Анафилактикалық шок



Дата05.05.2023
өлшемі14,31 Kb.
#90386
Байланысты:
Анафилактикалық шок, квинке


Анафилактикалық шок
Анафилактикалық шок дегеніміз организмге аллерген енгізген кезде бірден пайда болатын аллергиялық реакция және ада өміріне өте қауіпті аллергиялық асқыну.
Анафилактикалық шокты мынандай аллергендер шақырады: вакцина, витаминдер, антибиотиктер, сульфаниламидтер
Алғашқы белгілері:

  • Қорқыныш сезімі, тынымсыздану

  • Бас айналу, құлақ шулауы

  • Ыстық ауа жетпеу сезімі

  • Кеуденің қысып басуы

  • Құсқысы келу, құсу

Клиникасы:

  • Мұздай қара тер

  • Көрінетін кілегейлі қабықтар бозарған, терісі мраморлы

  • Қызыл бөртпелердің пайда болуы, жұмсақ тканнің ісігі

  • Жіп тәрізді пульс

  • Артериялдық қысымы төмен

  • Есі жоқ

  • Дем алысы бұзылған

Алғашқы көмек:

  • Аллергенді енгізуді тоқтату

  • Тыныс мүшелерін ауа өтуін жақсарту

  • Өңеш интубациясы жасалмаған кезде – коникотомия

  • Науқастың аяқ жағын жоғары етіп жатқызу

  • Ингаляция 100 % оттегі 30 мин бойы

  • Адреналин 0,1% - 1,0 мл+ 20 мл басқа ерітінділерге қосып көктамырға енгізу немесе иньекция орнына енгізу

  • Егер өңеш ісінуі болса – адреналин 0,1% - 1мл + натрия хлорид 0,9% - 50,0 эндотрахеалды

  • Гликокортикоидты гормонды препараттарды

  • * преднизолон 120 мг немесе гидрокартизон 300 – 600 мг көктамырға тамшы ретінде

  • Кальций хлорид 10% - 10,0мл көктамырға

  • Супрастин 2,0 мл бұлшық етке немесе тавегил 1,0 – 2,0 мл бұлшық етке

  • Эуфиллин 2,4%-10,0мл көктамырға

  • Реполиглюкин 400,0 мл көктамырға тамшы ретінде

Тактикасы: науқастың жағдайы жақсарған соң ауруханаға тасымалдау қажет

Квинке ісігі


Квинке ісігі – организмге түскен аллергендерге жауап ретінде мұрынның, беттің, құлақтың, еріннің, терінің ісінуімен және ауыз қуысының, тамақтың, өңештің кілегейлі қабықтарының ісігімен сипатталатын аллергиялық реакция.
Клиникасы:

  • Беті ісінген

  • Бетінде цианоз

  • Дауысы қарлыққан

  • Үрмелі жөтел

  • Тамақтың ауырсынуы

  • Шулы дем алыс

  • Бас айналу, әлсіздік, АҚҚ төмендеуі

Алғашқы көмек:

  • Аллергендер енуін тоқтату

  • Оксигенотерапия

  • Адреналин 0,1%-0,5мл тері астына өңеш ісігінде

  • Преднизалон 90-120мг+натрий хлорид 0,9%-10,0мл көктамырға

  • Супрастин – 2,0 мл немесе тавегил – 2,0 мл бұлшықетке

  • Кальций хлорид 10%-10,0мл көктамырға

  • Лазикс – 2,0мл + натрий хлорид 0,9%-10,0 мл көктамырға

  • Коникотомия – егер жоғарыдағы емнен көмек болмаған жағдайда

Тактикасы: аурухананың аллергиялық немесе реанимациялық бөлімге жатқызылады

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет