Бірлігі бүтін елдің түтіні түзу ұшар



Дата15.12.2023
өлшемі17,22 Kb.
#138758

Бірлігі бүтін елдің түтіні түзу ұшар
Менің туып өскен жерім - кең-байтақ егемен ел Қазақстан. Қазақ жері ұлан-байтақ, қойнауы қазынаға толы бай өлке. Біздің еліміздің сұлу табиғатына тең келетін еш жер жоқ десек те болады. Басын ақ қырау шалған биік-биік асқар тау, айнадай жарқыраған мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі хош иісті гүлдер мен өсімдіктер тек қазақ жерінде өседі.
Осы жерде біздің ата-бабаларымыз, батырларымыз, ақындарымыз, ел билеген билеріміз, ғалымдарымыз туып өскен.
Қазақстандай жері шұрайлы,шөбі шүйгін өлкені мен әрқашан мақтан тұтамын. Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. «Отаны жоқтық-нағыз жоқтық»-деп дана халқымыз бекер айтпаған. Өз Отаның сүю, өз ана тілін ардақтау әрбір азаматтың бірінші міндеті. Ал біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең деп ойлаймын.
Халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өтсе де ата-бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білген. Өз елі үшін жанын да, барын да аямаған. Халқымыздың осы бір қасиеті жанымызға ана сүтімен дарып, ақ нанымен бекіген. Өйткені Отан біз үшін оттан да ыстық.
Халқымыздың тарихында «Қара қылды қақ жарған», еліміздің ынтымағы үшін күрескен кемеңгер үш биінің орны ерекше. Халық осы үш би жөнінде: «Атақты қазақ үш биі,
Онан өткен Әйтеке.
Бірінші әзіз Төле еді,
Таудай сөзге тарыдай
1
Бұзылмайтын сөз айтқан.
Қию тауып сөйлейді.
Шешеннен шешен демегі,
Қанша ділмар дегендер.
Және де әзіз киелі,
Ширегіне келмейді.
Босатқан буын,жүйені.
Бұл үш бимен тең емес,
Қаз дауысты Қазыбек.
Қазақтың мінсіз билері».
Қазақ халқының бұл билері елді үш жүздің бірлігін сақтауға шақырды. Қазақ билері - ерте заманда осы күнгі соттың да,тергеушінің де қызметін атқара алған. Билер өздерінің бір ғана сөзімен небір шытырман даулы мәселелердің дұрыс шешімін тауып, елдің түтінінің түзу шығуын қадағалап отырған. Үш бидің ел тыныштығы, оның бақытты келешегі, тәуелсіздігі үшін қауіп-қатерді елемей, бастарын бәйгеге тіккен осы шынайы отаншыл сезімі, ынтымақ-бірлігі басқаларға да ықпал етіп, қазақ халқын бір мақсатқа жұмылдыра түскен.
Бүгінгі бақытты өміріміз осындай бабаларымыздың арқасы екенін түсініп, үш биіміздей ұлыларды, елім деп еңіреген бабаларымызды ұрпақ ешқашан ұмытпауы қажет деп білемін. Үш биге қойылған мүсін ұрпағының оларға деген құрметінің бір белгісі деп түсінемін.

2
Бірлігі бүтін, бейбіт еліміздің көгінде еліміздің тыныштығын күзететін қыран құсы самғап, аспанымызды бұлт торламай, әр қазақтың шаңырағының түтіні түзу шығып, тәуелсіздігіміздің тұғыры берік болсын деп барша қазақ халқына үн тастағым келеді.

3

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет