Антропогендік фактор



Дата06.01.2022
өлшемі14,51 Kb.
#15221
түріҚұрамы

Антропогендік фактор
Антропогендік фактор (грек. anthropos – адам, genos – тегі, пайда болуы, лат. faktor – іс-әрекет) – адамның барлық тірі организмдердің мекен ортасы ретіндегі табиғатты өзгертуіне әкеп соғатын немесе олардың тіршілігіне тікелей әсер ететін сан алуан әрекеттері. Антропогендік факторға қоршаған ортаға адамның тигізген іс-әрекетінің нәтижесінде атмосфера, өзен-көл және мұхит құрамының өзгеруі, сондай-ақ технология қалдықтар мен радиоактивтік заттардың әсерінен топырақтың ластануы, сөйтіп, жалпы экожүйенің құрамы мен құрылысының бұзылуы жатады. Қазіргі кезде адамның іс-әрекетінің кең көлемде бүкіл биосфераға ерекше әсер етуі жер шарының барлық аймақтарында айқын байқалуда. Бүкіләлемдік бақылау институтының (АҚШ, Вашингтон қ.) мәліметтері бойынша табиғи орта жылдан-жылға нашарлап барады. Интернет жариялаған негізгі мәліметтерде жыл сайын 16,8 млн. га тропиктік ылғалды орман жойылатыны, жерді дұрыс пайдаланбау салдарынан жыл сайын 6 млн. га шөл пайда болатыны, қышқыл жаңбырдан 50 млн. га орманның зақымдалғаны, жыл сайын біздің планетамызда жыртылатын жердің 26 млрд. т құнарлы қабаты жойылатыны, өсімдіктердің 25 – 30 мың түрі жойылып кету қаупінде тұрғаны атап көрсетілген. Кейінгі кезде атмосфераға жыл сайын 400 млн. т күкірт диоксиді, азот және көміртек оксид|оксидтері, қатты бөлшектер шығарылатыны анықталды. Қазақстанда Арал өңірінің, Семей жерінің, Балқаш маңының, Каспий алқабының экол. апатты аймақтарға айналуына Антропогендік факторлар негіз болып отыр.

Антропогендік факторлар тікелей (жою, енгізу, акклиматизация, қорғау) және жанама (ланшафтылар мен оның жеке құрамдас бөліктерінің өзгерісі - орманның кесілуі, жердің жыртылуы, пайдалы қазбалардың өндірілуі, карьерлердің, үйінді, террикондардың пайда болуы т.б.) болуы мүмкін. Жанама антропогендік факторлар бір уақытты көп аумақты қамти отырып, өсімдіктер мен жануарлар әлемінде, қоршаған ортаға өзгерістерді тудырады.

Адам қандай да бір жерде тек тірішілік етіп қоймай, өзінің шаруашылық әрекеті арқылы табиғатқа әсер етеді. Адам табиғат кешенінің бір немесе бірнеше құрамдам бөлігіне оның құрылымы мен қызметін өзгерте отырып, тұтас табиғат кешеніне әсер ететінін, антропогендік ландшафт құратынын толық түсінбейді.

Антропогендік ландшафт - адам әрекетімен біршама өзгеріске ұшыраған ландшафт. Антропгендік және табиғи ландшафт арасында нақты шегара жоқ, өйткені кез келген ландшафта геологиялық фундамент, климаттың негізгі кескіндері сақталып, зоналық және азоналық заңдылықтар ықпалында болады. Адам оның ықпал ету дәрежесі мен сипатына байланысты өзгертілген, бұзылған және жаңартылған ландшафт түрлеріне бөлінеді.

Өзгертілген ландшафт адам бір кешенді өзгерткен жағдайда ол аз өзгеріске ұшырауы мүмкін, мысалы, аңшылық немесе балық аулау нәтижесін жатқызуға болады. Сұрапыл сипаттағы күшті өзгерістер бұзылған ландшафтылардың пайда болуына алып келеді. Адамның мақсатты түрде терең ықпалынан жаңартылған ландшафт пайда болады. Қазіргі таңда ландшафтылардың өзгеру дәрежесі халықтың тығыздығына тікелей тәуелді.

Қазақстанның аумағында шаруашылық әрекетінен антропогендік өндірістің келесідей түрлері кездеседі: Орталық және Шығыс Қазақстан, Ақтөбе және Қостанай облыстарының пайдалы қазбалардағы өндіру аудандарындағы тау-кен өндірісі; суармалы жерлердегі ирриграциялық жұмыстар жүргізілетін, сонымен қатар жасанды суқоймалары құрылған Оңтүстік Қазақстанның гидротехникалық аудандары. Елді мекендердің құрылысы, қалалар аумағының кеңеюі, электр желілері линиялары, өндірістік нысандар және т.б. табиғи ландшафтыларда өзгерістер тудырады. Бұл аудандардағы өзгерістердің бірі - антропогендік жер бедерінің қалыптасуы.

1 Антропогендік факторлар дегеніміз?

2 Антропогендік факторлар түрлеріне сипаттама беріңіз?



3 Антропогендік ландшафт үғымына сипаттаңыз?

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет