Аппараттық жасақтама және бағдарламалық жасақтама



бет1/3
Дата12.02.2023
өлшемі0,54 Mb.
#67204
  1   2   3

Аппараттық жасақтама және бағдарламалық жасақтама


Сөзімізді жалғастырмас бұрын, сіз мына маңызды заттарды біліп алуыңыз керек: Бұл компьютердің аппараттық жасақтамасы немесе басқаша айтқанда «Темір», сонымен қатар бағдарламалық жасақтама немесе компьютерде сіздің жұмыс істейтін бағдарламаларыңыз.
Аппараттық жасақтама (темір) — бұл біз қолмен ұстап көре алатын компьютердің бөлігі, яғни монитор, жүйелік блок, пернетақта немесе тінтуір (mouse). Сонымен қатар компьютердің аппараттық бөлігіне барлық ішкі компоненттер кіреді, мысалы, жүйелік блоктың ішінде орналасқан жүйелік тақта.

Бағдарламалық жасақтама – бұл компьютердің аппараттық бөлігін басқаратын зат, яғни қарапайым сөзбен айтқанда бұл Microsoft Word, Excel, Windows, браузерлер, ойындар және т.б. бағдарламалар. Төмендегі суретте презентация құруға көмектесетін Microsoft PowerPoint бағдарламасын көре аласыз.

Сіздің компьютердегі барлық әрекеттеріңіз аппараттық жасақтама мен бағдарламалық жасақтамаға тікелей қатысты. Мысалы, қазір сіз осы веб-парақшаны ашып отырсыз және веб-браузердің (бағдарламалық жасақтама) көмегімен мақала оқып отырсыз және оң қолыңызбен сол парақшаларды ақтаруға көмектесетін тінтуірді (аппараттық жасақтама) ұстап отырсыз.
Компьютердің түрлері мен типтері
Көптеген адам компьютер сөзін естігенде дербес компьютер немесе ноутбукты елестетеді. Алайда, түрлері мен мөлшерлері әртүрлі компьютерлер болады және олар күнделікті өмірде әртүрлі функцияларды атқарады. Сіз банкоматтан ақша алғанда, супермаркетте азық-түлігіңізді бағасын анықтайтын сканерден өткізгенде немесе калькулятор қолданғаныңызда. Мұның бәрі компьютер, тек типі мен мақсаты басқа.
Үстел үстілік компьютерлер
Біз үстел үстілік компьютерлерді жұмыста, үйде, мектепте, кітапханада және т.б. жерлерде қолданамыз. Олар кішкентай, орташа, үлкен бола алады және әдетте үстел үстінде тұрады. Ол пернетақта, тінтуір, монитор және жүйелік блоктан тұрады.
Көптеген үстел үстілік компьютерлерді жаңарту, жетілдіру немесе ішіне жаңа бөлшектер салу оңай. Үстел үстілік компьютерлердің тағы бір артықшылығы – бұл олардың бағасы. Егер функционалдылығы жағынан бірдей болатын үстел үстілік компьютер мен ноутбукты салыстыратын болсаңыз, бағасы жағынан үстелік үстілік компьютер арзанырақ болатынын байқайсыз. Үстел компьютерінің негізгі бөліктері туралы осы жерден оқи аласыз.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет