«Ана тілім айбыным»



Дата03.11.2022
өлшемі15,47 Kb.
#47144
Байланысты:
эссе ана тілі айбыным

«Ана тілім – айбыным»


Тіл - ұлттың рухани мұрасы. Толастаған өмірінің, тұнған тарихының жарқылдап тұрған жаршысы. Өмірдегі белестің байланыстырушы балансы. Өміріміздің мәні мен сәнін келтіретін құнды мұрасы. Өзіміз жасамаған, өзге қол сұқпаған ұлттық құндылығы. Қасық қаны тамғанша, елім, жерім деп шайқасқан бабаларымыздың аманаты.
Туылған сәттен бастап, шыр етіп дүние иісін сезгеннен бастап, бұл өмірде "адам" деген атымызды қалыптастырдық. Өсе келе, көре келе, бал тіліміз кеуде тұстан сайрап, "ана" деген сөздің пайда болуына әкелді. Осы сәттен бастап, тіл қолданушысына, қасиетті тіліміздің қадірлі болмысына келіп тірелдік. Бойымыздағы құнды тілдің жахандануын қалыптастырдық. Тіл қай бір елдің, қай бір халықтың болмасын байланыстырушы құралы. Сөз болмаса, тіл болмаса, бұл фәнидің құны да жоқ. Күндер өтіп, әр уақытымыз сараланған сайын тіл құндылығының ұдайы дамып, қажет болып жатырғанын көреміз. Тарихтың негізгі беттеріне көз салсақ, тілдің аса маңызды рөлін байқап жатамыз. Тарих беттеріндегі ел дүркіндірген алып империялардың өздерінің ыдырауына құнсызданумен қатар тіл де себепші болғанын еске алғанымыз жөн болар. Қазіргі уақытта бейбітшілік төрінде, тәуелсіз Қазақстан Республикасында тыныш таңдарды аттырып жатырмыз. ҚР - ның басты байлығы осы тіліміз. Еліміздің ана тілі - қазақ тілі. Тіліміздің қалыптасуына көз жүгіртсек, сақ тайпаларынан тіл байланысын байқай аламыз. Көне дерек бойынша, осы "қазақ" деген ұғымның өзі нағыз сақ дегеннен келіп шыққандай. Тіл дамуын ғалымдар 3 кезеңге бөлсе, мен бірнеше кезеңге бөлер едім. Өз кедірлі-бұдырлы, тар заманынан өткен қазақ тілінің құндылығы тым жоғары санатта. Сонау 1465 жылы Көшпелі Өзбек мемлекетінен бөлініп шығып, Керей мен Жәнібек Қазақ хандығын құрды. Содан бастап, тіліміз, дініміз, ұлтымыз қалыптасты. Артынша бірнеше жылдан соң, Кеңестік Социалистік Республикалар Одағына кіргеннен кейін, тіліміз бұрмаланды. Өздеріңізге мәлім, елімізде орыстандыру саясаты кең насихатталды. Қазақ тілінің мәртебесі азайды, болмысы төмендеді. Қазақ мектептері дерлік жабылып, орыс мектептерінің үлесі артты. Айтылмай, тарих бетінде жасырынып қалған жағдайлар қаншама. Осы жағдайларға қарамастан, қазақ тілі көне заманнан осы заманға дейін өз көрнекілігімен, өзгеріссіз жетті.
Қазақ тілі - өз ұлтының шоғыры мен жайдары әрі байлығы. Тіл - өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем. Тілден тілдің кеңдігі болмағанымен, кемдігі жоқ. Өз ұлтын ғана емес өзге ұлтты да таңғалдыра біліп, әлем бойынша биіктен қол самғаған тіл. Қазақ тілі мен елі дегенде ең алдымен біз үшін ғана емес, өзге ел үшін қонақжайлық, салт - дәстүрдің тұнған ортасы елең қағады. Қазақ тілінің құндылығы, рухани болмысы - күңбірлеген домбырасы мен сары домалақ бауырсағы. Домбыраның әуезділігі шырқап салған құдды бір әуендей. Әдебиетті қарасақ, мына өлең жолдарына назар салу арқылы, көп нәрсені көруге болады.
Ерлiк, елдiк, бiрлiк, қайрат, бақ, ардың, —
Жауыз тағдыр жойды бәрiн не бардың...
Алтын Күннен бағасыз бiр белгi боп,
Нұрлы жұлдыз, бабам тiлi, сен қалдың, - деп Мағжан Жұмабаев жырлағандай, біздің тіліміз құдды баяғы заманды сөйлеткендей. Ана тіліміз өз айбынын, рухы мен күшін бізге бергендей. Тіліміздің бай, құнды екенін зиялы қауымнан анық байқауға болады. Оларды қалай анық байқай аламыз деген жан болса, өз ұлтымның айбындары Міржақып Дулатұлын, Мағжан Жұмабаевты, Әлихан Бөкейхановты, Сұлтанмахмұт Торайғыровты, Рахымжан Отарбаевты, Қасым Аманжоловты, Фариза Оңғарсынова т.б қысылмай айтар едім. Оларды айту арқылы, қысылмай сайрар едім. Тіліміздің рухани құндылықтарын біз секілді жастарға насихаттаған жазушы ақындардың еңбектерінің зор екенін байқай аламыз. Жазушылар құдды жыр шерткендей, олардың шығармаларын оқу арқылы тілдің беретін ұлы күштерін көре аламыз. Әлемдегі мыңдаған тілдердің ішіндегі көнесі, байы осы қазақ тілі секілді. "Тілі жоқтың - өзі жоқ" демекші, тілі өлген ел тірі өлген ел.
Ана тіліміздің құндылығын бағалай отырып, өзім үнемі рухани дамудың алдындамын. Жазушылар қалдырған еңбектердің, шығармалардың тамашалығын сезінуге үнемі өзімді балаймын. Өкініштісі, тіл құндылығын айналамнан сезбесемде, Міржақыптың өлеңдерінен сеземін. Өлеңнің әр жолын оқи отырып, қазақ тілі неткен бай тіл деген ойда боламын. Тілді сүю мүмкін емес шығар, алайда оны қастерлеу мүмкін нәрсе. Тіліміз халықтың рухани мұрасы. Ал, рухани мұра ол мәңгілік мұра.
Орақты ора білмесең,
Қолыңды кесерсің.
Сөзіңді сөйлей білмесең,
Жолыңды кесерсің, - демекші тіл тазалығына көңіл бөлгеніміз жөн болар. Өкініштісі, жастардың қазіргі таңдағы бос сөздері. Осы істі, керек емес құндылықты артқа ығыстырып қою жөн секілді.
Елдің болашағының өзіміздің дамығанымызды қаласақ, тілдің беретін ұлылығын сезіне білу қажет. Ата - баба байланыстырып, көненің көзіне айналған тілді жаңғыртып, қазақ тілінің айбынын көтеру өз қолымыздағы нәрсе. Болашақ десек, ең алдымен тілді дамытуды көретін тек мен ғана емес. Мұхтар Әуезовта болашақ дамуды өз тілімізбен теңестірген болатын. Ана тіліміздің тазалығын, құндылығын, әсем мәдениетін сақтап қалу мына біз секілді жас буынның қолында. "Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте" деп Қадыр айтқандай, өзге тілден өзімізге керектіні алып, өз тіліміздің тереңіне ұмтылайық! Ұлтымыздың түп тереңін басқаларға насихаттап, оны дамытуға, өз үлесімізді қосуға барша қазақ жастарын шақырамын! Ел мүддесін қорғау жолында аянбай қызмет қылайық! Бабалар қалдырған аманатқа қиянат жасамайық!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет