Сұхбат дегеніміз не?



Дата06.04.2023
өлшемі65,64 Kb.
#79904
Байланысты:
Қазақ тілі 9Т1 кен саласындағы атақты тұлғалар дидактикалық тапсырма 2



СҰХБАТ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

Сұхбат – журналистің қоғамдық маңызы бар тұлғамен өзекті сұрақтар туралы әңгімесін көрсететін публицистиканың жанры.
Сұхбат дегеніміз – пікір, көзқарас, дерек, мәлімет алмасу. Сұхбат жанрының негізі ХІХ ғасырдан бастау алады. Бұл кезде мерзімді баспасөз дамып, диалог жанры алға шықты. Ал радио болса жанрға үшінші жақ – диалогты тыңдайтын аудиторияны қосып, қосымша мүмкіндіктер ашты.
Сұхбат, бір жағынан, ақпаратты иемденетін адаммен байланыса отырып ақпаратты алу тәсілі. Екінші жағынан, телевизиялық бағдарлама барысында сұхбат берушіге сұрақ қойып, оларға нақты қисынды, толық жауаптар алу мақсатын көздейтін әңгімелесу, диалог түріндегі публицистикалық жанр.

СҰХБАТТЫҢ ТҮРЛЕРІ

  1. Бағытталған диалог. Психологияда, әдетте не ақпарат жинау үшін, не психотерапевтік әсер ету үшін қолданылады. Сұхбаттың еркін және стандартты түрлері бар. Әдістері: клиникалық сұхбат және диагностикалық сұхбат;

  2. Ауызша пікіртерім арқылы әлеуметтік-психологиялық ақпарат алу амалы. Сұхбат екі түрге бөлінеді: а) еркін тақырып, әңгіме түрі реттелмеген; ә) нысаны алдын ала әзірленген сұрақтарға негізделетін сұхбат.

  3. Сұхбат берушінің ресми тұлға болуы шарт емес. Оның сөйлеген сөзінің астарында көңіл күй мен ішкі толғаныс, яғни эмоционалдық фон болуы тиіс. Сондықтан да көбінесе жаңалықтар желісінде мұндай сұхбаттар журналистің қойған сұрағынсыз беріледі. Өйткені бұл жерде қойылған сұрақ емес, одан қайтарылған жауап маңызды рөл атқарады.



СҰХБАТ ЖАЗУ ЖОЛДАРЫ

  • Сұхбатты бастамас бұрын таңдалынып алынған тақырыптың өзектілігі және сұхбатты алуға не себеп болып отырғанын, мақсатыңыз туралы қысқаша түсіндіріп өтіңіз;

  • Мұнан соң сұхбат алушы жөнінде қысқаша мәлімет бере кетіңіз: мысалы, оның қызметі мен лауазымы, осы тақырыпқа нендей қатысы бар, т.с.с.

  • Осыдан кейін өзіңізді таныстырып, амандық-саулық сұрасқаннан кейін сұрақтарыңызды қоя бастаңыз;

  • Сұрақтар мазмұны тақырыптан ауытқымауы тиіс, ауытқыған жағдайда да оның атқарып жатқан қызметінің қиыншылығы мен ауырлығы турасындағы сұрақтар болуы тиіс;

  • Сұрақтарды қойып, жауап алып болғаннан кейін сұхбаттасушының сұхбат бергеніне рақмет айта отырып, жылы лебізіңізді білдіріп қоштасыңыз.


Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы

Оқу мақсаты:

Бағалауға арналған тапсырма

О8 Мәтіндердің салыстырмалы анализі
Ж4 Өзіндік стильмен мәтін құру

Тапсырма.
Сіз іргелі бір республикалық газеттің тілшісісіз. Редактор Сізге газеттің қалың оқырмандары үшін Ұлт мақтанышы- Қаныш Сәтбаев өмірі туралы зияткерлік мектеп оқушысынан сұхбат алып, басылым бетіне жариялауды тапсырды. Олай болса, сұрақтарыңызды дайындап алып, қажетті адамыңызбен жолығып, сұхбат алуға кірісіңіз!

Дағдылар

Жетістік критерийлері:
Егер төмендегі жетістік критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді

Оқылым
Жазылым

Мәтіндегі ақпаратқа сүйеніп сұрақтарды жүйелі құрастыра алады;
Сұхбат құрылымын сақтайды;
Грамматикалық қателер жібермей өз ойын еркін жеткізе алады.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет