Алтын Орда кезеңінің мәдениеті. Ақсақ Темір билігі тұсындағы ғылым мен мәдениет. Орындаған: Жаманқұл Т



бет1/3
Дата18.04.2023
өлшемі11,24 Kb.
#83803
  1   2   3
Байланысты:
Алтын Орда кезеңінің мәдениеті. Ақсақ Темір билігі тұсындағы ғыл-melimde.com


Алтын Орда кезеңінің мәдениеті. Ақсақ Темір билігі тұсындағы ғылым мен мәдениет

Алтын Орда кезеңінің мәдениеті. Ақсақ Темір билігі тұсындағы ғылым мен мәдениет.

Орындаған: Жаманқұл Т

Алтын орда дәуіріндегі әдебиет ХІІ ғас. 2- жартысынан XV-ғас соңына дейін өмір сүрген Алтын Орда мемлекетініңжазба мұралары. Бұл мемлекеттің тұрғын халықтары этник. құрылымы жағынан әртүрлі еді. Алтын Орда дәуірінде бай әдебиет жасалды. Бұған Құтб, Хорезми, Сайф Сараи, Әли, Сиди Ахмед, Хұсам Хатиб сияқты ақын- жазушылар, Абу Хайан, Ибн Муханна сияқты ғалымдар ат салысқан. Алтын Орда дәуірінде пайда болған жазба мұралардың көпшілігі жоғалып кетті. Алтын Орда кезеңіндегі мәдениет, тұтастай алғанда, жасампаздық сипатта болды, көптеген халықтар мен елдердің, соның ішінде Ресейдің мәдени дамуына игі ықпал етті

Алтын Орда мемлекеті өмір сүрген уақытта Еділдің бойы мен Донның сағасы, Днепр мен Днестр арасы, Каспий мен Қара теңіз, Азау теңізі жағасы, Қазылық (Кавказ) тау бөктерлері орасан өзгерістерге ұшырады. Құс қанаты талатын байтақ өңірде маржандай тізіліп, батыс пен шығыстың келбетін бірдей бойына сіңірген қала-кермендер орнай бастады. Әзірге қолда бар деректерге қарағанда Алтын Орда тұсында қайта қалпына келтірілген немесе жаңадан салынған шаһар-кенттердің ұзын саны 150-ге жетіп жығылады. Азғана уақыттың ішінде Жошы ұлысы бір орталыққа бағынған күшті көшпелілік және отырықшылық мәдениеттер үйлесім тапқан жарасымды мемлекетке айналады. Бұған хандардың белгілі дәрежедегі бейбіт сыртқы саясаты да аз әсер етпесе керек. Құлағу ұрпақтарымен жүргізілген нәтижесіз соғыстарды санамасақ, Алтын Орда ұзақ жылдар бойы сауда-саттыққа, алым-салыққа негізделген тыныш саясат ұстанды.Орда жеріндегі бұзылған, ескі қалаларды қалпына келтіру ісі XIII ғасырдың 40-жылдарынан жүргізілсе, жаңа кенттер тұрғызу Сайын хан - Батудың тұсында басталды.

Батудан кейін орда тізгінін қолына алған Берке хан да қала құрылысына ерекше мән беріп, көптеген шаһарлар салдырды. Дегенмен, шаһар мәдениетінің шын мәнінде өркендеуі Өзбек пен Әз-Жәнібек хандар билік құрған, XIV ғасырдың 20-60-жылдарына тұспа-тұс келеді. Бұл кездерде Алтын Орданың Сарай, Сарай әл-Жәдид, Гүлстан, Болгар, Білар, Азақ (Азаулы), Қырым, Қафа, Қажы-Тархан, Орда-Базар, Бек-Базар, Үкек, Сарайшық, Түмен, Ақкермен, Шаһар әл-Жәдид, Мажар, Мамай-Сарай, Бел-Жәмен, Қопа, Хорезм, т.с.с. сынды қалаларының даңқы шартарапқа жайылып, ірі әкімшілік, мәдениет орталықтарына айналған еді. Бүгінде белгілі болған құжаттарға қарағанда, Алтын Ордадағы қала салу мәдениеті өз заманы үшін ең жоғарғы деңгейде болғанына көз жеткіземіз. Алтын Орда шаһарларынан Азияны, Еуропаны жайлаған көптеген ұлттар мен ұлыстар мәдениетінщ іздері, жетістіктері байқалатын. Бұл кенттерді тұрғызуда Шығыс сәулет өнерінің ең үздік дәстүрлері уақыт сынынан өткен құрылыс материалдары, оларды жасау технологиясы, қала жобалаудағы жаңашыл бағыттар пайдаланылған еді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет