Жазда жауатын ақ жауын есіңізде ме?



Дата31.12.2021
өлшемі14 Kb.
#23735
Байланысты:
жазбен жаным үндес Сандуғаш


Жазда жауатын ақ жауын есіңізде ме?

⠀⠀ Жұпар исі аңқыған кезде, бар өне- бойың керемет сезім бөленетін. Жаңбырдың астында тұрып өлең жолдары есімізге оралатын. Бұрын колледжде студент боп жүрген кезімде жаңбырлы күні далаға шығып, өзім ғана жаңбырдың астында қыдырғым келетін. Терезеге телміріп отырған да ұнайтын.



⠀⠀ Ал, жаздың қатты ыстық күні есіңізде ме?

⠀⠀ Не сыртқа шыға алмай, не үйде отыра алмай, кейде ауа жетпей, суға түсуге асығып тұратын... Мен сол кезді де жақсы көремін.



⠀⠀ Әсіресе, таңғы ауасы. Ауылда тұратындар болса, таңертең мал кезекке кеткен уақытта тұрсаңыз, айналада малдың даусы азан-қазан болып, көңнің иісі көмейіңді алатын. Мен сол иісті де жақсы көремін.

⠀⠀ Мен неге осыларды жақсы көремін деп көп ойландым. Сөйтсем, өзім сол табиғаттан жаралыппын. Жаздың күні, шілденің шіліңгір ыстығында, жасыл желекке оралған, әдемі гүлдермен көмкерілген жайлауда дүниеге келіппін ғой. Сондықтан жаздың табиғатымен жан дүнием үндес.



⠀⠀ Ақ жауын сияқты нөсерлете төккенде, ақ көрпемді су басар еді.

⠀⠀ Жаздың ыстық күніндей адамдарға махаббатпен қараған сәтімде, көлеңке іздеп көңілі құлазыған жанға жанына медет болар өзені болар едім.



⠀⠀ Жаздың таңғы ауасындай салқын, миын сергітер қуаныш сыйлар едім.





⠀⠀ Менің мінезім осындай.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет