Апта Кредиттік сағат саны Дәріс №13 Тақырып: Интонация Дәрістің мазмұны



бет1/3
Дата29.03.2023
өлшемі23,27 Kb.
#77068
  1   2   3
Байланысты:
13,14-ДӘРІС


Апта 7.
Кредиттік сағат саны 1.
Дәріс №13
Тақырып: Интонация
Дәрістің мазмұны:
1. Интонация түсінігі, интонацияның зерттелуі.
2. Интонацияның компоненттері.
Қандай тіл болмасын, оның интонациялық жүйесі белгілі бір заңдылыққа сүйенеді. Тілдің интонациясы - көп функциялы құбылыс. Әлем лингвистикасындағы басты мәселелердің бірі интонацияның сол тілдегі ерекшелігін, басты белгілерін, маңыздылығын анықтау болып табылады. Қандай сөйлем болса да, оның интонациясы, айтылу әуені болады. Сондықтан да Н.С.Трубецкой интонацияның фонемалардан ерекшелігі, оның өзіндік белгілері болатындығына назар аударған еді [1.254]. Суперсегменттік фонетика тілдің интонациялық жүйесін қарастырады. Интонация сөйлеу тілінде естілуімен қатар жазба тілде (мәтінде) де оқылады. Интонациялық құбылыстар мен грамматикалық құбылыстардың арасында тығыз байланыс бар. Себебі мәтіннің интонациясын өзгертіп оқитын болсақ, оның стилистикалық реңкі де, грамматикалық мағынасы да өзгеруі мүмкін. Интонацияның тіл жүйесінде алатын орны, ерекшеліктері мен қасиеттерін анықтайтын саласы жалпы тіл білімінде интонология деп аталады. Интонологияның суперсегменттік бөлшектерін интонемалар деп атайды. Сөйлемде интонеманың атқаратын қызметі, өзіндік орны болады. Сондықтан интонема әрқашан синтагмада көрініс табады. Интонацияның негізгі қызметі 1) сөйлемнің түрлерін анықтау; 2) жеке коммуникативтік типтерін ажырату; 3) мазмұнның өзгешеліктерін ажырату; 4) мәтіндегі ерекшеліктерін көрсету; 5) әр түрлі эмоцияларда ажырату болып табылады. Интонацияның басты компоненттері әуен, негізгі тон жиілігі, интервалы, диапозон, ұзақтылық, қарқын, пауза, интенсивтілік, тембр тілдегі просодикалық әсілдер ретінде әр тілдің өзіндік интонациялық ерекшелігіне байланысты қолданысқа түседі. Интонация дыбыстан бұрын пайда болған деген көзқарас бар. Сонда да фонемаға қарағанда интонеманы зерттеу кейіндеу қолға алынды.
Қазақ тіл білімінің кейінгі кезеңде әлемдік ғылым жетістіктеріне сай озық әдістемелер негізінде зерттеле бастауы жаңа ғылыми салалардың пайда болып, тың теориялық идеялардың туындауына жол ашты. Қазақ тілі дыбыс жүйесі саласындағы теориялық мәселелердің дамуы және зерттелу барысына ой жіберетін болсақ, тіліміздегі фонемалардың санын, олардың түрлі фонетикалық ерекшеліктерін зерттеуге алғашқы кезекте назар аударылды да, ал тілдің суперсегменттік деңгейін зерттеу, әсіресе, тіл жүйесіндегі интонация мәселерін зерттеу жұмыстары, кейіндеу қолға алынды.
Қазақ тіл білімінде интонация мәселелері алғаш рет Н.У. Түркбенбаевтың қазақ тіліндегі сұраулы жай сөйлемдер интонациясы туралы, қазақ және орыс тілдері фонетикасын салғастыра зерттеген еңбегінде қарастырылды. Ғалым интонациясыз сөйлем болмайтынын, сондықтан интонацияның сұраулы жай сөйлемді танытатын белгілерін көрсетеді [2].
Ә.Н. Нұрмаханованың қазақ, өзбек, қарақалпақ тілдеріндегі жай сөйлемге байланысты еңбегінде интонация мәселесіне ерекше назар аударылды [3]. Ол интонация құрамындағы болатын физикалық элементтерді (әуен, ырғақ, қарқын, іркіліс) көрсетіп, түрлі жай сөйлемдерің өзіне тән интонациясы болатынын айтады. Ғалым интонацияның негізгі бірліктерімен компоненттері, интонацияның сөйлемдегі қызметі туралы мәселелерді жай сөйлемдер грамматикалық ерекшеліктерімен байланыста қарастырған. Ж.М. Утесбаев қазақ интонациялық құрылымдарын көркем шығарма желісі бойынша зерттеп, мәтін лингвистикасындағы интонацияның маңызын көрсетеді.
Интонация теориясының негізгі мәселелері ретінде оның бірліктері, басты компоненттері, интонацияның қызметі туралы баяндап, олардың өзіндік ерекшеліктері мен ішкі заңдылықтарын көрсетіп, тіліміздегі интонацияның табиғаты мен қолданылу сипаты жөнінде жүйелі зерттеу жүргізген. Интонацияның өзіне ғана тән негізгі бірлігі (единицасы) «интонема» деп көрсетіп, «Сөйлемнің қай-қайсысы болса да, интонемасыз сомдала алмайды, олардың әрқайсының өзіне тән интонациясы бар. Сөйлемдердің қай түрінің болса да, сомдалып, аяқталып, коммуникативтік функцияға ие болып тұруында интонацияның мәні ерекше»,- дейді [5.19]. Интонема мен фонема ерекшеліктері туралы кезінде Н.С.Трубецкой «интонеманың фонемадан ерекшелігі сол, фонема үшін ештеңе білдірмейтін тыныс белгісінің мәні жоқ, ал интонема үшін мағына білдіретін арнайы белгілер қажет» деген еді [1.54]. З.М.Базарбаева қазақ тіліндегі интонация мәселелері жөнінде айтылған пікірлерге сын көзімен қарай отырып, зерттеушілер интонацияның бірліктерін белгілеуде оның сөйлемдегі қызметін негізге алатынын, екпіннің қай жерде тұратындығын, пауза арқылы бөлінетін ерекшелігін алға тартатындығын айтады. Интонацияның компоненттері (әуен, пауза, интенсивтілігі, ұзақтылық, қарқын, тембр) туралы талдау жасай келіп, өзге зертеушілер «қазақ тіліндегі ең маңызды просодикалық компоненттер деп ұзақтылықпен қатар әуенді де атайды»,- дейді [5. 47]. «Интонацияның компоненттері тілдің бәрінде қолданылатын универсалды просодикалық тәсіл болып табылады. Олар әуен, ұзақтылығы, интенсивтілік»,- дейді [5. 43]. Ғалым ритмикалық топтар арасымен олардың ішіндегі пауза туралы айтылған пікірлерге назар аударады. Интенсивтілікке әсер етуші факторлардың бірі дауысты дыбыстардың синтаксистік сегменттегі орны дейді. Тембр сөйлемнің сезімдік (эмотивтік) мазмұнын беруге қатысады, ал акустикалық деңгейде спектрге сәйкес деп біледі. Интонацияның басты функциясы сөйлемнің жалпы мағынасы мен түрлері, жеке коммуникативті дифференциялау (тема және рема), семантикалық дифференциялау, эмоциялық дифференциялау деп көрсетеді. Зерттеуші қазақ тілі сөйлемдерінің және поэзия тіліндегі интонацияның сипатын жан-жақты талдап көрсетті.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет