«Алтын Күз» ертеңгілік «Айгөлек» ересек тобы Балалар музыкамен кіреді. Хор. «Күз тамаша»



Дата26.01.2023
өлшемі18,35 Kb.
#63067

«Алтын Күз» ертеңгілік
«Айгөлек» ересек тобы

Балалар музыкамен кіреді.


Хор. «Күз тамаша»
Төлеміс, Мухсим, Райана өз тақпақтарын айтады.
Төлеміс:
Ел егінді жинайды,
Қырманға дән сыймайды
Біздің дала – бай дала
Алтын астық айнала.
Мухсим:
Сарғайды тоғай,
Сап-сары маңай.
Соңғы әнін айтып,
Құс кетті қайтып.
Райана:
Көк майсалы көрікті,
Алқаптағы көк егін.
Бұл күндері киіпті,
Сары жібек көйлегін.
Күз бізге қонаққа келді. (көрініс)
Зал күзгі атрибуттармен безендірілген. Залдың ортасында екі ағаш тұр. Үкі мен тиін екі ағашта отыр. Музыка ойналып, түлкі кіреді.
Түлкі (Феруза):

  • Күз маған қонаққа келеді. Өйткені, менің тоным дәл күздің өзіндей сап-сары.

Алақай, алақай,
Мен сап-сары түлкімін,
Алтын күзді сүйемін.
Өте қуаныштымын,
Күзге қатты ұқсаймын!
Сары жапырақтардай,
Ең сұлумын, алтынмын.
(Кенет түлкіге тиін жаңғақ лақтырады)
Түлкі: Ой! (Тиінді көріп қалады) Сен неге жаңғақтарды лақтырасың?
Тиін (Амина): (жерге түседі): - Өйткені, сен мақтаншақсың! Күз тек саған емес маған да келеді.
Қара, менің тоным күздей сап-сары,
-Әй, түлкі, қарашы!
Менің тоным сап-сары,
Ал, енді сен айтшы,
Кімнің тоны ең жақсы?
Сап-сары тиінмін,
Алтын күзге ұқсаймын.
(ағаштың басынан ақылды үкі ұшып келеді)
Үкі (Ислам): - Неге қатты шулайсыңдар?
Бұларың дұрыс емес, күз баршамызға келеді. Әсіресе, тыным таппай еңбектенген жандарға өз сыйлығын ала келеді. Күз жомарт. Сол сый саған да, маған да тиеді.
Тиін, түлкі шуламаңдар,
Күз келді, қарсы алыңдар!
Сары тиін – сен әсемсің,
Сары түлкі – сен де әсемсің.
Күзге бәрі ұнайды.
Жүргізуші: Қандай тамаша!
Өлкемізге күз келді!
- Келші, келші алтын күз,
Келші, келші жарқын күз.
Мерекені жалғастырып,
Ойнап, күлші алтын күз!
Балалар қарап, Күз ханшайымын қол соғып қарсы алады.
Музыка ырғағымен ішке сары киім киген Күз ханшайымы қолындағы сары жапырақтармен кіріп келеді).
Күз ханшайымы (Қызғалдақ апай): Алтын түске боялды,
Тау мен қырда, дала, түз.
Келдім міне ортаңа,
Менің атым Алтын күз!
- Сәлеметсіздер ме, қонақтар! Cәлеметсіздер ме, балалар! Мен Күз ханшайымы боламын, сендердің күз мерекелеріңе қонаққа келдім.Қараңдаршы, айналаның бәрін алтын түске бояп та қойдым. Қандай тамаша! Барлығы сары түске боялған.
Жүргізуші: - Қош келдің, Күз ханшайымы. Өзіңмен бірге береке, байлық, молшылық, тоқшылық ала келдің. Оған біз өте қуаныштымыз. Мына сыйды балаларға таратып берсек бола ма?
Күз ханшайымы (Қызғалдақ апай): - Жоқ, бұл сыйды балалар еңбек етіп, тер төгіп, өнерлерін көрсетіп, алулары қажет. Өйткені күздің сыйлары тек адамның еңбегінің арқасында болады.
Жүргізуші: Олай болса, Күз ханшайым, біздің балалар сізге арнап тақпақ айтып береді, тамашала.
Фариза:
Жапырақ ұшты,
Суық та түсті.
Сонда да бізге,
Қызық көп күзде.
Аяулым:
Алтын, сары, қызыл, көк,
Алуан, алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады атырап.
Мәди:
Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді.
Мирас:
Қарашы күз келді, күз келді
Жапырақ жауыпты іздерді.
Құс біткен керуен тізеді,
Қара бұлт қабағын түйеді.
Әли:
Күзім –ау, күзім-ау
Мінезің бұзық-ау.
Жаңбырың сіркіреп,
Келгенің қызық-ау!
Жансая:
Жемісі мол теретін
Күз дос екен бізбенен
Бәрін тауып беретін
Жомарт екен күз деген.


Би: «Себет биі».
Күз ханшайымы (Қызғалдақ апай): - Балалар шетінен өнерлі екен. Мен өзіммен бірге өнімдерімді ала келдім. Олар өздерін таныстырсын. (Көкөністер мен жемістер шығады).
Інжу (Алмұрт):
Тіл үйірген алмұртпын,
Таңсығымын бар жұрттың.
Жақсы өсіре алмайды,
Қараса егер салғырт кім...
Лиана (Алма):
Нарттай қызыл алмам бар,
Жазда әдемі киінем,
Мәз болады алғандар.
Тілді балдай үйірем.
Руслан (Сәбіз):
Өсіретін бойыңды,
Дамытатын ойыңды,
Қоянға да азықпыз –
Сәбіздерміз жазықсыз.
Медина (Шие):
Мен моншақты шиемін
Құмарсындар білемін,
Кетіп қалып жүрмесін
Тамағыңа сүйегім.
Ілияс (Пияз):
Асханадан шықпаймын,
Атым – пияз бұқпаймын.
Көзден жасты шығарып,
Тұмаудан бірақ сақтаймын.


Дастан, Нұрым, Заңғар, Ғалымжан, Қарақат


Ойын: «Көкөністер мен жемістерді жина».


Ертеңгілік соңы ХОР «Күз келді».

Биге қатысатындар:
Дана – Маржан
Медина – Айзере
Айым – Райана
Фариза – Малика
Рабия – Адина
Биге себет пен косынка керек.


Ертеңгіліктегі жұптар тізімі:

  1. Дана – Мәди

  2. Аяулым – Димаш

  3. Рабия – Руслан

  4. Феруза – Мухсим

  5. Амина – Нұрым

  6. Фариза – Төлеміс

  7. Жансая – Ғалымжан

  8. Айым – Ілияс

  9. Диана – Мирас

  10. Айзере – Назар

  11. Райана – Ислам

  12. Адина – Заңғар

  13. Інжу – Дастан

  14. Маржан – Малика

  15. Медина – Әли

  16. Лиана – Қарақат


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет