Қарахан мемлекеті (942-1212 жж.) X ғасырдың орта кезінде Жетісу аймағы мен Шығыс Түркістанның бір бөлігінде Қарахан мемлекеті



Дата29.09.2023
өлшемі12,75 Mb.
#111871

Қарахан мемлекеті
(942-1212 жж.)
X ғасырдың орта кезінде Жетісу аймағы мен Шығыс Түркістанның бір бөлігінде Қарахан мемлекеті құрылды. Оның құрылуы 940 жылдан басталады.
Орталықтары
Ірі қалалары
Баласағұн
Қашқар
Ордакент (Тараз)
Мерке
Үзген
Құлан
Қарахан әулетінің негізін салушы
Сатұқ Боғрахан (915–955жж).
Ол Қарлұқ хандығының іргесін көтеріп, мәртебесін асырушылардың бірі – Білге құл Қадыр ханның немересі.
Сатұқ Тараз және Қашғар қалаларын өзіне қаратып, 942 жылы Баласағұндағы билеушіні құлатып, өзін жоғары қаған деп жариялайды.
Этникалық құрамы
Жікіл
Оғыз
Қарлұқ
Үйсін
Яғма
Қаңлы
Мемлекттің құрылуында басты рөлді атқарған – қарлұқ тайпасы.
Одан кейін негізгі билеушілер яғма тайпасының арасынан шығып отырған.
Жікіл тайпасының тотемі
Арыстан
Бура
Яғма тайпасының тотемі
Қоғамдық құрылысы
Жоғарғы өкімет билігі қағанның (хан) қолында болған.Билік мұрагерлік жолымен беріліп отырды.
Билік иелері қатарына ханның ұрпақтары – тегіндер ,ілік хандар,бектер,нөкерлер жатты
.
Билік иелігінде үлестік жерлер болды.
Хан кеңесшісі қызметін уәзірлері атқарды.
Ханның мемлекеттік саяси-әкімшілік іс жүргізетін орны Орда деп аталған.Онда сарай қызметкерлері тұрған.
Жер иеленудің бір түрі «иқта»,ал иеленушілер «иқтадар» деп аталаған.
Иқтаның мәні – оны алған адамдар ол жерде отырған қарапайым халықтан алым-салық жинап,ханға әскери қызмет етуге міндетті болған.
Діңбасылар мен әскер басылардың жерлерін вақфтық жерлер деп атаған.Вақфтық жерлерден салық алынбайды.
Қарахан мемлекеті кезіндегі қанаудың бір түрі – коммендация болды.
Оның мәні:әлсіз адам өз үлесіндегі жерді күштінің қамқорлығына береді,ол әлсіз адамды қорғауға тиіс.
Мемлекеттің саяси жағдайы
Шығыс хандық: оның жері Оңтүстік Шығыс Қазақстан мен Шығыс Түркістан, астанасы — Баласағұн, кейде Қашқар қаласы болып тұрған.
Батыс хандық: Мəуераннахр жерлері. Оның орталығы Самарқан қаласы болды.
Мемлекеттің негізін қалаушы Сатұқ Боғра-хан қайтыс болған соң, ел ішінде саяси бытыраңқылық басталды.Билікті 955 жылы ханның баласы Мұса алды.Ол өзінің ықпалын күшейту үшін 960 жылы ислам дінің мемлекеттік дің ретінде жариялады.
Соғыс жүргізді:Самани әулетімен, Мауаренахрды бағындырды, салжұқтармен, қарақытайлармен
Қарахан мемлекетінің саяси тарихы ол өмір сүрген алғашқы ондаған жылдың өзінде-ақ ықпалды әрі күшті екі әулеттің - Әли Арсылан хан мен Хасан Боғра ханның ұрпақтары арасындағы өзара қырқысқан күреске толы болды.
Алғашқы кезде Әли (Әлилер) ұрпағының ықпалы күштірек болды, ал кейін бұл ықпал Хасан ұрпақтарына (Хасанилерге) көшті.
Мемлекеттің әлсіреу себептері
Ішкі талас - тартыс
Қарақытайлар, наймандарға және хорезмдерге қарсы күресте жеңіліс тапты.
Сатұқ Боғра-хан (942-955жж)
Мұса хан
(955-998жж)
Али Арслан хан (998 б-з. жж)
Насыр хан
(б з – 1041 жж)
Хасан Боғра хан әулеті
Ибн Али Мұса хан әулеті
Қарахан мемлекеті ең жақсы дамыған кезең
Шаруашылығы мен мәдениеті
Шаруашылығының 2 бағыты
1. Егіншілік, бау-бақша
2. Мал шаруашылығы- жартылай көшпелі,
жартылай отырықшы
Тараз, Талхир, Баласағұн
Мерзімдік қоныстары-жайлау,күзеу,қыстау,көктеу
4 түлік мал, әсіресе жылқы өсірді
Кедейленген малшылар мен егіншілер қала халқының санын өсірді
Қала мәдениеті дамыды, қолөнер, көзе жасау шеберханалары көбейді.
Күмбезді мешіттер, кесенелер, шығыс моншасы- құрылысқа енген тың өзгерістер.
Қарахан кесенесі – ортағасырлық сәулет ескерткіші. Қараханидтер әулеті өкілдерінің біреуінің бейіті үстінде салынған. Кесене Қазақстан аумағындағы ортағасырлық сәулет өнерінің әсем үлгісі. Шамамен ХІ ғасырда салынған. Ол Тараз қаласында орналасқан.
Қарахан кесенесі
Айша - бибі кесенесі - ХІ-ХІІ ғасырларда ірге көтерген сәулет өнері ескерткіші.Бұл ескекрткіштен қазақ хандығының атадан балаға мұра болып келе жатқан ою – өрнек,әшекей түрінің өте мол екендігін көруге болады.
Айша – бибі кесенесі
Бабаджа-Хатун кесенесі Тараз қаласынан 18 км жерде, Жамбыл облысы Жамбыл ауданының Айша Бибі ауылында орналасқан. Кесене Айша Бибі кесенесінің маңында, сондай-ақ ол ХІ - ХІІ ғасырлардың бірегей сәулет ескерткіші болып табылады.
Бабаджа-Хатун кесенесінің тұрғызылуы туралы аңыз бар. Кең таралған аңызға сәйкес - Айша Бибі XI ғасырдың танымал ғалымы мен ақыны Хәкім Сүлеймен Бақырғанидің қызы болған.
Айша өмірден озғанынан кейін Айша Бибінің күтушісі кесененің сақтаушысы болды және қайтыс болғанынан кейін Айша Бибіден 20 қадам жерде Бабаджа-Хатун кесенесінде жерленді.
Бабаджа- Хатун

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет