Аналитикалық эссе құрастыру Эссе Аналитикалық эссе



бет1/10
Дата31.12.2021
өлшемі25,1 Kb.
#23425
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
аналитикалық эссе құрастыру


Аналитикалық эссе құрастыру

1.Эссе

2.Аналитикалық эссе

3. Аналитикалық эссе жазу кезеңдері
1.Эссе философияның, эстетиканың, әдеби сынның, публицистиканың, көркем әдебиеттің тұрақиалған, қалыптасқан тұжырымдарға жаңа қырынан қарап, өзінше толғап, әрі дағдыдан, әдеттен, көне соқпақтардан бөлек, тың болжамдар мен түйіндеулерге құрылатын жанры.

Әдебиеттегі Эссе – соны пікірлерге көбірек мән беріліп, оқырманды ой теңізінде жүздіретін таңдай қақтыратын, өзінше ойлап-сезіну қажеттілігін туғызатын, қаныңды қыздырып, рухани әлеміңе азық сыйлайтын, дүние құбылыстарын өткір қабылдауымен ерекшеленетін көркем туынды.

Эссе табиғаты сыршыл сезімге, тіл бояуларының айрықша салтанатына, әшекейлі композицияға құрылады. Өзгеше бітімді бұл өнер туындысында эссеші интеллектуалдық байлығын, аңғарымпаздығын, жарқын, тапқыр ойлылығын, өмір саяхатындағы көрген-білетін, сезінген-түйгенін, тәжірибелерін жомарттықпен жайып салады. Эссе сипатында туған туындыларға батыл болжамдар мен өткір ұсыныстар, пікір жарыстырулар мен талас тудыратын жорамалдар, ойлар, көкейге қо-нымды, таным көкжиегін кеңейтуге қозғау саларлық байламдар тән.

Эссенің белгілері: 

- Нақты тақырыптың немесе сұрақтың болуы. Белгілі бір салада кең көлемде сараптама жасау эссе жанрына келмейді. Ол – аналитикалық мақала.

- Эсседе жеке тұлғаның пікірі жызылады. Белгілі бір сұрақ төңірегінде дәлелді фактілер мен аргументтер келтіріп, өзінің ойын дәлелдейді. 

- Эссенің құрылымында автордың көзқарасы, оның ойлау кеңістігі мен сезімі бірінші орынға қойылады.

Эссенің құрылымы: 

1. Эссе авторының ойлары мәселеге сәйкес қысқаша тезис арқылы беріледі.

2. Әрбір ойдың дәлелі болуы тиіс – тезис артынан аргумент беріледі. 

Аргументтер – фактілер, қоғам өмірі, оқиға, өмірлік оқиға мен тәжірибелер, ғылыми деректер немесе ғалымдардың ойына сілтеме жасау. Әр тезиске екі аргумент келтіру керек. Өйткені, бір аргумент оқырманға сенімсіз көрінеді, ал, үш аргумент артық болады. 

Эссе жоспары (аргумент пен тезис мөлшері тақырыпқа байланысты өзгеріп отырады)



  • Кіріспе 

  • Тезис, аргумент 

  • Тезис, аргумент 

  • Тезис, аргумент

  • Қорытынды. 

Эссе классификациясы

Мазмұны жағынан эсселер:

- философиялық,

- әдеби сын,

- тарихи,

- көркем,

- көркем және публицистикалық,

- рухани және діни және т.б.

Әдеби түрде эсселер келесі түрде ұсынылады:

-пікірлер,

-лирикалық миниатюра,

-жазбалар,

-күнделік парақтары,

-әріптер және т.б.

Сондай-ақ эсселер бар:

сипаттамалық,

баяндау,

шағылысатын,

сыни,

аналитикалық және т.б.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет