Ақпаратты өлшеу 1



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата27.09.2023
өлшемі182,3 Kb.
#110740
  1   2   3
Байланысты:
taps rmalar-1 (2)



Ақпаратты өлшеу 
1.1 
"Сіз келесі аялдамадан түсесіз бе?" - деп автобустағы адамнан сұралды. Ол, - "жоқ" - 
деп, жауап берді. 
Адамның осы жауабы қанша ақпарат беріп тұр? 
 
1.2 
Сіз бағдаршамға жақындағанда сары түсі жанып тұрды, сосын жасыл түсі жанды. 
Қандай көлемдегі ақпарат алынады? 
1.3 
Бір топ оқушы жүзуге арналған төрт жолы бар бассейнге келді. Жаттықтырушы 
оқушыларға үшінші нөмірлі жолмен жүзетіндіктері туралы хабарлады. 
Бұл хабардан оқушылар қанша ақпарат алды? 
1.4 
Себетте түрлі-түсті 8 шар бар. Себеттен қызыл шар алынғаны туралы хабар қанша 
ақпарат береді? 
1.5 
"Қарсы алыңыздар, вагон 
№7" 
деген телеграмма алынды. Пойыздың 16 вагоны бар 
екені белгілі болса, қанша ақпарат алынады? 
1.6 
Мектеп кітапханасында 16 стеллаж бар. Әр стеллажда 8 сөре бар. Қайратқа 
кітапханашы оған керек кітабының бесінші стеллажда жоғарыдан санағанда 3-і сөреде 
екендігін хабарлады. Кітапханашы Қайратқа қанша мөлшерде ақпарат берді? 
1.7 
Бүтін санды (диапазоны 1 ден 
n
-ге дейін) табу кезінде 7 бит ақпарат алынды. 
n
неге 
тең? 
1.8 
Диапазондағы бүтін санды табуда 6 бит ақпарат алынды. Бұл диапазонда қанша сан 
бар? 
1.9 
Сіздің досыңыздың 10 қабатта тұратындығы туралы хабар 4 бит ақпарат береді. Бұл 
үйде қанша қабат бар? 
1.10 
Жанар екінші подъезде тұратындығы туралы хабар 3 бит ақпарат береді. Бұл үйде 
қанша подъезд бар? 
1.11 
Қорапта 7 түрлі қарындаш бар. Қораптан қызыл қарындаштың алыну хабары қанша 
ақпарат береді? 
1.12 
"Кездесу қыркүйек айына белгіленді" деген хабарда қанша ақпарат бар? 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет