Антропологияның ерекшелігі



Дата29.10.2022
өлшемі17,74 Kb.
#46144
Байланысты:
антропологияның ерекшеліктері


Антропологияның ерекшелігі

Антропология – адам туралы ғылым екені анық. Анығырақ айтқанда, антропология адам тарихымен байланысты, жер қоймасынан табылған заттарды зерттейді.


Бұл ғылым бірнеше бөлімнен тұрады:

  • Антропогенез - жануарлар дүниесіндегі адамның алатын орны мен адамның адам болып қалыптасуын зерттейді.

  • Морфология - әрбір адам типінің өзгерісін жасқа байланысты өзгеруін, жынысқы байланысты өзгеруі, жынысқа байланысты белгілерін және тұрмыс жағдайын зерттейді.

  • Этникалық антропология - өткен дәуірден және қазіргі жер шарындағы халықтың антропологиялық құрамын, нәсілдік қалыптасуын, көшіп қону тарихын зерттейді.

Антропологияның зерттеу аймағы – адам денесі. Ол антрополгиялық және медициналық аймақ болғанымен, олар бірдей емес. Антропологтар бірқатар сапалық белгілерді (антропоскопия) және адам денесінің сандық көрсеткіштерінің (антропометрия) ерекшеліктерін суреттейді. Антропологиялық әдістер арқылы морфологиялық және физиологиялық көрсеткіштерді талдайды. Антропологиялық зерттеулердің нәтижелері сот медицинасында, хирургияда т.б. практикалық медицинада өте кең және жиі қолданылады. Мысалы, киім тігуде, үй жиһаздарын дайындауда және станоктарды құрастырудың стандарттарын белгілейде де маңызы бар. Антропоскопиялық әдіс пен антропометриялық әдіс, бірін-бірі толықтырып отырады. Адамның шыққан тегі туралы проблема адам баласын барлық уақытта бірдей қызықтыратын сұрақ. Бұл табиғаттанудың негізгі сұрағы және оны шешудің дүние танымдылық маңызы бар. Адамның адам болуы туралы идиологиялық күрес ертеден келе жатқан көзқарас. Адамның табиғи пайда болуы туралы көзқарасты материалистік тұрғыдан ған түсіндіруге болады.
Антропологияның тарихына қысқаша тоқталсақ, антропология ұғымы көне грек дәуірінен бастап, белгілі болғанымен орта ғасырдың аяғына дейін адамның физикалық құрылысын зерттейтін, ішінара адам психологиясы мен этнография ерекшеліктерін сипаттайтын да ғылым саласы болып келді. 19 ғасырдың ортасынан, антропологияның жалпы ғылымдағы орны, мазмұны, анықтамасы жөнінде екі түрлі көзқарас қалыптасқан: оның бірі – 18 ғасырдағы Франция ойшылдарының пікірлеріне сәйкес, адамның тән құрылысын, тіршілік-әрекетін, тілін, мінез-құлқын, материалдық және рухани қазыналарын, т.б. зерттеу.
Қазақ антропологиясына тоқталмасақ болмас, қазақтар арасында арнайы антропологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізген Ресей ғалымы Аркадий Ярхо. Оның қолжазба түрінде сақталған «Алтай – саян түріктері» деген очеркін антрополог Георгий Францевич Дебец өңдеп, 1947 ж. Абаканнан бастырып шығарды. Бұл зерттеуде Алтай – Саян өңіріндегі түркі халықтары антропологиялық тұрғыдан үш топқа (кіндіказиялық, алтайлық және оралдық) бөлініп жүйеленген. Бірінші топтың антропологиялық өкілдері ретінде моңғолдар мен буряттар, екінші топқа қазақтар мен қырғыздар, үшінші топқа – шорлар алынған да, барлығы монғолоид расасына жатқызылған. Тек, 1950 жылы ғана соңғы 2 топтың антропологиялық типі аралас екені, яғни өздерінше бөлек метистік топтарға жататындығы анықталды. 1947 –1948 ж. КСРОғалымдары Дебец, Михаил Левин, т. б. арнаулы антропологиялық экспедициялар ұйымдастырып, қазақтар арасында кең зерттеулер жүргізді. Осының нәтижесінде «Қазақстанның антропологиялық очеркі» жарыққа шықты. Онда қазақтың антропологиялық типінің қалыптасуы қола дәуірде осы жерді мекендеген тайпалардан басталатындығы көрсетілді. Гинзбург қазақ жеріндегі ертедегі тайпалардың антропологиялық ерекшеліктеріне сүйене отырып, осы күнгі қазақтарға тән морфологиялық ерекшеліктер біздің заманымыздан бұрынғы 10 – 8 ғасырларда Қазақстанның солтүстік аймақтарында қалыптасқанын анықтады. Қазақтың тұңғыш антропологы Оразақ Смағұлұлы 1960-жылдары республиканың әр өңірінен қазақтардың бас сүйегі мен қаңқа сүйектерін жинап, Санкт-Петербургтегі антропологиялық және этнографиялық мұражайына тапсырды. Ол ұзақ жылдар (1977 – 1996) зерттеулер жүргізіп, қазақ халқы жайлы (қола дәуірінен қазіргі кезең аралығын қамтитын) көлемді антропологиялық деректер жинап, құнды еңбектер жариялап келеді. Ғалым антропометрия, одонтология, краниология, т.б. әдістерді пайдаланып, қазіргі қазақ халқының арғы тегі қола дәуірінде Андрон мәдениеті қалыптасқан әрі еуропеидтік әрі монголоидтық сипаты бар тайпалар болғандығын дәлелдеді.
Сонымен тақырыпты толығырақ ашсақ, антропология мен анатомияны ұқсас ғылымдар деп қарастыру үлкен қателік. Себебі, Антропологтар анатомдарға қарағанда басқа тұрғыдан қарайды. Қалыпты анатомия адамды жинақтап, «орталық» тип деңгейінде абстракты үлгі есебінде зерттейді. Антропологияда адамды салыстырмалы кең көлемде, әрбір адамның жеке әрекеттерін зерттейді: жыныстық, жастық, конституциялық, қызметтік, этникалық және нәсілдік. Бір қатар сұрақтар бойынша антропология, этнография және археологиямен де тығыз байланысты. Антропология адам тарихымен байланысты, жер қоймасынан табылған заттарды зерттейді. Этнография халықтың тұрмысы мен мәдениет ерекшеліктерін, олардың шығу тегін, таралу жолдарын және мәдени тарихи қарым-қатынастарын да зерттейді. Антропология – табиғаттануға жатады. Бірақта биологиялық пәндер ішінде алатын орыны де ерекше, себебі, адам екі қоғамның өкілі – биологиялық және әлеуметтік. Адам – қоғам мүшесі. Адамның, адам болып қалыптасуы жіне оның өмірі қоғамдық ұйымда өтеді. Еңбек пен қоғам – адамның тіршілігі мен жағдайының негізі, оған әлеуметтік тарихи жағдайлар әсер етеді.

Қолданылған әдебиеттер:


УВИСТ-22-1 тобының студенті Сатканов Саламатдин

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет