Бір  күн  тыртың,  бір  күн  бұртың.  Бір  күн  олай,  бір  күн  бұлай, 
құбылмалы.  Өзімдікі  дей  алмай  өз  малыңды,  Күндіз  күлкің  бұзылды, 
түнде ұйқың. Көрсе қызар келеді байлауы жоқ. Бір күн тыртың етеді, 
бір күн бұртың (Абай, Тол. жин.).
Тыртың  етті.  Жалбақтады,  жағымсақтанды.  Өзімдікі  дей  алмай 
өз  малыңды,  Күндіз  күлкің  бұзылды,  түнде  ұйқың.  Көрсе  қызар  келеді 
байлауы жоқ, бір күн тыртың етеді, бір күн – бұртың (Абай, Тол. жин.).
ТЫРТЫҢ-ТЫРТЫҢ  е  л  і  к.  Тыртаң-тыртаң.Тыртың-тыртың 
билеп қояды (Ауызекі).
Тыртың-тыртың  етті.  Шошаң-шошаң  етіп  қозғалды.  ≈  Мүштиіп 
алып тыртың-тыртың етеді.
ТЫР-ТЫР е л і к. Екі қатты заттың үйкелісінен тырылдап шыққан 
дыбысты білдіретін сөз. Мотоциклдің тыр-тыр, пыс-пыс еткен даусы 
естіледі (М.Гумеров, Шыңырау).
Тыр-тыр  қасыды.  Қышынған  денені  тырнақпен  тырылдата 
тырнады. Ол бөксесін тыр-тыр қасып, өрешені ашты (З.Жәкенов, Таң 
самалы).
ТЫРУ  е  л  і  к.  Тырнаның  үн  шығарып,  дыбыстағанын  білдіретін 
сөз.  Шіркін,  сыбызғы-ай!  Тырнаның  тыруын  менсінбей,  аққудың  әнін 
еншіленген сабаз-ай! (Т.Әлімқұлов, Сырлы наз).
ТЫСЫР  е  л  і  к.  Жүргенде,  қозғалғанда  шығатын  дыбысты, 
тықырды  білдіретін  сөз.  Тыстан  аяқ  тысыры  шықты  (Д.Досжанов, 
Зауал).
ТЫСЫР-ТЫСЫР е л і к. Сырт-сырт, тырс-тырс еткен дыбысты 
білдіретін  сөз.  Күбір-күбір  сөздер,  тысыр-тысыр  қимыл  көбейіп, 
медсестра кіріп келді (Сыбызғы сазы).

291
-Ү-
ҮП2  е  л  і  к.  Ауызбен  үрлегендегі  немесе  желдің  лебіне  ұқсас  қысқа 
дыбысты білдіретін сөз. Жем жейді қара арғымақ, түрт дегенде, Аяғын 
жекей  басар  қық  дегенде.  Жерлерге  үш  айшылық  болады  азық,  Аузынан 
жақ қалқаның үп дегенде (Біржан сал, Шығ.).
Үп еткен жел жоқ. Тымырсық, желсіз. Уақыт тал түс. Күн төбеде. 
Үп еткен жел жоқ (Ғ.Мүсірепов, Көз көрген.).
-Х-
ХА-ХА е л і к. Қатты күлгенде шығатын дыбысты бейнелейтін сөз. 
– Ха-ха... дұрыс айтасың, інім, – деп біреу желке тұсынан күліп жіберді 
(С.Сарғасқаев, Тәмпіш қара).
-Ш-
ШАЙҚАҚ е л і к. Қисаңдаған, шайқалған қимылды бейнелейтін сөз.
Шайқақ  қақты.  Ерсілі-қарсылы,  әрі-бері  теңселіп,  шайқақтады. 
Құдық  маңындағы  астаулар  ерсілі-қарсылы  теңселіп,  шайқақ  қағады 
(Р.Тоқтаров, Тұлпар.).
ШАҚ-ШАҚ  е  л  і  к.  Қатты  нәрсенің  екінші  бір  қатты  затқа 
соқтыққандағы  шығатын  қайталама  қысқа  дыбыс.  Үңгірдегі  бөлтірік 
адамды көргенде шақ-шақ етіп, қайрат жасады (Ә.Көшімов, Жас аңшы).
ШАҚ-ШҰҚ  е  л  і  к.  Тақ-тұқ,  тық-тық  еткен  күрделі  дыбысты 
бейнелейтін  сөз.  Поезд  доңғалағының  шақ-шұқ  дыбысы  түні  бойы  маза 
бермей шықты (Ол күндер).
ШАҚҰР-ШҰҚЫР е л і к. Шықыр-шықыр, шақ-шақ еткен дыбысты 
бейнелейтін  сөз.  Тісін  шақұр-шұқыр  қайрап  тұрған  дәу  Гүлбануды  енді 
ғана көрді (Б.Мұқаев, Аққу.).
ШАҚЫР-ШҰҚЫР е л і к. Қарш-қарш, қырш-қырш, шықыр-шықыр 
еткен дыбысты бейнелейтін сөз. Аракідік тасқа тиген күректер шақыр-
шұқыр етеді («Қаз. әдеб.»).
ШАЛДЫР-ШАЛДЫР е л і к. Шалдырлаған, шалдыр-шұлдыр еткен 
жағымсыз дыбысты бейнелейтін сөз.
Шалдыр-шалдыр  сөйледі.  Әр  нәрсені  шатып-бұтып,  қалай  болса 
солай сөйледі. Дудардай шаш қоясың қарыс қылып, Бұтыңа кидің шалбар 
жабыстырып,  Орысша,  қазақшаны  түгел  білмей,  Сөйлейсің  шалдыр-
шалдыр шабыстырып (О.Шораяқов, Шайыр).
Каталог: books
books -> Мақалалар, баяндамалар жинағы
books -> 1 Бес томдық шығармалар жинағы Телжан Шонан лы Оқу құралдары, оқулықтар
books -> Ғылым комитеті М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Сейіт Қасқабасов
books -> Ббк 83. 3 (5 Қаз) 82 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
books -> Бағдарламасы бойынша шығарылып отыр Редакция алқасы
books -> Құл-Мұхаммед М., төраға
books -> Ербол шаймерден°лы шы армалары бесінші том


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет