Физикалық химия пәнінен емтихан сұрақтары



Дата05.05.2023
өлшемі19,44 Kb.
#90193



Физикалық химия пәнінен емтихан сұрақтары



  1. Термодинамиканың негізгі түсініктері. Ұлғаю жұмысы. Интенсивтілік және экстенсивтілік факторлары.

  2. Идеалды газдың ұлғаю жұмысын әр түрлі процестерге есептеу. Термодинамиканың 1-ші бастамасы, оның математикалық өрнегі. Жылу, ішкі энергия, жұмыс.

  3. Термохимия. Қысым Qр мен көлем тұрақты Qv болған кездегі химиялық реакциялардың жылу эффектілері. Гесс заңы, оның салдарлары.

  4. Жану, еру, түзілу жылулары. Срv-ның идеал газ үшін айырмасы. Жақсы еритін тұздың еру жылуын анықтау.

5. Термодинамиканың II-ші заңы. Қайтымды және қайтымсыз процестер. Максималды жұмыс. Энтропия күй функциясы.
6. Термодинамикалық ықтималдық және энтропия. Больцман теңдеуі.
7. Термодинамиканың негізгі функциялары. Изохора-изотермиялық және изобара-изотермиялық потенциалдар. Химиялық процестің жұмысы. Термодинамиканың үшінші бастамасы.
8. Физика-химиялық анализ және фазалық тепе-теңдік. Еркіндік дәрежесі және компонент, фаза. Клапейрон-Клаузиус теңдеуі. Гиббстің фазалар ережесі.
9. Бір компонентті жүйе. Судың күй диаграммасы. Судың үштік нүктесі.
10. Екі компонентті жүйе. Бір-бірінде ерімейтін қатты заттар. Салқындау қисығы. Балқу диаграммасын тұрғызу.
11. Нафталин-дифениламин системасының балқу диаграммасын құру. Үш компонентті жүйе.
12. Идеал ерітінді компонентінің химиялық потенциалы. Ерітінді компонентінің активті коэффициенті және активтілік. Д.И Менделеевтің ерітінділер теориясы.
13. Идеалды сұйық ертінділердің термодинамикалық қасиеттері. Қаныққан бу-сұйық ерітінді тепе-теңдігі.
14.Идеал ерітінділер, Рауль заңы. Рауль заңынан оң және теріс ауытқулар, оның себептері.
15. Бинарлы ситемада сұйық-бу тепе-теңдік диаграммасы. Коновалов заңдары. Азеотроп ерітінділер.
16. Рауль екінші заңы. Эбулиоскопия. Криоскопия. Молярлық массаны қату температурасының төмендеуі бойынша анықтау.
17. Қатты зат-сұйық ерітінді тепе-теңдігі. Ерітінділерден қатты еріткішті бөлу. Осмотикалық қысым. Вант-Гофф жұмысы.
18. Өзара араласпайтын екі сұйықтықта үшінші компоненттің таралуы. Таралу заңы.
19. Экстракция. Сірке қышқылының өзара араласпайтын екі еріткіште таралу коэффициентін анықтау.
20. Химиялық кинетиканың теориялары. Әсер етуші массалар заңы. Реакцияның реті мен молекулалығы. Электр өткізгіштік әдісімен мочевинаның ыдырау реакциясының жылдамдығын анықтау.
21. Химиялық реакцияның жылдамдық тұрақтысы, оның физикалық мәні, өлшемі. Жабық жүйедегі 1-ретті формальді қарапайым гомогенді бір бағыттағы реакцияның кинетикалық теңдеуі.
22. Электр өткізгіштік әдісімен сірке ангидриді гидратациясының жылдамдығын анықтау. Жабық жүйедегі 2-ретті формальді қарапайым гомогенді бір бағыттағы реакцияның кинетикалық теңдеуі.
23. Күрделі реакциялардың кинетикалық теңдеулері: қайтымды, параллель, кезектескен. Боденштейннің стационарлы концентрация әдісі.
24. Қосарланған реакциялар. Химиялық индукция. Автокаталитикалық реакциялар.
25. Реакция жылдамдығына температураның әсері. Аррениус теңдеуі. «Эффективті» және «нақты» активтендіру энергиясы.
26. Активті соқтығысулар теориясы. Аррениус теңдеуіндегі стерилік фактор. Активтелген комплекстің қасиеті. Жылдамдық тұрақтысын статистикалық есептеу.
27. Катализ. Гомогенді және гетерогенді катализ. Катализдегі негізгі анықтамалар.
28. Гомогенді біріккен және жекеленген механизмі. Гетерогенді катализ. Адсорбция және хемосорбция.
29. Гетерогенді каталитикалық реакциялардың кинетикасы. Каталитикалық активтілік пен селективтілік.
30. Гетерогенді катализ теориялары. Мультиплет теориясы (А.А.Баландин). Активті ансамбльдер теориясы (Н.А.Кобозев).
31. Электрохимия пәнінің негізгі түсініктері. Электролит ерітінділерінің құрылысы жайында түсініктердің дамуы.
32. Электролиттік диссоциацияның себептері. Гидраттану, сольваттану процестері, сольваттану энергиясы.
33. Электролиттердің термодинамикалық теориясы. Электролит ерітінділерінің активтілігі және активтілік коэффициенті.
34. Ерітінділердің иондық күші. Дебай-Гюккельдің «күшті электролиттер теориясының негізгі қағидалары. Иондық атмосфера.
35. Меншікті және эквивалентті, молярлы электрөткізгіштік. Күшті және әлсіз электролитердің электр өткізгіштігінің концентрацияға тәуелділігі.
36. Иондардың қозғалыс жылдамдығы және қозғалғыштығы. Кольрауш заңы.
37. Электрофоретикалық эффект, релаксация эффектісі. Дебай-Онзагердің электр өткізгіштік теориясы. Ауысу саны, оны анықтау әдістері.
38. Электродтық процестер. Гальваникалық элемент, электрохимиялық реакциялар. Гальваникалық элементтің электр қозғаушы күші (ЭҚК).
39. Электрохимиялық реакциялардың стандартты термодинамикалық функциясы мен тепе-теңдік тұрақтысын ЭҚК әдісімен анықтау.
40. Электродты потенциал үшін Нернст теңдеуі. Тепе-теңдік және стандартты электродты потенциал.
41. Қышқылдар мен негіздердің протолиттік теориясы. Бренстед теориясының негізгі қағидалары. Н. А. Измайлов, М.И. Усанович еңбектері.
42. Электролиз процесі. Фарадей заңдары.
43. Электродты топтастыру: 1-ші және 2-ші ретті электродтар. Салыстырмалы электродтар. Тотығу-тотықсыздану электроды.
44. Кондуктометриялық титрлеу. Ертіндідегі қышқыл концентрациясын анықтау.
45. Электролиз. Мыс сульфаты сулы ертіндісінің электролизі.
46. Сипаттамалық функциялар, термодинамикалық потенциалдар. Термодинамиканың үшінші бастамасы.
47. Термодинамиканың II-ші заңы. Карно циклі және максималды пайдалы әсер коэффициенті.
48. Химиялық кинетика. Химиялық реакция механизмі. Кинетикалық қисықтарды алудың экспериментальдық әдістері.
49. Фотохимиялық реакциялар. Фотохимияның заңдары. Фотохимиялық процестің түрлері.
50. Қарапайым және күрделі реакциялар. Күрделі реакцияның типтері. Тізбекті реакциялар.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет