Туған жер өзге елде сұлтан болғанша, Өз еліңде ұлтан бол. Туған жердей жер болмас, Туған елдей ел болмас. Туған жердің күні де ыстық, Түні де ыстық. Туған жердің қадірін Шетте жүрсең білерсің. Туған жердің жері де көрікті, Елі де сүйікті



бет1/4
Дата07.04.2023
өлшемі27,62 Kb.
#80349
  1   2   3   4

ТУҒАН ЖЕР
1. Өзге елде сұлтан болғанша,
Өз еліңде ұлтан бол.
2. Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.

3. Туған жердің күні де ыстық,


Түні де ыстық.

4. Туған жердің қадірін


Шетте жүрсең білерсің.

5. Туған жердің жері де көрікті,


Елі де сүйікті.

6. Ел іші алтын бесік.


7. Сағынған ер елін аңсайды,
Сарыала қаз көлін аңсайды.


ОТАН ТУРАЛЫ

8. Отансыз адам-


Ормансыз бұлбұл.

9. Отан -отбасынан басталады.


10. Батыл болмай батыр болмайсың
11. Ердің көркі –ерімен,
Отан көркі жерімен.

12. Орағын өткір болса,


Қарың талмайды.
Отаның берік болса,
Жауың алмайды.

13. Егілмеген жер жетім,


Елінен айырылған ер жетім.
14. Отаны бірдің жүрегі бір

ЕҢБЕК ТУРАЛЫ
15. Еңбек түбі- береке,
Көптің түбі –мереке.

16. Еңбек етсең ерінбей,


Тояды қарның тіленбей.

17. Еңбексіз тапқан мал есепсіз кетер.


18. Еңбектің наны тәтті,
Жалқаудың жаны тәтті.

19. Жалқаулық аздырады,


Еңбек оздырады.

20. Еңбектің көзін тапқан,


Байлықтың өзін табады.

21. Еңбек ерлікке жеткізеді,


Ерлік елдікке жеткізеді.

22. Ердің атын еңбек шығарады.


ЫНТЫМАҚ БІРЛІК
23. Бірлік болмай,
Тірлік болмас.
24. Ынтымақтың түбі игілік,
Тірлік, тірлік түбі –бірлік.

25. Ұрыс ырысты қашырар,


Ынтымақ халықты асырар.

26. Ағайын тату болса ат көп,


Абысын тату болса ас көп.

27. Ынтымақ істі бітірер.


28. Ырыс алды-ынтымақ.

29. Бірлігі жоқ ел тозады,


Бірлігі күшті ел озады.


ЕРЛІК -БАТЫРЛЫҚ
30. Ерлік білекте емес, жүректе.
31. Айлалы батыр алдырмас.
32. Батыр туса- ел ырысы,
33. Жаңбыр жауса –жер ырысы.
34. Шын орақшы, орақ таңдамайды,
Шын батыр, құрал таңдамайды.

35. Болат қайнауда шынығады,


Батыр майданда шынығады.

36. Жүк ауырын нар көтереді,


Ел ауырын ер көтереді.

37. Батыр мың қол бастайды,


Шешен тар жерде сөз бастайды.

38. Батыр –елдің сәулеті,


Балық көлдің сәулеті.

39. Адамдықтан үлкен ат жоқ,


Наннан үлкен ас жоқ.
40. Еңбек – адамның көркі,
Адам заманның көркі.

41. Ат жақсысын мақта,


Адам жақсысын жақта.

42. Адам болатын бала алысқа қарайды.

43. Адам баласының ең жаманы –талапсыз.

44. Адам деген ардақты ат.


45. Тамағы тоқтық,
Жұмысы жоқтық
Аздырар адам баласын.

46. Саналы адам сағыңды сындырмас,


Санасыз адам жағыңды тындырмас.


ХАЛЫҚ ТУРАЛЫ
47. Ел жасымен көрікті
Тау тасымен көрікті
Аяқ асымен көрікті

48. Халықтан қайырымдылықты,


Қариядан байымдылықты үйрен.

49. Халыққа қарсы жүру - ағысқа қарсы жүзу.


50. Жері байдың елі бай.
51. Елу жылда ел жаңа
АТА-АНА ТУРАЛЫ
52. Елдің елдігі ерінен танылар,
Елдің байлығы жерінен танылар.

53. Ананың көңілі балада,


Баланың көңілі далада.
54. Қала — халқының салтанаты,
Бала — ата-ананың қолқанаты.
55. Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің.
56. Ананың сүті- бал
Баланың тілі –бал.

57. Әке көрген оқ жағар,


Ана көрген тон пішер.

58. Әке-асқар тау



БАЛА ТУРАЛЫ
59. Балалы үй базар,
Баласыз үй мазар.

60. Атадан жақсы ұл туса,


Қар үстінде от жанар.
Атадан жаман ұл туса,
Ат үстінде ит қабар.

61. Ата – бәйтерек, бала – жапырақ.


62. Алты жасар бала алыстан келгенде,
Алпыстағы ақсақал сәлем берер.
АҒАЙЫН-ТУЫС ТУРАЛЫ
63. Ағайынға карап бала өсер,
Қарағайға карап тал өсер.

64. Ағайынмен жауласпа — басың азаяды,


Көршіңмен дауласпа — асың азаяды.

65. Ағасы бардың жағасы бар,


Інісі бардың тынысы бар.

66. Ағайын тату болса — ат көп,


Абысын тату болса — ас көп.
67. Ағайынды алтау болса адам тимейді, тура жүрсең лебізің күймейді.
ТӘРБИЕ ТУРАЛЫ
68. Балапан ұяда не көрсе,
Ұшқанда соны алады

69. Әдепті бала - арлы бала,


Әдепсіз бала - сорлы бала

70. Қызы анадан үйренбей өнеге алмас, 


Ұлы атадан үйренбей сапар шекпес. 

АС-ТАҒАМ
71. Ас – адамның арқауы.
72. Дұшпанды таспен атпа, аспен ат
73. Дәнді шашпа, нанды баспа.
74. Арпа, бидай ас екен,
Алтын күміс тас екен.


ЕРІНШЕКТІК ТУРАЛЫ
75. Еріншектің ертеңі бітпейді
76. Аттың сүріншегі,
Жігіттің еріншегі жаман.
77. Жалқаулық аздырады,
Еңбек оздырады.


ӨНЕР ТУРАЛЫ
78. Ата өнері - балаға мұра.

79. Өнерлі жігіт өрде озар,


Өнерсіз жігіт жер соғар.

80. Жұмыс қылып бой түзе.


Өнер қуып ой түзе.

81. Ақыл көпке жеткізер,


Өнер көкке жеткізер.

82. Өнерлінің қолы алтын,


Өлеңшінің сөзі алтын.

83. Өнер алды қызыл тіл.


84. Өнерлі өрге жүзеді.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет