Арал теңізінің өткен және қазіргі кездегі жағдайы



Дата08.04.2023
өлшемі20,72 Kb.
#80623


Арал теңізінің өткен және қазіргі кездегі жағдайы
Сейтхази М.А
4 курс, Дінтану факультетінің студенті
Жетекші : п.ғ.к. Кульбекова Б. Р
Арал теңізі, Кайназой дәуірінің орта шетінде, яғни бұдан 21 млн. 1200 жыл бұрын, Арал Каспий теңізіне қосылып жатқан. Өйткені, теңіздің терістік бетіндегі қазіргі Сарышығанақ, Ақеспе тұсынан 80 метр тереңдіктен Олигоцен уақытында өмір сүрген қызыл балықтың, ірі ұлудың, киттің омыртқа сүйектері тасқа айнала бастаған күйінде табылды. Бұл теңіздің кезінде мұхитпен қосылып жатқандығын көрсетеді. Сондай-ақ, Арал маңынан акуланың тісі мен сүйегі табылды. 19 ғасырдың орта кезіндегі Арал-Каспий ойпатының пайда болуы жөніндегі болжамдардан Арал бассейнінің геологиялық ерте кезеңде Жерорта теңізімен тұтасып жатқан су айдыны екенін, оның кейінгі Альпілік қатпарлықта жер қыртысының көтерілуіне байланысты ұсақ су айдындарына бөлінгенін білеміз. Сондай-ақ, Арал теңізінің көлемі жайлы, Арал теңізі жайлы ұғымдар сонау ерте дүние әдебиеттерінде де кездеседі. Ендеше қазіргі кезде әлем елдері назарын өзіне аударып отырған осы су айдынын зерттеу сол ерте заманан бүгінгі күнге дейін жалғасып келеді деуге болады. Міне, сондықтан да көне зерттеулер мен қазіргі жаңа мәліметтерді салыстыру арқылы Арал теңізі бассейнімен оның жағалауының даму эволюциясын, сондай-ақ ғасырлар бойы өзгеру сипатын анықтау қиын емес. Мысалы, ежелгі заманның өзінде Арал теңізі көп елдерге мәлім болған. Өйткені, сол IХ-X ғасырлардағы араб ғалымдары – Ибн-Хордадбех, Ибн--Рустен, Масуди, Истахри келтірген мәліметтері аса құнды. Демек, бұл еңбектерден сол кездегі Аралдың көлемі мен жағаларының пішіні туралы мағлұмат алуға болады.
Ибн-Хордадабех «Китаби-ал-масалик Вал-мамлик» \саяхаттар мен мемлекеттер кітабы\ атты еңбегінде Амударияны Жейхун, Арал теңізін Күрдер көлі деп атайды. Ал, Ибн-Рустеннің Амудария мен Арал теңізі туралы жазғандары неғұрлым нақты, оның мліметтері бойынша, Арал теңізінің көлемі 80 фарсах, яғни бір фарсах-6 шақырым. Теңіздің басты жағалауындағы Жоталары Сиякух \қара таулар\ деп аталады. Ал оң жақ жағалауы батпақты, онда қалың орман өскен. Демек аталмыш Сиякух – үстіртің тік жарлы құздары болуы мүмкін. Өйткені оның бастыс жағалауы қазір де биік келеді, кейбір нүктелердің биіктігі – 190 метрге жетеді. Сол сияқты Араб географы Истахри Арал теңізін «Хорезм көлі» деп аталған
Арал теңізінің экологиясы
Арал теңізі — Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында орналасқан сутоған. 20-шы ғасырда ауданы жағынан — 68 мың км² — әлемде төртінші орында болған болатын, бірақ 1960-шы жылдардан бастап теңіздің суы азайып келді.
Арал тенізі – Қазақстаныың інжу-маржаны, шөл белдеміндегі бірден-бір көгілдір су айдыны еді. Оның апатқа ұшырағанға дейінгі көлемі -1066 км2, тереңдігі - 30-60 метр, тұздылығы - 10-12 % болған. Қойнауы кәсіптік бағалы балықтарға бай, жағасы қоға мен қамысты теңіз еді. Сол кездерде жылына 50-150 мың балық ауланса, теңіз жағасынан едәуір мөлшерде бұлғын терісі игерілген.
1960 жылдардан бастап Арал өңірін игеру қолға алынды. Осы аймақтағы игерілетін жер көлемі бұрынгыдан Өзбекстан мен Тәжікстанда 1,5, Түрікменстанда 2,4, Қазақстанда 1,7 есеге өсті. Ал Әмудария мен Сырдария бойындағы халықтың саны 1960-1987 жылдар аралығында 2,2 есеге артты. Халық санының өсуіне орай суға деген кажеттілік те артты. Осыған орай, 1970-1980 жылдар аралығында Аралға құйылатын су мөлшері азайды. Онын негізгі себептері - антропогендік факторлар еді. Екі өзен бойындағы суды мол қажет ететін күріш пен мақта өсіру ісі қаркындап дамыды (Шардара).
Оның үстіне ауыл шаруашылығының басқа да салалары барынша дамыды. Өзен бойлары игеріліп, суды ысырапсыз пайдалану жүзеге асты. Мәселен, Аралға 1960-1965 жылдар арасында 44 мың м3 су құйылса, бұл көрсеткіш 1974-1978 жылдары 13 мың м3, ал 1990 жыл-дары екі есеге қысқарды. Нәтижесінде, Арал теңізінің деңгейі 23 метрге дейін төмендеп, оның су айдыны 300-200 км-ге дейін қусырылды. Судың тұздылығы 40 пайызға дейін артты. Оның үстіне екі өзен бойындағы шаруашылықтарда тыңайтқыштар мен химиялык препараттарды қолдану бұрын-соңды болмаған көрсеткішке жетті. Тыңайтқыштарды қолдану 10-15 есеге өскен. Осындай антропогендік факторлар Арал өңірін экологиялық апатқа ұшыратты. Құргап қалған теңіз түбінен жыл сайын айналаға зияндылығы өте жоғары 2 млн. т тұзды шаңдар көтеріліп, желмен тарай бастады.
Сонымен, Арал апатына себеп болған факторларға:
- жергілікті жердің тарихи-табиғи ерекшеліктерін ескермеу;
- ауыл шаруашылығын дұрыс жоспарламау, судың қорын есепке алмау;
- суды өте көп қажет ететін күріш, мақта дақылдарын барынша көбейтіп жіберу;
- жерді игерудің агротехникалық шараларын сақтамау және суды үнемді пайдаланбау;
Табиғат ресурстарын пайдаланудағы жіберілген қателіктср мен оны меңгерудің ғылыми тұрғыдан негізделмеуі болып табылады.
Осы аталған фактілер Арал теңізі экожүйесіндегі тіршілік атаулыны экологиялык дағдарысқа әкелді. Бұл жағдайлар адам баласының қолдан істеген қателігі ретінде дүние жүзіне белгілі болды.
Арал теңізінің проблемасы
Арал теңізін апаттан сақтау үшін көптеген жобалардың ұсынылғаны белгілі. Алайда олардың көпшілігі тенізді толтыруды емес, оны тек бүгінгі деңгейде ұстап қалуды көздейді. Ол ұсыныстар мынандай болатын:
1. Сыр және Амудария өзендерінің суларын тиімді пайдалану;
2. Оңтүстіктен солтүстікке карай Возрождение аралын пайдаланып дамба салу. Кіші Аралдан тұз өндіріледі, ал Үлкен Арал Сыр және Амудария есебінен сақталады;
3. Жел тұрғанда аспаннан тұз жаумас үшін жағалауларға сексеуіл т.б. жасыл желек ағаштарды отырғызу;
4. Арал аймағын Иран еліндегідей жер асты суларымен камтамасыз ету;
5. Сібір өзендерінің бір бөлігін Аралға бұру.
Бұл шаралардың теңізді бұрынғы қалпына келтіре алмайтыны анық. Әрине Сібір өзендерінің бір бөлігін Аралға тартуға болар еді, бірақ ол біріншіден қымбатқа түседі, екіншіден Ресей оған келісе коймайды.
АҚШ, Жапония, Канада ғалымдарының Арал теңізінің суын бұрынғы деңгейіне жеткізу үшін 200 миллиард доллар қажет дейтін көрінеді. Аралды бұрынғы қалпына келтіру үшін іргелі зерттеу жолымен Каспий-Арал каналының ғылыми-техникалық дәлелдемесі жасалынады. Сол жоба бойынша Арал апатын шешу үшін 300 млн доллар жеткілікті екеніне көз жеткізген.
Каспий теңізінен деңгейі бір кезде көтеріліп, бір кезде төмендеп кететіні, яғни ғасырлық тербелісі бұрыннан белгілі құбылыс. Соңғы көтерілуінде теңіз деңгейі 214 см-ге өсіпті. Каспиймен шекарасы жанасқан мемлекетттердің (Ресей, Казақстан, Иран, Түрікменстан, Әзірбайжан) біраз жағалық жерлері судың астында қалды. Қәзірдің өзінде де бұл елдердің мұнай өндіріп тұрған көптеген кен орындары мен халық орналасқан жерлері су астына кету қаупі бар.
1. Арал бүкіл планетаның жанды жарасы. №1 экологиялық апат. Орталық Азия мен Казақстанның және т.б. елдердің тағдыры Арал мәселесін дұрыс шешуге тікелей байланысты.
2. Каспий теңізін айналдыра дамба салу үшін жұмсалатын қаражат пайда келтірмейтін өлі капиталмен тең.
Жоғарыда айтылғандардың тоқ етер түйіні, ортақ іске қатысы бар мемлекеттер бірігіп, керекті 300 млн доллар қаржы жинап, орасан күрделі екі экологиялық ахуалдың шиеленісуін шешпесе болмайды.
Ол шара Аралдын шипалы суын калпына келтіріп, балығын халыққа үйіп-төгіп бергеннен соң, барлық шығынды өтейді. Әрі асау Каспий де біраз тынышталып, Орта Азияның негізгі екі өзеніне көмектесіп, Аралдың мың жылдық әсемдігін тағы да 1 000 жылға оздырмақ.
Егер де жоғарыда аталған жұмыс көлемдері толық іске асырылған жағдайда Арал өңірінің атмосфералық ауа қабаттары тазарып, сондай-ақ аймақта төтенше ауру түрлерінің қаңдай түрі болса да таралмауына оң жағдай туар еді.
Қазір Аралдың кебуі күнмен есептелуде. Демек, бүгінгі таңда кезек күттірмейтін мәселе - құрғаған теңіз табанындағы тұз, шаңның көбеюін қалайда бәсеңдету. Ол үшін жоғарыда сөз болғандай сол кепкен теңіз ұлтанындағы кұм, тұз шаңдарды жет үсті немесе жер асты суымен бастыру, сол сияқты өсімдік түрлерін егу жұмыстарын айрықша назарға алған жөн. Әлі де Арал теңізі бассейніндегі проблемаларға орай, халыкаралық қорлар мен ұйымдардың каржылары мен мүмкіншіліктерін жұмылдыру қажет-ақ.
Қазіргі кезде Аралды құтқару бағытында батыл да жоспарлы түрде ғылыми негізде жұмыстар жасалуда. "Арал тағыдыры - адам тағдыры" болғандықтан оны сақтап қалу аға ұрпақтын болашақ алдындағы борышы.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. "Зерде" республикалық ғылыми-көпшілік журнал. №9. 2002 ж.

  2. "Атамекен" газеті 1 қаңтар 2001 ж.

  3. Интернет желісі


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет