Ақпаратты өлшеу. Алфавиттік әдіс



Дата19.10.2023
өлшемі11,4 Kb.
#119658
түріСабақ


Автор: Темірбекқызы Баршагүл
Пән: Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар/Информатика
Сынып: 8-сынып
Бөлім: Компьютер мен желілердің техникалық сипаттамалары
Тақырып: Ақпаратты өлшеу. Алфавиттік әдіс

Оқу мақсаттары

8.2.1.1 ақпарат көлемін анықтауда алфавиттік және ықтималдық амалдарын қолдану

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Ақпарат дегеніміз не екенін, ақпарат көздерін айтаалады.
Оқушылардың басым бөлігі: Байт, килобайт, мегабайт, гигабайт - ақпараттың өлшем бірліктерін біледі.
Кейбір оқушылар: Өлшем бірліктерін түрлендіре алады. Мысалы: байтты килобайтқа айналдыру.

Бағалау критерийлері

Ақпаратты сақтаудың сандық құрылғыларын анықтайды;
Сыртқы есте сақтау құрылғысы қандай мақсаттарда қолданылатынын анықтайды, деректерді сыртқы есте сақтау құрылғыларында сақтайды;
Сыртқы есте сақтау құрылғысында сақталатын деректердің қолжетімділік жылдамдығы мен көлемдерін салыстырады;
Мәтіннен негізгі қасиеттерді таңдайды ;
Өзін-өзі бағалау, өзара бағалау.

Сабақ барысы


Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы
(10 минут)

Ұйымдастыру бөлімі.
«Мен іздеймін» әдісі Мақсаты: оқушыларды қызықтыру, сабақтың тақырыбын анықтау сипаттамасы.
Үй тапсырмасын тексеру
Кездейсоқ тәсілі: Шарты:қағаз ұшаққа сұрақтар жазылып басқа адамға бағытталады. Сыныпты Гигабайт және Терабайт деген жазулар қиындысы арқылы 2 топқа бөлу, топ басшыларын сайлау.
1. Ақпаратпен жұмыс істеу негізгі қызметтері болатын мамандықтардың мысалдарын келтіріңіз.
2. Ақпараттық үрдістің үш негізгі түрін атаңыз.
3. Неліктен біз «жатқа білетін» ақпаратты жедел деп атаймыз?
4. Сіз білетін жедел ақпаратқа мысал келтіріңіз.
5. Сіз ақпараттың көзі және қабылдаушысы бола алатын жағдайға мысал келтіріңіз.
6. Бүгінгі таңға дейін көбінесе қандай рөлді жиі атқардыңыз? 

Сабақтың ортасы
(25 минут)

Топтағы әрбір оқушының қолына «Жаңа валютаны» беру. Сабақтың өтілу шартын түсіндіру .
Егер 500 доллар жинаса бағасы 5 т.с.с. Әрбір топқа күнделікті өмірде қолданатын өлшем бірліктерін жазу, салу үшін постер беріледі. Сол арқылы оқушылар постер қорғауға дайындалады. Топтағы әрбір оқушының қолдарына «бағалау парағы» беріледі. Оқушылар бірін-бірі бақылап топта жұмыс жасайды. 
Зерттеушілік жұмыс сыныпты топтарға бөледі, қосымша 1 үлестіріп, кестені толтыруларын бақылайды. Қажет жағдайда көмектеседі.
Ұсынған материалға сүйене отырып зерттеу жүргізеді және кестені толтырады.
ДК орындалатын тапсырма
1. Алдын-ала «ДК орындалатын тапсырма. Сыртқы жадының классификациясы.ppt» файлын дайындайды.
2. оқушы компьютеріне жүктейды немесе желіден көшіріп алуды ұсынады.
3. файлды қайда сақтау керек екендігін еске салады.
Қосымша тапсырма.
Қосымша тапсырма үшін ҚБ немесе дифференциацияға қолдануға болады.
1.1 Гбайт көлемді ақпаратты дискетаға жазу үшін қанша дискета қажет екенін анықтаңыз.
2.2 млн символды сақтау үшін қанша жады көлемі қажет екенін анықтаңыз. Осы ақпаратты сақтау үшін қанша дискета қажет ?

Сабақтың соңы
(5 минут)

Үй тапсырмасы
1.Сіз оқыған сақтау құрылғыларының артықшылықтары мен кемшіліктерін дәптерге жазыңыз.
2.Blu-ray Disc-ті зерттеңіз (ізденімпаз оқушылар үшін)
"Білім шкаласы" Мақсаты: тақырыпты түсіну бойынша өзін-өзі бағалау
Сипаттамасы: Рефлексия негізінде талдау жасайды және сәйкесінше қорытынды жасайды.



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет