Архаикалық мәдениет



Дата10.10.2022
өлшемі19,68 Kb.
#42098

Архаикалық мәдениет — адамзат мәдениетінің бастамасы қашан және қай жерде пайда болды? Ол 2,5 млн ж. жуық уақыт бұрын адамдардың ең алғашқы еңбек құралдарының пайда болуынан бастау алады.
Алғашқы қауымдық құрылыс үш дәуірге бөлінеді: тас дәуірі (бұдан 2,5—2,6 млн ж. бұрын – б.з.б. 2000 ж. басы), қола дәуірі және темір дәуірі. Тас дәуірі бөлінеді: көне тас дәуірі (палеолит), орта тас дәуірі (мезолит), жаңа тас дәуірі (неолит).
Тас дәуірі 3 кезеңге бөлінеді: 1-ші тас дәуірі — б.з.б 1—2 млн ж. мен б.з.б 140 мың ж.), 2-ші — б.з.б 140 мың ж. - б.з.б 40 мың ж., ал 3 кезең — б.з.б 400 мың ж. — 10 мың ж.)
Кейінгі палеолит дәуірі мәдениеті:.
Перигорд кезі (35—20 мың ж) ескерткіштері: шеттері өңделген шақпақ тас құралдары, сүйектен жасалған біздер, найзаның ұштары. Бастапқы Перигорд кезеңі - салынған бейнелер кездеспейді, әсемдік заттар және бояу түрлері таралған. Кейінгі Перигорд кезеңі - тасқа қашалып жасалған аңдар мен адамдардың бейнелері кездесе бастайды.
Ориньяк кезі (30—19 мың ж) - үңгірлердің қабырғаларында қолдардың таңбалары, ерінге жағатын қызыл бояулар салынған ыдыстар, түрлі діни мейрамдарда пайдаланған бет бояуларының 17 түрі табылған. Ол кезде матриархаттың кезі болатын. Жұмсақ тастан және пілдің азу тістерінен жасалған 150-ден астам әйел мүсіндері «Венералар» Италияда, Австралияда, Чехияда, Ресейде табылған.
Солютре кезі (18—15 мың ж). Кремнийден найзаның ұштары, пышақ, қанжар, қырнағыштар, түйреуіштер, тескіштер, аса таяқтар, түрлі мүсіндер пайда болды.
Мадлен кезі (15—8 мың жыл бұрын). Мадлендіктер үңгірлерде тұрды, мамонт, солтүстік бұғылар сияқты аңдарды аулап, қорек етті. Сүйектен құрал-саймандар, тұрмыс заттар жасады.
Кейінгі палеолитте дүниежүзілік өркениеттің екі негізгі орталығы (азиаттық және афро-еуропалық) қалыптасып, алғашқы мәдени байланыстардың іргетасы қалана бастады.
Кейінгі палеолит дәуірінің мәдениеті сан-салалы. Адамның ең басты тіршілік кәсібі — аң аңлау болды. Олар өздерін қоршаған дүниеге деген көзқарастарын сиқырлау, дуалау арқылы білдірді. Магияның негізінде діни наным-сенім тотемизм қалыптасты. Тотемизм — адамдардың өздерінің ата-тегін жануарлармен, жануарлар дүниесімен тығыз байланыста қарастыруы.
Кейінгі палеолит кезеңінде адамдар арасындағы түсінісу қабілетінің басты құралы — тіл өз дамуында белгілі бір дәрежеге жетті. Неандертальдықтар сөйлеудің алғашқы сатысына көшті. Алғашқы сөздік атауларды жануарлар алды, ал басқа заттардың атаулары кейіннен пайда болған.
Көне тас дәуірі мен жаңа тас дәуірінің арасындағы өтпелі дәуір мезолит кезеңде табиғаттың өзгеруіне байланысты адамдардың тұрмыс-тіршілігінде айтарлықтай өзгерістер байқалды. Бұл дәуірдің өзіне тән ерекшелігі —жаңа қарудың — садақ пен оның жебесінің пайда болуы мал шаруашылығының пайда болуына және оның дамуына үлкен әсерін тигізді. Мезолит, неолит дәуірлерінде адамдар жалқыға емес жалпыға, ортақ игілік үшін ұжымда еңбек ете бастады. Мезолиттің аяғына қарай әйелдер мен балалар үй шаруашылығына пайдалануға өте қолайлы саз балшықтан ыдысаяқтар жасауды игеріп, үстіне саусақтың үшымен немесе таяқшамен түрлі сызықшалар жүргізу — дәстүрге айналды. Осылай әйелдер өнері — ою-өрнек пайда болды.
Неолит дәуірі - рулық құрылыс пен тас өндірісінің шарықтаған кезі. Бұл тұста, тас балталардың көмегімен алғашқы қауым адамдары ағашты кесіп үй салды, қайықтар жасады, бейнелеу өнері дамыды.
Неолит дәуіріндегі адамдарды шаруашылықты жүргізу тәсіліне байланысты екіге белуге болады. Олардың алғашқылары аң аулаумен, балықшылықпен шұғылданды. Бұл — иелену экономикасы болып табылады. Жануарлардан қолға тек қана итті үйреткен, тамақты қыздырылған тас салу арқылы ағаш ыдыстарда пісірген. Тағы қозылар мен ешкілердің жүнінен көйлектер мен жамылғыш — плащтар тіккен. Өзара тайпалық қақтығыстар кезінде қолға түскен тұтқындарды құлдарға айналдырған. Олар бір-бірімен балық, балық майымен, тас пен сүйектен жасалған әшекей бұйымдармен, құлдармен сауда-саттық жасаған
Шаруашылықты жүргізудің екінші саласы егіншілікпен және мал өсірумен тығыз байланысты болғандықтан, оны «өндіретін экономика» деп аталды. Егіншілік мол өнім беретін құнарлы жерлерде дамыған. Адамдар отырықшылдыққа көшіп, деревнялар пайда бола бастады, қауымдар тайпаларға бірікті, сөйтіп мемлекеттің пайда болуына даңғыл жол ашылды. Шаруа үшін жер құдай-ана болып саналды. Егіншілікке байланысты әдет-ғұрыптарда ер адамдар басты рольді атқарған.
Көне заман халықтарының ұстанған діндерінің тарихында жануарлар мен ағаштарға табыну да басты роль атқарды. Адамдар өзінің шығу тегін белгілі бір жануармен немёсе өсімдікпен (тотеммен) байланыстырған.
Қорыта келгеңде, адамзат дамуындағы қарышты қадамы дүниежүзілік мәдениеттің ірге тасының қалануына тікелей эсер етті. Адамзат даналығы мен кемеңгерлігінің арқасында мәдениет жаңа сатыға көтерілді. Өз кезегінде алғашқы қауымдық құрылыс мәдениеті — дүниежүзілік мәдениеттің негізін қалауда орасан зор роль атқарды. Ол негіздер: әлеуметтік ұйым, тіл, өнер, салт-дәстүрлер, наным-сенімдер, білім, туысқандық қарым-қатынастар және тағы басқалары болды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет