Менің сүйікті шығармам



Дата03.11.2022
өлшемі9,41 Kb.
#47105
Байланысты:
Эссе Менің сүйікті шығармам


Менің сүйікті шығармам
Мен Куанышбекова Айханым, химия-биология 21-1 студенті, әдебиетке жақын жанмын. Жаныма жақын өлеңдерді мектеп қабырғасында мәнерлеп оқып, домбыра құлағында ойнап көптеген адамдардың қошеметіне ие болдым.
Мектеп қабырғасында жүріп Мұқағали, Абай аталарымның өлеңдерін оқып, сүйіп өстім. Олар өмір шындығын, қиыншылығын шығармаларында, өлеңдерінде әдеби сөздермен өрнектей білген. Көркем сөздермен өрнектей отыра, тыңдарман жүрегіне керемет жеткізе білген. Соның ішінде, Абай атамыздың "Сегіз аяқ" өлеңі өзіме өте жақын. Жақындығы соншалық домбырада ойналуын меңгеріп алдым. Маған бұл шығарма мағынасымен, көркем сөздерімен ұнады.
Бұл шығарманы біз 11 сынып әдебиетінде өткен болатынбыз, сол сәттен бастап осы шығармаға ғашық болдым.
"Басында ми жоқ,
Өзінде ой жоқ
Күлкішіл кердең наданның.
Көп айтса көнді,
Жұрт айтса болды-
Әдеті надан адамның.
Бойда қайрат, ойда көз
Болмаған соң айтпа сөз. "
Осы өлең жолдарында ақын оқымаған надан адамның өз ойы жоқтықтан жұрттың сөзіне еріп, соны әдетке айналдырып, бос күлкіге құмар болатыны туралы керемет жеткізе білген. Сонымен қатар ең соңғы екі жолда көрмеген нәрсені сөз қылудың бос екенін жырлайды. "Мың рет естігенше, бір рет көр" демекші, дәл осы мақалға сай өлең жолы деп ойлаймын.
Негізінен шығармада шумақ сегіз жолдан қайырылғандықтан "Сегіз аяқ" аталып кеткен. Атап айтқандай ақын заман,қоғам шындығын, өзінің мұң-қайғысын жинаған үлкен туынды.
"Ағайын бек көп,
Айтамын ептеп,
Сөзімді ұғар елім жоқ.
Моласындай бақсының
Жалғыз қалдым-тап шыным!" шумақ жолдарында Абайдың ішіндегі мұңын байқай аламыз. Өз-өзін жұбатып, жұбаныш етер ешнәрсе таппағандай ақын өлең жолдарымен өзінің мұңын жеткізген. Бұл шумақтарда Абай халыққа айтылған өзінің ақылын, насихат сөздерін,кеңесін ешкім қабылдап, ұғар қоғам жоқтығын,олардың надандығын ашық айтады. Сонымен қатар соңғы екі жолды түйінді ойға құралған афоризммен аяқтайды.
"Болмасын кекшіл,
Болсайшы көпшіл,
Жан аямай кәсіп қыл.
Орынсыз ыржаң,
Болымсыз қылжаң
Бола ма дәулет, нәсіп, бұл?
Еңбек қылсаң ерінбей -
Тояды қарның тіленбей"-деп ақын өзінің ел-жұртына ақыл-кеңісін жеткізе білген. Босқа күліп, кек сақтаудың орнына еңбек етіп, көпшіл болып, кәсіп бастаудың жөн екенін үгіт-насихат етіп жазған.
Абайдың көп шығармаларында торығу, халыққа жанашырлық басым. Абай өмір сүрген замандағы халық надан болатын, осы жағдай Абайды қатты қынжылтып, жырлауға түрткі болды деп ойлаймын.
" Қайнайды қаның,
Ашиды жаның,
Мінездерін көргенде;
Жігерлен, сілкін,
Қайраттан, беркін
Деп насихат берген,
Ұятсыз, арсыз салтынан
Қалғып кетер артынан. " – маған ең қатты ұнайтын жол. Мен өзімде бекер жүрген, мінезді жандарды көргенде оларға жаным ашып, кеңес бергім келеді. Дәл осы жолдар сондай жандарға арналған. Оларға бекер жатпай тұрып, еңбектенуді насихаттағанда олар мән бермейтіндігін жазады. Абай өлеңдерінде суреттелген құр кеуде, дәрменсіз пенделер қазіргі ХХІ ғасырдада кездеседі. Қай замандада Абай өлеңдері мән-мағынасымен ерекше орын алады деп ойлаймын.
Осы шығарманы домбыра құлағында ойнаған кезде рухтанып, шығармаға махаббатым оянады. Абай осы өлең жолдары арқылы қазақ халқын надандықтан құтқарып,келешек ұрпаққа адами құндылықтарды насихаттай отыра қазақ әдебиетінің дамуына үлес қосып отыр деп ойлаймын......

Куанышбекова Айханым Аскарқызы


Химия-биология 21-1

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет