Антропоцентристік лингвистиканың салалары
Талшын
Лингвомәдениеттаным – тіл біліміндегі жаңа ғылыми бағыт
Лингвистикалық зерттеудің антропоөзектік парадигмасы тілді сол тіл қызмет ететін қоғаммен, әлеуметтік ортамен, тіл иесі - халықтың сан ғасырлық тарихымен, таным әлемімен, ұрпақтан - ұрпаққа беріліп келе жатқан өмірлік тәжірибесімен, рухани болмыс - бітімімен , салт-дәстүр, әдет-ғұрпымен байланыстыра қарастыруды діттейтін тіл біліміндегі ауқымы кең зерттеулерге жол ашып, нақты ғылыми жетістіктерге қол жеткізді.
Когнитивтік лингвистика адамның менталитетімен, білімімен байланысты болса, лингвистикалық мәдениеттану мәдениет пен тілдің арақатынасына көңіл бөледі. Лингвомәдениеттану тіл мен мәдениеттің өзара байланысын зерттейді. Когнитивтік лингвистика адамның менталитетімен, білімімен байланысты болса, лингвистикалық мәдениеттану мәдениет пен тілдің ара қатынасына көңіл бөледі.
Арайлым
Әлеуметтік лингвистика орыс. социолингвистика ( лат. soci(etos)коғам , фр. lingua - язык) тіл білімі, әлеуметтану, әлеуметтік психология, этнография ғылымдарының түйіскен аралығында туып дамыған тіл білімі саласы. Онын негізгі объектісі — тілдің функционалды жағын зерттеу.[1] Қарастыратын басты мәселелері: тілдің қоғамдык табиғаты, әлеуметтік кызметі, тіл болмысының қатынастық түрлері (әдеби тіл, ауыз екі сөйлеу тілі, жергілікті диалектілер, койне, пиджиндер), тілдің әлеуметтік сипаттағы түрлері (жаргон, арго, кәсіби тіл), билингвизм, диглоссия, пиджинделу, креолдену, мультилингвизм процестері. Әлеуметтік лингвистика үшін аса қажетті мәселелердің қатарында тілдің (тілдердің) өмір сұру формасынан туатын тілдік жағдайлар, тіл мен мәдениеттің байланысы, тіл саясаты тағы басқа жатады. Тілдің әлеуметтік табиғатына алғаш көніл аударған 19 ғасырда П. Лафарг, А. Мейе, А. Соммерфельт, 20 ғасырда Прага структурализмі, Женева мектебінің өкілдері тағы басқа анкета арқылы байқау, интервью алу, статистикалык әдіс тағы басқа қолданған.КСРО-да әлеуметтік зерттеулердің негізгі 20 ғасыр 20—30 жылдарында салынған (Л. П. Якубинский, В. В. Виноградов, Б. А. Ларин, В. М. Жирмунский, Е. Д. Поливанов тағы басқа). 60—70 жылдары тіл саясаты мен онын практикалық мәселелерін қазіргі қоғам талабына сай шешудің өзектілігіне, қоғамдық құбылыс ретінде тіл табиғатың теренірек зерттеу мақсатына байланысты тілдің әлеуметтік мәселелеріне қызығушылық артты.
Бүлғын
Психолингвистика (фр. linguistigue — лат. lingua - тіл) — психология мен лингвистиканың аралығындағы ғылым саласы. Ол сөйлеу процесін, оның мазмұны, коммуникативті рөлі, сөздің ойға қатысы тұрғысынан зерттейді. Осы бағыттың негізін салушы неміс ғалымы Г.Штейнталь (1823-1899) тілді жеке адаммен қатар, этнос психологиясының көрінісі ретінде қарастырды. Оның пікірінше, тіл білімі кісінің жеке психологиясын ғана емес, халық психологиясына да сүйенуі қажет. Кейіннен Потебня мен Пауль еңбектерінде осы бағыт сөз, сөйлем, грамматикалық категория, сондай-ақ лексикалық мағыналардың түрлерін түсіндіруде көрініс тапты. Белгілі лингвистер Бодуэн де Куртенэ, де Сессюр еңбектерінде сөйлеу әрекетінің әлеумеітік сипатына баса назар аударылды. Америка ғалымдары Ч.Осгуд, Т.Сибсок т.б. психолингвистикаға жаңа мағына енгізіп, ойлаудың сөзге, сөздің ойға талассыз алмасуын сөйлеудің даму процесі деп түсіндірді. Сөйлеуді игерудің шарттарын қарастыратын үйрету теориясы мен (А.Н.Хомский), бойдағы туа біткен ақпаратты қабылдау және зерделеу (когнитивтік көзқарас) теориясы (Ж.Пиаже) психолингвистиканың дамуына елеулі үлес қосты. Осы салада кеңес ғалымы профессор А.А. Леонтьевтің еңбектері де ерекше орын алды. Қазақстанда психолингвистикалық зерттеулер XX ғ. 60-жылдарынан бастап қолға алында. Бұл жерде М.М.Мұқанов, А.А. Залевская, М.М. Копыленко, Б.С. Мучник т.б. еңбектерін атап өткен жөн. Бізде осы саладағы зерттеулер үш бағытта жүргізілді (екінші, бөгде тілді меңгеру; сөйлеудің пайда болуы мен оны түсіну; ойлау мен қарым-қатынастың арақатысы). Бұл мәселелер "Ойлау мен қарым-қатынас" атты Бүкілодақтық симпозиумда (Алматы, 1973), "сөзбен ойдың механизмдері" атты (Целиноград, 1976) ғылыми конференцияларда талқыланды. Қазақстан психолингвистері (М.М.Мұқанов, Н.М.Құрманбаев, М.К.Қайырбаева, Ш.С.Баймешева т.б. қостілділік, оны меңгерумен түсіну, іштей сойлеу т.б.) мәселелерін жан-жақты зерттеді. Психолингвистикада бұрынғы необихевиористік және дескрибтік лингвистикалық көзқарас- тардың тоғысынан келелі үш мәселеге назар аударылды: жеке сөйлеу түрлерінің қалыптасу тетігі; нақты психологиялық үйлесімділікті грамматикалық тұрғыдан өзгертудің формалды моделі; сөйлеуді құраудағы грамматикалық құрылымның ойлаудың, танымның, логиканың желісімен байланысты. Психолингвистиканың негізгі бағыты қазіргі кезде инженерлік психология, нейро- және патопсихология, шетел тілдерін оқыту міндеттерімен ұштасуда.[1]
'Психолингвистика – адамның сөйлеу қабілеті қалыптасуының бірқалыпты өтуін зерттейтін ғылыми саласы.
Психолингвистика ойдың сөзге, сөздің ойға толассыз және қайта айналып алмасуын сөйлеудің даму процесі деп есептейді. Психолингвистиканың қалыптасуына үйрету теориясының, сөйлеуді игерудің арнайы шарттары туралы А.Хомскийдің еңбектері, бойдағы туа біткен ақпаратты қабылдау және зерделеу туралы когнитивтік көзқарас тұрғысындағы зерттеулер (Ж.Пиаже) елеулі үлес қосты.
1960–70 жылдары Психолингвистикада бұрынғы необихевиористік және дескриптік лингвистик. көзқарастардың тоғысынан келелі үш мәселеге назар аударылды: жеке сөйлеу түрлерінің қалыптасу тетігі; нақты психологиялық үйлесімділікті грамматтикалық тұрғыдан өзгертудің формальды моделі; сөйлеуді құрудағы граммат. құрылымның ойлау мен танымның, логиканың желісімен байланысы. Қазіргі кезде Психолингвистиканың негізгі бағыты инженер- психология, нейро- және патопсихологиямен байланысты.
Талшын,Бұлғын
Этнолингвистика – этностың болмысынан туындап, санасында сараланып, тарихи жадында сақталып, тіл арқылы ғасырлар бойы қалыптасқан рухани-мәдени мұра ретінде атадан балаға, әулеттен нәсілге ауысып келе жатқан дәстүрлі мирасты жаңғыртып, танымдық мәнін ашып, болашақ ұрпаққа ұсыну мақсатына байланысты дүниеге келген тіл білімінің күрделі де құнарлы саласы. Этнолингвистика – жалпы ғылымға тән дифференция процесінің тіл біліміндегі бір көрінісі іспетті іштей жіктелудің нәтижесінде пайда болған. Тіл білімінің экстролингвистика, психолингвистика, паралингвистика, т.б. салаларымен қатар тұрады. Этнолингвистикалық көзқарас алғаш 19 ғ-дың 2-жартысында В.Гумбольдт, А.А. Потебня зерттеулерінде пайда болды. Сондықтан Э-лық зерттеулердің бірде сөздік қордың қойнауында сақталып көне дәуірден келе жатқан байырғы лексиканың мазмұнын ашуға бағытталғанын білсек, бірде этнос болмысынан, дүниетанымынан туындаған тілдік фактілердің сырын ашып, пайда болуын айқындауды мақсат еткенін көреміз. Бұл сала көп жағдайда этностың шығу тегіне, салт-дәстүріне, сондай-ақ өмір-тіршілігіне қажетті де ерекше орын алатын заттық мәдениеттің қыр-сырына ерекше мән беріп келеді. Этнолингвистиканы тілдегі этнографизмдердің немесе тіл мен этнография фактілерінің қосындысы деуге болмайды. Этнолингвистиканың қалыптасу процесін, мазмұны мен мақсатын, зерттеу нысанын сол салада істелген жұмыстың ауқымын бағыт-бағдары мен сипатынан пайымдауға болады. Мәселен, үндіеуропалықтар мен үндіеуропа тілдеріне бағышталған Т.Гамкралидзе мен В.И. Ивановтың (“Индоевропейцы и индоевропейские языки”, 1977) еңбегінде үндіеуропалықтардың рухани-мәдени ортақтығы олардың тілі негізінде сөз болса, Н.И. Толстойдың (“Этнолингвистический словарь славянских древностей”, 1996) сөздігінде славян халықтарының жанды тілінде сақталған байырғы мәдениетіне қатысты көнерген сөздері қарастырылады. Ал өткен ғасырда жазылған В.А. Серашевскийдің еңбегінде түркі халықтарының бірі – сахалардың этнол., этногр. болмысы сөз болады. Этнолингвистика тарихындағы күрделі еңбектердің біріне мажарларға қатысты 5 томдық этностық лексиконды жатқызуға болады. Осы орайда қазақ Этнолингвистикасы бойынша Ә.Қайдардың “Қазақтар ана тілі әлемінде” атты 4 томдық Э-лық сөздігін атауға болады. Қазақ тіл білімінде Этнолингвистика мәселелері проф. І.Жұбановтың, сонымен қатар жеке ғылым саласы ретінде М.Копыленко, Е.Жанпейісов, Ж.Манкеева, т.б. ғалымдар мен зерттеушілердің еңбектерінде айтылып жүр. Этнолингвистиканың бір міндеті – сан алуан қайнарлардан (ауызекі жанды тілден, ауыз әдебиет үлгілерінен, лексикограф. еңбектерден, т.б.) этнос болмысына қатысты фактілерді жинау болса, екіншіден оларды саралап жүйеге салу, мазмұнын айқындау, түсіндіру, яғни оларды этностың өзі туралы сөйлете білу. Этнолингвистикаға тән ерекшелік – оның тілдік объектілер мен фактілердегі жаппай емес, зерттеудің нақтылы мақсаты мен тақырыптарына қарай сұрыптап алып саралай қарастыру. Сонымен қатар атау сипаттағы жай тіркестер мен көркемдік, астарлы ауыс мәнге ие тұрақты тіркестерді (фразеологизм, теңеу-салыстыру, мақал-мәтел), тіпті мағлұмат беретін көркем жанрлық мәтіндерді де нысана етіп қарастырады.
Арайлым
Коммуникацияның негізгі формасы – дискурс пен мәтін.
Достарыңызбен бөлісу: |