57 жалпы орта мектеп Ашық тәрбие сағат Тақырыбы



бет1/7
Дата07.09.2023
өлшемі1,46 Mb.
#106487
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Тіл туралы ашық сабақ


57 жалпы орта мектеп
Ашық тәрбие сағат
Тақырыбы:
«Тіл ұлттық белгі, халықтық мұра»



Сынып жетекшісі:
Керімбек С.А.
Сыныбы: 9 «Ә»
2016-2017 оқу жылы


«Тіл ұлттық белгі, халықтық мұра»


Мақсаты: Елбасы бағдарлап берген межелерге жету жолдарын талқылауға салу, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау, өзге ұлт өкілдері арасында қазақ тілін білу деңгейін көтеру және оқып үйренуге деген ықыласы мен қызығушылығын арттыру, патриоттық сезімін оятып, тілін, Отанын, елін, жерін сүюге, салт-дәстүрін, тарихын құрметтеуге тәрбиелеу
Көрнекілігі: интерактивті тақта, ұлағатты сөздер.
тіл туралы ұлылар ойлары.
Халықтың мәңгі ғұмыры оның тілінде.
Әрбір тіл өзінің халқы үшін
-Ұлы.
Ш.Айтматов
Кештің барысы:
Дүбірлетсін өңірді,
Дүрілдетсін дүлдүлі.
Қазақ деген елімнің
Құтты болсын, бұл күні!
— дей отырып, құрметті жиналған қонақтар, тіл жанашырлары!
Сіздерді өткір тілді, дархан пейілді, қазақ елінің жуырда өткен
«Тілдер мерекесі» күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Тіл мерекесіне орай өткезгелі отырған «Тіл ұлттық белгі, халықтық мұра» атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер дей отыра, ашық тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймын!
(Гимн орындалады)
Қазақстанның мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Қазақстан – көп ұлт өкілдері мекендейтін мемлекет. Мұндай мемлекет үшін мемлекеттік тіл қажет. Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев өз жолдауында «Ұлттық тіл – қазақ ұлтының рухани, мәдени байлығын ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші қасиетті құрал» деп көрсеткен болатын.
Қазақ тілінің мәртебесін өсіру үшін және мемлекеттік тілімізді қастерлеуге, құрметтеуге тәрбиелеу үшін елімізде көптеген іс – шаралар жүргізіліп келеді. 22 қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесі. Ең алдымен, бұл барша елге ортақ жалпы халықтық мереке, барлық ұлт өкілдеріне көрсетілген құрмет.
Қазақстанда 100 – ден астам ұлт өкілдері тұрады, әрбір ұлттың ең үлкен, ең негізгі анасы туған тілі болып саналады. Ана тілі – әрбір ұлттың, ұлыстың мақтанышы, көзінің қарашығындай көретін қазынасы, асыл мұрасы.
Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін 1997 жылы 11 – шілдеде Қазақстан Республикасының Парламенті «Тіл туралы» жаңа Заңын қабылдады. 2007 жыл «Мемлекеттік тіл жылы» деп жарияланды.
1Ж:
Қазіргі таңда еліміз өз тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі болып бекітілді. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы Заңы» күшіне енді. Болашағымызды баянды етер басты қаруымыз – тіліміз.Осындай атаулы күнде бәріміздің де мерейіміз өсіп, қойнымыз қуанышқа толып отырғаны сөзсіз.Ендеше, Тіл апталығы аясында өткізіліп отырған «Тіл ұлттық белгі, халықтық мұра» атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер!
: Ей, тәкаппар дүние,
Маған да бір қарашы.
Танимысың сен мені
Мен қазақтың баласы!- деп ақын Қ. Аманжолов ағамыз айтқандай осы ашық сабағымыздың арнайы қонақтарымен таныстырып өтейік.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет