Музыка тыңдау балабақшада музыка тыңдаудың мақсаты мен міндеттері Музыка тыңдауға қойылатын талаптар Балабақшада музыка тыңдау репертуары және оны талдау Музыкалық



Дата05.12.2023
өлшемі24,77 Kb.
#134549
Байланысты:
Музыка тыңдау


МУЗЫКА ТЫҢДАУ

  1. Балабақшада музыка тыңдаудың мақсаты мен міндеттері

  2. Музыка тыңдауға қойылатын талаптар

  3. Балабақшада музыка тыңдау репертуары және оны талдау

  4. Музыкалық шығармаларды қабылдауда қалыптастырудың негізгі кезеңдері мен әдістері

  5. Музыка тыңдау процесіндегі көрнекі және техникалық құралдар қолданудың әдістері



І. Балабақшадағы балаларға музыкалық тәрбиенің маөсаттарын жүзеге асыру үшін музыкалық шығарманы орындап қана қоймай оны терң сезіммен, саналы түрде қабылдай біліп тыңдауға үйрету керек.
Егер көпшілік айтатын әндер жалпыға бірдей таныс болса, кейбір күрделі дауысқа арналған немесе жеке аспапқа арналған музыкалық шығармаларды тек музыканы терең сезініп қабылдай білетіндер ғана тыңдайды. Көпшілік қауым күрделі музыкалық шығармаларды дұрыс түсінбегендіктен оны тыңдай алмайды, себебі ондай адамдардың музыкалық түсінігі, білімі таяз.
К. Маркс: «Егер де өнерден ләззат алғың келсе, онда өзіңнің көркемдік талғамың мен білімің жоғары болсын» деген. Музыка сыншысы А. Серов: «Бетховенның симфониясынан ләззат алу үшін музыканы түсініп тыңдай білуің керек» дегендей, музыканыдұрыс түсініп тыңдай білуге тәрбиелеу арқылы балабақшадағы балалардың ой-өрісін, санасын, қиялын, талғамын, жалпы өнерге деген сүйіспеншілігі мен мәдениеттілігін дамытамыз.
Балабақшада музыка сабақтарындағы ән айту процесінде музыканы сауатты түрде тыңдауды үйрене бастайды.
Музыканы көңілге қондырып, жүрекке жылы тигізіп, сезе түсініп, оның сиқырлы әлеміне бойлау үшін ең алдымен оны тыңдай білу өте қажет.
Музыка сабақтарындағы музыка тыңдау процесінің мақсаты – музыканттар дайындау еммес, жалпы жасөспірімдердің өнерге деген мәдениетін көтеру, қазіргі заманның талабына сай тәрбиелеуге бағытталған адамгершілігі мол, нәзік сезімді, қайырымды, мейірімді, шығармашылық қабілеттері мол ұрпақ дайындауға көптеген әсері бар құрал ретінде пайдаланатын жұмыстардың бірі болып есептеледі. Өйткені, музыкалық шығарманы адамның рухани азығы десек қателеспейміз. Музыканың үні арқылы адам баласының сезімі қалыптасады. Сезім арқылы адам түсінігі, дүниеге деген көзқарасы қалыптасады. Қандай да музыкалық шығарма болмасын адамның өмір тарихымен, сол адам өмір сүрген қоғам тарихы арқылы туындайды. Оған мысалға көптеген музыкалық шығармаларды алуға болады.
Бірақ, олар туралы музыка тыңдаудың әдіс-тәсілдерін үйрету барысында тереңірек тоқталамыз. Ал сол музыканы тыңдауды үйретуді баланың жас кезінен бастап қалыптастырған дұрыс.
Бұл туралы Э.И.Бальгитис дейтін ғалым: «Баланың музыкалық талғамы оның балауса жас кезінен-ақ өз халқының ән-күй өнерінің ықпалымен дамиды» деген болатын. Сондықтан қазақ балаларының музыкалық талғамын қазақтың әндері мен күйлерін тыңдату, үйретуден бастап қалыптастырған жөн.
Қазақ халқының ұлттық музыка мәдениетінде бар жанрлардың түрлері, халық әндері мен күйлері мол.
Бұл ретте музыка тыңдауды сәби дүниеге келгеннен анасының әлдиі «Бесік» жырларынан, өз ұлтының әуенін ана сүтімен дамытудан бастайды да, одан әрі біртіндеп ұлттық әуенді таныстыру арқылы күрделене түседі. Балаларды өз ұлтымыздың өнерін, халқымыздың асыл қазынасын бойларына сіңірту мақсатында музыка тыңдаудың рөлі өте зор, халықтар арасындағы достықты сақтау үшін, әр халықтың жақсы ісімен өткен таризты насихаттау үшін, жақсы мен жаманды айыру, табиғат сұлулығын, ерекшелігін сезіну, өайырымды, мейірімді, адал болу үшін – жалпы айтқанда балалардың өмірге деген көзқарастарын дұрыс қалыптастыруға тәрбиелеуіміз керек.
ІІ. Музыканы тыңдау және оны қабылдау музыкалық іс-әрекеттердің (ән айту, музыка тыңдау, музыка сауаты) барлық түрлерінің нәтижесінде қалыптасады.
Музыка тыңдау процесі кезінде балалардың зейінін, эмоциялық сезімдерін, ойлау, түйсіну қабілеттерін дамытамыз. Музыканы тыңдау, оны қабылдау неден басталады десек, ол тыныштықтан басталады дер едік, өйткені музыканы қабылдай білу ең алдымен ұқыптылықты, зейінділікті, тыныш тыңдай білуді талап етеді. Сонда ғана әуен-саз көңілге жайлы, ақылға қонымды адам сезімін жылытатын әсер берері сөзсіз. Ал кез келген музыканы бірден қатарынан талғамсыз тыңдауға болмайды.
Бұл біздің түйсігімізді, нәзік сезімімізді әлсіретеді, бара-бара әрбір үннің әуезін, әрбір әуеннің иірімдерін сезіну қабілетімізді кемітеді, сөйтіп музыканың эстетикалық мәнін жоғалтып аламыз.
Сондықтан балабақша бүлдіршіндеріне музыка тыңдау процесінде мұғалім балаларды дұрыс ұйымдастыра біліп, олардың сол музыкаға деген қызығушылығын арттырып, оқушыларға беретін психологиялық әсері мен тәрбиелік маңызына көп көңіл бөлу керек. Себебі, қандай да ойды білдіреді, оны терең жан- жақты балаларға сезіндіре білу үшін мұғалімнің өзінің жан-жақтылығы, яғни психология, педагогика, философия, медицина, әдебиет, тарих, табиғаттану, т.б. ғылым саласынан хабардар болуы өте қажет.
Әрбір музыканы тыңдау процесінде тыңдатылатын шығарманың психологиялық әсері мен педагогикалық тәрбиелік маңызы, философиялық мәні, оқушылардың физиологиялық жас ерекщшеліктеріне байланысты қабылданатынын ескеру керек.
Балабақша балаларын музыка тыңдай білуге дұрыс қалыптастыра отырып, олардың жас ерекшеліктерін ескеріп, шағын жеңіл музыкаларды тыңдатудан бастауымыз керек. Музыканың орындалу ырғағына, сазына, орындалып тұрған аспаптың тембріне және музыкалық шығарманың мазмұнына, тәрбиелік мәніне көңіл бөлу керек.

  1. Музыкалық шығарманың сипатын (характерін) сезіну, естіген музыкаға эмоциялық әсерін көрсету, музыкалық бейнелі түсіну.

  2. Тыңдау қабілеттілігі, музыкалық құбылыстарды салыстырып, оларға баға бере білу. Мұның өзі ең қарапайым музыкалық дыбысты тыңдап, ести білу мәдениетін, қайсыбір бейнелеу құралдарына ден қойып, еркін тыңдау қабілетін талап етеді. Мысалы, балалар музыкалық дыбыстардың ең қарапайым қасиеттерін, аспаптардың (рояль, скрипка, баян, домбыра, қобыз, т.б.) жоғары және төмен тембрлік дыбысын бір-бірімен салыстырады, әннің бастамасын, қайырмасын (музыкалық шығарманың ең қарапайым құрылымын) бір-бірінен айырады, бір-біріне қарама-қарсы көркем бейнелердің айқындылығын байқайды.

  3. Музыкаға жеке шығармашылық көзқарас қалыптастыру. Бала музыканы тыңдап отырғанда көркем бейнені (әнді, биді, күйді) көз алдына өзінше елестетіп қабылдайды.

Музыкалық тәрбие берудің негізгі көрнекілік – ол музыкалық шығарманың өзі болып табылады. Музыкалық білім есту арқылы қалыптасады, сондықтан есту қабілетін дамыту музыка тыңдау арқылы жүзеге асып, барлық музыкалық түсініктер қалыптасады. Музыкалық түсініктермен қатар балалар жалпы музыканың жанрлары, музыкалық шығармалардың құрылысы, музыка тілі, сазгерлердің өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұматтар алады.
ІІІ. Балаларға тыңдататын әр музыканың мазмұны музыкалық тәрбиенің мақсат- мүддесіне сай болу керек. Музыкалық шығарма әр сыныптың оқушыларының жас ерекшеліктеріне сай іріктелуі керек. 1-2 сынып оқушыларына тыңдатылатын музыкалық шығарма шағын, жеңіл, ойлану ұзақтығы 1-1, 5 минуттан аспайтын, 3-4 сынып оқушыларына тыңдатылатын музыканың ұзақтығы 3 минуттай болуы керек.
Балалардың көңіл қойып тыңдау мүмкіндігі кеңейген сайын тыңдатылатын музыка ұзақтығы да кеңейе түсетінін ескеруіміз керек.
Тыңдатылатын музыкаларды жеңіл және күрделі (байсалды) деп топтауға болады. Жеңіл музыканы көңіл көтеруге, демалу кезінде тыңдауға болады, ондай музыкалар жеңіл қабылданады, сондықтан да жеңіл музыка деп аталады. Оған эстрадалық, джаздық, оператталық музыкаларды жатқызуға болады. Мұндай музыкалар өте әдемі, көркем әуенді болғандықтан адамдарға көтеріңкі көңіл, қанағат береді. Тек мұндай музыкаларды тыңдаумен шектелу дұрыс емес. Күрделі, маңызды музыкаларға қарағанда жеңіл музыканың мазмұны жұтаң, терең сезімге бойлай алмайды. Жеңіл музыкалардың ішінде бос, бас ауыртатын ешқандай мәні, мағынасы жоқ музыкалар да болады. Әсіресе соңғы кездерде сондай әуендер өте көбейіп кетті, мәнсіз мағынасы, құр дүңкілдеген барабанның соғыс ырғағымен адамды еріксіз қозғалтатын музыкалар тыңдаушының жүйкесін балғамен ұрғандай әсер етуі арқылы нәзік сезімдер мен түйсіктерді жойып, мидың жүйке жүйелерінің жұмысын әлсіретеді. Сондықтан бастауыш сыныптардың оқушыларының 1-сыныбынан бастап мағыналы күрделі музыкаларды тыңдатуға баулып, музыка «тыңдау репертуарына вокалдық, аспаптық шығармаларды, халық шығармашылығын, классикалық (орыс, шетел) және қазіргі заман музыкаларын енгізген дұрыс.
Бағдарламаға енген халық әндері мен күйлері оқытушылардың ұлттық музыка өнерімен кеңінен танысып меңгерулеріне мол мүмкіндік береді. Халқымыздың ғасырлар бойы туындап ұрпақтан- ұрпаққа жалғасып келе жатқан салт-дәстүрге, әдет-ғұрыпқа, төрт-түлік малға, тарихына байланысты шыққан ән, жыр, терме – толғау, айтыс, эпостық жырлар, күй өнерімен танысу жүйелі жоспарланып сыныптан сыныпқа дейін күрделеніп жүргізіледі.
IV. Музыкалық шығарманытқабылдау кезеңінде шығарманы игеру процесін мынадай төрт кезеңге бөлуге болады:
1. мұғалімнің кіріспе сөзі;
2. алғашқы тыңдау;
3. шығарманы таңдау;
4. шығарманы қайталап тыңдау.
Мұғалімнің кіріспе сөзі оқушылардың зейінін орындалатын шығармаға аудару мақсатында болуы керек. Тыңдатылатын музыканың мазмұнын толық ашып баяндап берудің қажеті жоқ, олай ету оқушылардың өздерінің ойлау, түйсіну, елестету қабілеттерін дамытпайды, керісінше музыканы тыңдамас бұрын олардың зейінін толық әзірлеп, тыңдап отырғанда нені байқадыңдар, музыка нені баяндар екен, көз алдарыңа нені елестетер екенсіңдер деген сияяқты қызықтыра, ынталандыра түсетін тапсырмалар берген дұрыс, мұндай тапсырмалар балалар бойындағы қиялын, шығармашылық қасиеттерін дамытады.
1) кіріспе әңгіменің барысында тыңдататын музыканың авторы – сазгер туралы қысқаша түсінік беріп, осы шығармаға байланыстыра баяндау керек. Кейбір музыка пәні мұғалімдері тыңдататын шығарманың композиторлары туралы толық дәріс оқып, туған, өлген жылдарын, оның бүкіл өмірінің белестерін айтып жатады, бұл дұрыс емес, әсіресе бастауыш сынып оқушылары соншама көп мағлұматтарды еске сақтай алмайды, қайта олардың музыка тыңдауға деген ынтасы, зейіні түсіп кетеді. Сондықтан, сазгер туралы өте тиянақты, қысқаша мағлұмат берілгені дұрыс. Оқулықтағы немесе музыка кабинетіндегі портретін көрсетіп таныстырып кету артықтық етпейді:
2) музыканы алғашқы тыңдау барысында жоғарыда айтып кеткендей, оқушыларға тапсырмалар беріп тыңдатамыз да, олардың кім қаншалықты түсініп, байқағандарын талдау кезінде білеміз. Алғашқы тыңдау кезінде сыныпта тыныштықты сақтауды қалыптастыру керек. Егер де бір адам тыныштықты бұзса, ол барлық оқушылардың тыңдауына кесел келтіріп қан қоймайды, ол адам осы музыкалық шығарманы, және оны шебер орындаушыны сыйламайтындықтарын, музыканы түсінбейтіндіктерін көрсететінін оқушылар өздері сезіне білу мәдениетін қалыптастырамыз.
3) музыканы талдау эмоциялық қабылдауға кедергі келтіріп, тыңдаушының ойын бөледі. Сондықтан орындаған музыканы тереңдетіп талдау өте қиынға түседі. М.Горький: «Музыка туралы сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес, музыканың тілі сөйлеуден де бай» дегендей музыкалық шығарманы түсіну мен сезіну бірдей емес, сөйлемдер құрап талдауға болады.
Музыканың, ырғақтың екпінін жылдам, жай, орындалуын айыра білуге тәрбиелеу кезінде қойылатын сұрақтар, оқушылардың өз түсініктерін толық жеткізе білетіндей болып қойылуы керек. Музыка жылдам ойналып тұр ма, әлде жай ма, орташа ма?
Балаларды шығарманың қандай аспапта орындалып тұрғанын тембріне қарай айыра білуге тәрбиелейміз. Бұл ретте музыкалық аспаптардың суреттерін көрсетіп, осы аспаптардың қайсысымен орындалып тұр деп ойлайсыңдар деген сұрақтар қою арқылы жүргізуге болады.
Музыка тыңдау кезінде көрнекі құралдарды, яғни көркемсуретпен үнемі байланыстырып отырудың қажеті жоқ. Кейбір мұғалімдер әр сабақ сайын тыңдатылатын музыкалық шығармаға байланысты көркемсуреттер қолданып отырады, ондайда оқушылар тыңдаған музыканың мазмұнын түсінбей тек көру арқылы қабылдағандарын баяндап бере алады деген ұғым. Көркемсуреттерді тіпті қолданбау керек демейміз, кейбір оқушылардың қабылдауына қиын, мазмұны таныс емес шығармаларды тыңдаған кездерде бейнелеу құралын пайдалануға болады. Тыңдатылатын музыкалық шығарманың мазмұнын түгел бейнелеп қоймай, тек сол тақырыпқа жалпы байланыстырылған көркемсуреттерді қолдануға болады. Мысалы: табиғатқа байланысты «Саржайлау», «Сарыарқа» күйлерін тыңдатқан уақытта, қазақ даласының әсем табиғатын бейнелейтін жалпы көріністік көркемсуретті, аспаптар мен таныстыру мақсатында тыңдатылатын шығармаларға (күйге) байланысты аспаптар суреттерін (қобыз, жетіген, сыбызғы, үскірік, т.б.) оркестрлермен таныстыру барысында оркестр құрамындағы аспаптар суреттерін қолдануға болады.
4) Музыкалық шығарманы тыңдаудың соңғы кезеңі сол шығарманы қайта тыңдау болып табылады.
Музыкалық шығарманы қайталап тыңдау, оқушылардың сол шығарманы (күйді, әнді, симфонияны, балетті) тереңірек түсінуі, қабылдау үшін, шығарманы жақсы көріп, есте сақтау үшін өте қажет. Қайталанып тыңдау арқылы оқушылар шығарманың мазмұнын, құрылымын жақсы түсіне бастайды, сол музыканы сүйіп тыңдауға дағдыланады. Бір рет тыңдағанда оқушылар әлі ештеңені пайымдай алмай, естеріне ештеңе сақтай алмай қалады, ал қайталанып тыңдау арқылы олардың көздері ашылып, музыкалық шығарманы саналы түрде түсініп талдай алатын жағдайға келеді. Бір рет тыңдау кезінде оқушылар ол тыңдаған музыка туралы ештеңе айта алмай, ал бір-екі рет тыңдағаннан кейін толық ойларын, пікірлерін жеткізе алатын болады. Неғұрлым музыкалық шығарманы көбірек тыңдаса соғұрлым балалардың естерінде сақтау мүмкіндігі нақты болады да, келесі тыңдатылатын музыкалық шығармалардан айыра алатын қабілеттері артады.
V. Музыка сабақтарында музыкалық шығарманы тікелей тыңдау – негізгі көрнекілік болып табылады. Ал музыкалық шығарманы сапалы түрде тыңдату үшін техникалық құралдардың маңызы зор. Магнитофон, грампластинкалар арқылы шығарманы тыңдату барысында таспа жазбасының, пластинка жазбаларының дыбыстарында музыкалық шығарманың таза орындалуын қадағалау керек. Музыка тыңдату сабағын тиімді дәрежеде өткізу үшін арнайы жабдықталған музыка бөлмелері міндетті түрде болуы керек. Музыка кабинетінде композиторлар портреттерң, музыка ұжымдарының яғни, оркестрлердің (ұлт-аспаптар, симфониялық, үрлемелі аспаптар), хор ұжымдаарының суреттері, оркестр құрамына енетін аспаптар суреттері, т.б. болғаны балалардың тыңдау кезінде музыкалық сауаттылықтарын толықтырып отыруларына әсері бар.
Көрнекі құралдар мен техникалық құралдарды қолдану тәсілін тиімді ұйымдастыру үшін:
1. Музыка сабағын жаңа заманға сай өткізуге қойылатын талаптарды ескеріп, балаларға жан-жақты тәрбиелі білім беру мақсатында оқу процесінің деңгейін тек жалпы пәндер арқылы ғана емес, сонымен қатар музыка сабағын жоғары дәрежеде өткізу арқылы жүргізу керек.
2. Музыка сабағында көрнекі құралдарды, техникалық құралдарды, бейнелеу, телеэкранды т.б. тиімді пайдалану арқылы музыка пәнін оқыту одан да сапалы, нақты деңгейде болады.
3. Көрнекі құралдарды орынды қолдана білу арқылы оқушылардың музыкалық шығармаларды терең түсініп, қабылдау, талдай білу қабілеттерін дамытамыз, музыкалық бейнелерді қабылдау дағдыларын қалыптастыра отырып, музыкалық білім деңгейлерін, ойлау, түсіну сезімдерін бойларындағы шығармашылық қабілеттерін жетілдіру мүмкіндігін дамытамыз.
4. Оқушылардың музыкалық шығармаларды қабылдау мүмкіндіктерін жақсарту үшін міндетті түрде көрнекілік, техникалық құралдарды кешенді түрде қолдану керек:
а) көркем әдебиеттер (сазгерлер туралы оқулықтар, брошюралар, журналдар, т.б.).
б) техникалық құралдар (магнитофон, күй табақтар, теле-бейне құрылғылар, т.б.)
5. Оқушыларға музыкалық- эстетикалық тәрбие беру негізгі рөл атқаратын жан-жақты талапқа сай жабдықталған музыка кабинеті болуы керек.


Бақылау сұрақтары

  1. Музыка тыңдау әдістерінің мақсаты мен міндеті нені көздейді?

  2. Музыка тыңдауға қанндай талаптар қойылады?

  3. Музыка тыңдатту үшін репертуарларды қалай таңдау керек?

  4. Музыкалық шығармаларды қабылдаудың негізгі кезеңдері мен әдістері қандай?

  5. Музыка тыңдатуда қандай көрнекіліктер мен техникалық құралдар қолданылады?

  6. Музыка тыңдау арқылы балалардың шығармашылығын қалай дамытамыз?


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет