Қар туралы ең қызықты мәліметтер



бет1/2
Дата06.03.2023
өлшемі453,24 Kb.
#72239
  1   2
Байланысты:
Азамат Топқа бөлу




Қар туралы ең қызықты мәліметтер
Қыс – климаттық жағдайғаларға байланысты келетін мезгіл. Бұл мезгілдің ең кереметі жауған қарында. Аппақ қар әлемді мамық көрпеге орағанда жер жүзі құлпырып сала береді. Дегенмен бұл қардың да, осы мезгілдің де, қар қиыршықтарының да қызықтары бар екен.
1. Мың жылдар бойына жасалған зерттеу нәтижесінде ғалымдарды таң қалдырған жаңалық: жер бетіне жауған әрбір қар қиыршығының ұқсасы да, егізі де жоқ. Тіпті бір-біріне ұқсас екі түйір қар қиыршығы да болмайды екен. Әрбір қиыршық өзіне тән кескінімен ерекшеленді.
2. Білесіз бе, әлемде «Халықаралық қар және мұз кеңесі» бар. Кеңестің зерттеуі бойынша қар қиыршықтары жеті түрге бөлінеді:
1) Жұлдызды қиыршықтар
2) Ине тәрізді
3) Таяқшалар тәрізді
4) Жүзуге арналған аяқ киімнің үлгісіндегі түрі
5) Дендрит кеңестігі
6) Шашыраңқы орналасқан таяқшалар тәрізді
7) Құрлымы әртүрлі қиыршық
3. Эскимостар қар қиыршығын сипаттауда 24 түрлі сөзді пайдаланды. Ал Саамдықтар 41 түрлі сөзбен суреттейді екен.
4. Таудан құлаған қар көшкіні поездың жылдамдығымен бірдей деңгейде көшеді. Ал ірілеу әрі салмағы басым қар көшкіні «Формула-1» жарысындағы көліктердің жылдамдығымен сәйкес.
5. Әлемдегі ең үлкен қар қиыршығын ұстап қана қоймай оны өлшеген. Оның диаметрі 12 см-ді құраған.
6. 1944 жылы 30 сәуірде Мәскеуде ерекше жағдай орын алған. Онда жауған қар қиыршықтарының үлкендігі адамның алақанымен бірдей болған. Ал, әлемдегі ең үлкен қар түйіршігі АҚШ-та 1887 жылы 28-ші қаңтарда тіркелген. Оның ұзындығы – 38 сантиметр, ені – 20 сантиметр. 7. Қар қиыршықтары «әндетеді». Бұл оның жауған кездегі жылдамдығынан туындайтын әуен. Бірақ дыбыс адам баласына естілмейді.8. Тағы бір қызықты дерек, әлемдегі адамдардың тең жартысы қарды әлі көрмеген.
Кішкентай қар түйіршіктері бір-біріне мүлдем ұқсамайды. Қардың 90 пайызы ауадан тұрады. Сондықтан, ол жерге өте баяу түседі. Сағатына 0,9 шақырым. Ал, жер бетіндегі ең суық мұздың температурасы -60 градус. Ең жылысы 0 градусқа тең.
Қар судың бетіне түскенде өте жоғары жиіліктегі дыбыс шығарады. Оны адам құлағы ести алмайды, тек балықтар ғана мұндай дыбысты қабылдай алады және олар ол дыбысты жек көреді екен. Қар тек ақ түсті емес, қызғылт түсті де болады. Мұндай қарды тек биік тау бөктерлерінен, полярлы аймақтан ғана кезіктіре аласыз. Қардың бұл түрін көргендердің айтуынша, оның дәмі қарбызға ұқсайды.
Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/layfstayl/bilim/ol-kim-bl-ne/41320/
Жаңбыр туралы ең қызықты деректер
Өз бетіңмен болжап білмейтін табиғат құбылыстары адамды таңқалдырумен келеді. Соның ішінде жаңбырды біріміз табиғаттың тамаша туындысы деп бағаласақ, енді бірімізге жағымсыз күн райының бір бөлігі ғана болып көрінеді. Сонымен, алдарыңызға жаңбыр туралы ең қызықты деректерді ұсынамыз:

1. Пара қаласының тұрғындары уақытты жаңбырға қарап түзейді, себебі бұл жерде жауын күнделікті бір уақытта жауатын көрінеді.


2. Дартс ойыны жаңбырдың себебінен пайда болған. Бір күні садақ атушылар жарыс кезінде жаңбыр астында қалған. Сыраханаға келген олар қысқарған жебелермен қабырғадағы нысананы атқылай бастаған…


3. Уганда тұрғындарын жасынмен қорқыту мүмкін емес, өйткені мұнда жылына 250 рет найзағайлы жаңбыр жауады екен.


4. Жаңбыр радиодағы ауа райы болжамының пайда болуына себін тигізген. Америкадағы радиостанция иесі жауын астында қалғандықтан, тәулігіне бірнеше рет жаңбыр туралы хабар беретін жаңа топтама ашыпты.


5. Ботсванада адамдар «пула» деп сәлемдеседі. Бұл сөз «жаңбыр» деген мағына береді. Сонымен қатар, ел валютасы да «жаңбыр» деп аталады.


6. Кубада жаңбыр тек түскі уақытта, ал Тайландта тек түнде жауады екен.


7. XVII ғасырда Ұлыбританияда жаңбыр туралы заң қабылданды. Заң бойынша жаңбырды дұрыс болжамаған синоптиктің басы алынды.


8. Шөл далада жаңбыр астында құрғақ күйде қалуға болады. Шын мәнінде, шөлді жерде жаңбыр жауады, бірақ бұны байқау мүмкін емес. Себебі ыстық ауаның әсерінен жаңбыр тамшылары жерге жетпей құрғап кетеді.


9. Гидрометорталықтың жаңбырға қатысты барлық сөзі нақты мағынаға ие. Мысалы, «Өткінші жаңбыр жауады» (кратковременный дождь) делінсе, жаңбыр жаууының ұзақтығы 3 сағатқа дейін ғана созылуы мүмкін. «Жаңбыр күтілуде» (ожидается дождь) деген тіркес жауынның ұзақтығы жарты тәуліктен кем болмайтынын білдіреді.


10. Индиядағы Черрапунджи – әлемдегі ең жаңбырлы қала. Бұл жерде жылына 26 460 мм жаңбыр жауады.


11. Огайо штатының Уайнсберг қалашығында жыл сайын 29 шілдеде жаңбыр жауады. Бұл жағдай жүз жылдан бері қайталанып келеді.


12. Жыл сайын жер бетіне 519 000 км³ жаңбыр жауады. Әр км³ 1миллиард тонна суды құрайды.


13. Шамамен әр миллионнан бір адам жаңбырға деген аллергиядан зардап шегеді. Мұндай адамның денесіне тиген кез келген тамшыдан қызару пайда болып, жаңбыр астында қалып қою өлімге душар етеді.


14. Ең ауыр жауын 14.04.86 Гопалгандж қаласында жауды. Әрқайсысының салмағы 1 келі болатын бұршақ 92 адамның өмірін қиған.


15. Ғаламшардың ең жаңбырлы жерлері қыс айларында су жетіспеушілігіне ұшырайды. Жаңбырлы маусымнан кейін құрғақ қыс басталып, тұрғындар суды көрші қалалардан сатып алуға мәжбүр болады екен.


Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/layfstayl/alemtanu/alem-alaqanda/13411/


Португалдықтар егер жаңбыр жауып тұрса, жұмысқа бармайды. Олар үшін бұл салмақты себеп. Елдегі шағын ғана Пара қаласында жаңбыр жауғандағы уақытқа қарап, сағат уақытын түзетуге болады. Себебі, бұл қалада жауын күнде тек бір уақытта жауады.


Жаңбырдың иісі болмайды. Бұл иісті циано және актинобактериялар шығарады. Адамдар арасындағы «жаңбырдың иісі» тіркесінің еш негізі жоқ.
Уганда мемлекетінде найзағайлы жауын жылына 250 рет жауады.
Егер сіз шөл далада жүргенде жауын жауса, оны сіз сезбей де қаласыз. Себебі, жердің ыстығынан жауын тамшылары жерге жетпей, кеуіп кетеді.
XVII ғасырда Ұлыбритания үкіметі «Жаңбыр туралы заң» қабылдаған. Заңнамаға сай, егер ауа райын болжаушы жауын жауатынын қате айтса, оны дарға асқан.
Қарапайым жаңбырдың қышқылдылығы - ph=5,6. Егер бұл сан төмен болса, демек ол жаңбыр – қышқылды.
Үндістанда әлемдегі ең жауынды жер саналатын қала бар. Черапунджи қалашығында жылына 26460 мм жауын-шашын түседі.
Жердің шамамен әрбір жүз миллионыншы тұрғыны жауынға қарсы аллергиядан з Испанияда 2007 жылы «бақа жаңбыр» жауады. Әр жылы мамыр айының соңына қарай Гондураста балықты жаңбыр болады. Жаңбыр жауғаннан соң балықтар жерде жаңбырдан соң шығатын қозықұйрықтай төгіліп жатады екен. Және бір қызығы балықтың бәрі де тірі. Бұл феноменге әлі де болса ғылыми түсініктеме жоқ.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет