Қаныш роман-эссе сібір шамшырағында



Дата27.11.2023
өлшемі19,83 Kb.
#130422

Қаныш роман-эссе
СІБІР ШАМШЫРАҒЫНДА
Технология институты Почтамт пен Бульвар көшелерінің өзара түйіскен тұсына орналасқан. Почтамт көшесі қаламен қойындасып жатқан тақиядай дөңгелек тө бенің етегінен ұшар басына дейін созылады. Университет те, институтта сол төбенің қала жақ іргесінде, бір-біріне иық тіресе іргелес тұрғызылған ғимараттар. Екеуі де Том губерниясы ғана емес, ұлан-байтақ Сібір өлкесі мен Қазақстандағы бетке ұстар жоғары оқу орындары. Сол үшін де зиялы қауым Том өзенінің жағасында ірге тепкен бұл қаланы ХІХ ғасырда-ақ «Сібірдегі шамшырақ» атаған. Кейде тіпті ескі грек жұртының атақты ғылым ордасына теңеп, «Сібірдің Афинасы» деп те құрметтеген.Шынында да, Том шәрі, айтса айтқандай, сол күнде өнері озық, өнеркәсібі біршама өркендеген, басқа да тірлік-тынысы Сібір қалаларының көбінен ілгері мекен-ді. Осындағы университет он тоғызыншы ғасырдың 80-жылы ашылған, ал технология институтының өмірге келуі – 1900 жыл.Университеттің оқу корпустары ескі классикалық үлгіде қаланған, аудиториялары, кабинеттері биік те кең. Әсіресе бас ғимараты, кітапхана үйі, анатомия мұражайы, микробиология зертханасы, медицина факультетінің емханасы алыстан көз тар-тып андыздап тұрады. Соларды қоршаған жасыл бақ қандай?! Ең ғажабы, оны ешкім отырғызбаған, осы құрылыстар жүрген кезде оталмай, табиғи қалпында сақталған тайганың жұрнағы.Технология институтының оқу жайлары да әдемілігі жөнінен университет ғимараттарынан кем емес. Алғаш көргенде-ақ Қаныш өзін білім ордасы емес, айбары зор губернатор кеңсесіне, тіпті ескі заман гректерінің философтары мәжіліс құратын «құдайлар» храмына тап болғандай сезінді. Құжаттарын кен факультетіне тапсырған. Михаил Антонович ескертіп қойған, факультет махалласында қазақ жігітін жылы шыраймен қарсы алды. ГубОНО-ның арнаулы жолдамасы мен мұғалімдер семинариясының аттестатын көрген соң-ақ тек қана математика пәнінен емтихан ұстауға міндеттеді.Математикадан бұдан екі жыл бұрынғы тиянақты әзірлігін ұмыта қойған жоқ-ты. Бұрын-соңды білгенін қайыра пысықтады.
Содан бір күні профессор В.И. Шумиловтың алдына келген. Көңілінде қобалжу бар. Өйткені бұл кісінің одағай қылықтары жайында алуан қауесеттер естіген... Шынында солай болды. Үстінде қазақы күпі киіп, елтірі тымағын қолтығына қысқан, кең қоныш саптама етігімен айнадай жылтыр паркетті тосырқағандай жасқана басып (емтихан ұстаушының оқшау киім інің өзі-ақ «Мынау жабайы далалыққа мұнда не бар?» дегізгендей күпір ой туғызған), алдына имене кірген ашаң өңді, жүдеу жігітке математика профессоры одырая бір қарап, дереу алгебралық теңдеу құрай бастады, екі бел гісізді қарапайым есеп. Қаныш қиналған жоқ, оп-оңай қағып тастады. Профессор «Әй, мынау, түйеден түскендей түземдік киргиз қайтеді, ей?» дегендей таңданыспен сынақ тапсырушының күнге күйген қоңырқай жүзіне та ғы бір мәрте одырая қарап, алғашқыдан едәуір күр делі бірнеше есеп жазып, алдына қойды. Күпілі далалық бұларды да шығарды. Тек соңғы теңдеудің қитұрқы бүкпесі бар екен, оны шешуге едәуір уақыт ойлануға тура келді. Бір мезетте оның да кілтипанын тапты.
– Мына есептің бастапқы шарты қате, Василий Иванович, – деген-ді ол Шумиловқа батылсыздау үнмен. – Теңдеу емес, теңсіздік шығады, міне, қараңыз. Сірә, мына жерде қосу емес, алу белгісі тұруға тиіс...
– Оны қайдан білдің?
– Теңелу шарттарын тексеру арқылы...
– Бәрекелді, далалық! Өзің тіпті киргиз даласында қой бақпай, үнемі есеп шығарып жүргенге ұқсайсың. Бірталай жан осы теңдеуден шатылып еді, ал сен сүрінбей өттің. Жарайсың, жайсаң киргиз, жайыңды білдім. Оқисың біздің храмда, оқисың!
Әлгінде ғана құрыстанып отырған профессор Шумилов кәдімгідей жадырап, аяқастынан масаттанып қалды. Сонымен, Қаныш – технология институтының кен факультетінің студенті. Көптен бергі арманы жүзеге асып, білімнің биік ордасына қолы жеткен бақытты жан!..Ендігі әңгіме тіршілік ахуалы турасында: институт пен университетте екеуара жалғыз жатақхана бар; одан орын сұрау – үмітсіздің шарасы, өйткені жатақхана кереуеті жоғарғы курстың студенттеріне ғана беріледі... Шынтуайтын айтқанда, соларға да жетпейді. Өзге шәкірттер өзара қоғамдасып пәтер жалдап, жеке меншік үйлерде тұрады. Ал пәтер жалдауға қаражаты жоқтары
институттың вестибюльдерінде, аудиториялардағы сызу тақталары мен ұзын үстелдер үстінде түнейді. Институт басшылары бұл гәпті жақсы біледі, шәкірттердің шарасыз күйіне, сірә, көмектескені шығар, көпе-көрінеу елемегенсиді. Сөйт кен «баспаналары» жылы болса жөн-ау. Оқу корпустарына от жағылмайды. Дәрісті студенттер тон, күпілерін шешпей қожыра йып отырып тыңдайды (әкесінің ақылына құлақ асып, қырда киетін күпі, тері кәзекей, тон, саптама, тымағын ала келгеніне Қаныш мұндай қуанбас). Дәуіттегі сия жарым сағатта қатып қалады. Сол себепті әр студент бір уыс ұштаулы қарындаш әкеліп, сонымен-ақ сүйкектетіп жазады. Шумилов сияқты профессорлардың дәрістерін жазып үлгеруге де еп қажет: оң қолы тақтаға ұшы-қиырсыз теңдеу, формулаларды тізіп жатқанда, сол қолындағы шү берек үстіңгі жолдағы жазуларды сүртумен болады. Үлгермедім деп айтып көр – мақау атанасың, болмаса аудиториядан тайып тұруыңды талап етеді. Қырсық мінезіне Василий Ивановичтің қыруар білі мі тең, шынайы ғұлама адам! Шәкірттердің күн сайын тамақ тауып ішуі де оңай емес. Төрт жүз грамм қара нан алу үшін институт ләпкесінің алдында әлде неше сағат кезекте тұру керек. 1921 жылы студенттер асханасы жұмыс істемеген.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет