Анықтама Күні: 23.01.2023ж
Тақырыбы: «Ұлттық құндылықтар –ұлт қазынасы» көрме.
Мақсаты:Ұлттық құндылығымызда сақтап қалу , жас ұрпаққа дәріптеу. Ұлттық құндылықтарымызды құрметтеуге тәрбиелеу.Болашақ ұрпаққа еліміздің ұлттық құндылықтарын санасына сіңіру.
Әрбір адамның атадан балаға қалған бір мұрасы болады.Оны ерте кезден бастап қазіргі кезге дейін аманат деп атайды.Сол аманат деп біз ұлттық құндылықтарды да айта аламыз.Ғасырдан ғасырға жеткізетін-ұлтымыз,дініміз,салт-дәстүріміз,әдебиетіміз,өнеріміз жінеде рухани байлығымыз.Біздің тәуелсіздігімізді айқындап тұратын бірден бір нышан деп санауға болады.Отанның сүю,өз еліне деген махаббаттық сезімі осының барлығы болашақ ұрпақтың бойында ар мен намыс сезімдерін оята бастайды.Біздің ата-бабаларымыздың бойында осы қасиеттердің болу арқасында ғана ұлы даланың өздеріне қаратқан адамдардың бірі еді.Қазіргі кезде де ұлттық құндылықтарды бірінші орынға қоятын жандар бар.Бірақ неліткен ондай адамдар азайып барады?
Баланың тәлім-тәрбиесіне қатты назарда ұстаған.Он төртте отау иесі деп айтады.Кішкентай кезінен бастап бала аттың құлағында ойнап,әкелерінің жанында серік болғаның аңғара аламыз.Ал қазір?Ия,әрине ондай балалар бар,бірақ өте сирек екенің аңғаруға болады.Қазіргі кезде материалды құндылықтар ұлттық құндылықтарға қарағанда көбірек бағаланалды.Барлығы бір-бірімен менде мынау,ал менде мынау деп сөзбен таластырып тұрады.Ал адамгершілдік,ұлтшылдық,қонақжайлылық,өз елі үшін жаның пида етуге дайын азаматтарымыз өте аз.
Балабақшамызда дәстүрімізді жандандырып,ұлттық өнеріміздің алтын арқауының бірі саналатын қол өнер көрмесі ұйымдастырылды.
Көрмеге зергерлік,киізден, жібектен, түрлі тоқыма жіптерден жасалған бұйымдар ұсынылды.Педагог мамандар ата аналардың көмегімен түрлі қолөнер бұйымдарын көрмеге ұсынды. Шығармашылық үйірмесінің жетекшісі Саттыбаева Диана Асқарқызы өзінің жарты жыл бойы балалармен жасаған қолөнер бұйымдарымен бөлісті. Түрлі әшекей бұйымдар, білезік,сақина, сырға, оюдың бірнеше түрін балалар өз қалауларымен жапсырып дайындаған қолөнер туындыларын көрсетті.
«Көбелек» кіші тобының тәрбиешісі Дүйсенбай Гүлназ Жандосқызы түрлі тоқыма жіптен аяққа киетін носкидің бірнеше түрін өз қолымен тоқып әкелді.
«Балапан» тобы киіз матадан төрт түлік малды қиып бір біріне жалғап тігілген түрін ұсынды. Барлық педагогтар көрмеге өз өнерлерімен бөлісіп алғыс хат дипломдарға ие болды.