Аралық бақылау. Сабақ аяқталғанда студент біледі



Дата10.03.2023
өлшемі45,77 Kb.
#72800
түріСабақ
Байланысты:
Студенттерге арналған әдістемелік нұсқау


Бүйрек үсті безі . Қалқанша безі. Қалқанша жаны бездері. Құрылысы, топографиясы, қызметі, Қанмен қамтамасыз етілуі және нервтенуі. Аралық бақылау.
Сабақ аяқталғанда студент біледі: анатомиялық терминологияны дұрыс қолдану; қалқанша безі, қалқанша жаны бездері және бүйрек үсті безінің құрылысы жөнінде сипаттай білу, оны клиникалық жағдайда гомеостаздың қызметімен байланыстыру
Әдебиет, с.і. электрондық ресурстар:
1. Адам денесі: көрнекіленген оқулық. 3 томдық. 2 том. Несеп-жыныс жүйесі/ Авторы – А.Р.Рақышев: ГЭОТАР – Медиа, 2014.- 472 бет; 146-165; 166-183 беттер.
Қосымша
1.Адам анатомиясы. Оқулық. Ред. Т.М.Досаев.«Ақнұр» баспасы. 2013.366 бет.
2.Адам анатомиясының атласы. Алшынбай Рақышев. 4 томдық. 2 том. «Кітап» баспасы. 2006.
Электрондық ресурстар
1.Қалыпты анатомия кафедрасының компьютерлік базасында оқытушылар құрастырған қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі видеоматериалдар бар.
Сабаққа дайындалуға арналған сұрақтар:
1) Қалқанша безі, топографиясы, құрылысы, қызметі, қанмен қамтамасыз етуі және нервтенуі
2) Қалқанша жаны бездері, топографиясы, құрылысы, қызметі, қанмен қамтамасыз етілуі және нервтенуі
Сабақ өткізу түрі: кіші топтарда ылғал препараттармен, кестелермен, муляждармен жұмыс. Ауызша. Жағдайлық және карталық, тесттік тапсырмаларды талқылау. №1-3 тәжірибелік дағдыларды меңгеру. ҚО кезінде Moodle dis.kaznmu және zoom.us (Webex). және т.б. платформаларда.
Сабақты бақылау: Бағалау – суммативті, ауызша жауабының негізінде қойылады-25% суммативті бағалау сабақ, жазбаша тапсырма үшін (карталы сұрақтар, тесттік тапсырмалар және ситуацалық есептер) –25% (50% суммативті бағадан).№1-3.
Аралық бақылауды өткізу форматы:Біріктірілген аралық бақылау - анатомия мен гистология – тест түрінде: (50 % - оқыту тілінде, 20% - екінші тілде, 30 % - ағылшын тілінде)
ҚО кезінде Moodle dis.kaznmu және zoom.us, Microsoft Teams платформаларында.
Бақылау:Сабақты бағалау – суммативті. Чек-парақ арқылы бағаланады.Балдарды есептеу бағалау парағы бойынша қойылады
Аралық бақылаудың сұрақтары:
1) Қалқанша безі, топографиясы, құрылысы, қызметі, қанмен қамтамасыз етуі және нервтенуі
2) Қалқанша жаны бездері, топографиясы, құрылысы, қызметі, қанмен қамтамасыз етуі және нервтенуі
4) Бүйрек үсті безі, топографиясы, құрылысы, қызметі
5) Бүйрек, топографиясы, құрылысы;
6) Бүйректің экскреторлы ағашы: үлкен және кіші тостағаншалар, түбек;
7) Несепағар, топографиясы, қабырғасының құрылысы, тарылған жерлері
8) Несепқуық. Топографиясы, құрылысы
9) Несеп шығаратын өзек, бөлімтері, иілімдері; ер және әйел несеп шығаратын өзектерінің арасындағы айырмашылықтары.
10) 5 терминдерді екінші тілде түсіндіру (қазақ топтарына – орыс тілінде, орыс топтарында қазақ тілінде); және ағылшын тілінде


Аралық бақылауды бақылау:Сабақты бағалау – суммативті, анатомия және гистология бойынша интеграцияланған тесттің қорытындысымен қойылады.
ҚО кезінде:
Біріктірілген аралық бақылау – анатомия, гистология және физиологиядан Moodle dis.kaznmu.kz платформасы және Zoom/ Microsoft Teams платформаларында өткізіледі.
БОӨЖтапсырмалары:

  1. Кестелерден, сызбалардан және муляждардан бүйрек үсті безінің, қалқанша безінің және қалқанша жаны бездерінің топографиясын және құрылысын үйрену, осы ағзалардың құрылымдық элементтерін көрсетіңіз.

БОӨЖ бақылау: оқытушымен консультация кезінде кері байланыс түрінде. Формативті бағалау.
ҚО кезінде Moodle dis.kaznmu және zoom.us (Webex), Microsoft Teams. және т.б. платформаларда.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет