«археология» ПӘні бойынша емтихан сұРАҚтары археология ғылымын толыққанды сипаттап беріңіз



Дата09.11.2022
өлшемі45 Kb.
#48712

«АРХЕОЛОГИЯ» ПӘНІ БОЙЫНША ЕМТИХАН СҰРАҚТАРЫ

1. Археология ғылымын толыққанды сипаттап беріңіз


2. Палеолит туралы сипаттап жазыңыз
3. Мезолит туралы баяндаңыз
4. Неолит жайлы сипаттап жазыңыз
5. Энеолит дәуіріне ғылыми сипаттама беріңіз
6. Қола дәуіріне шолу жасаңыз
7. Ерте темір дәуірін сипаттап кетіңіз
8. Қара теңіз маңы, Кавказ және Орта Азия жеріндегі ежелгі өркениеттер мен мемлекеттер археологиясы туралы баяндаңыз
9. Қара теңіздің солтүстік аймақтарындағы антикалық қалалардың археологиясына тоқталыңыз
10. Б.з.б. І мыңжылдық – б.з. алғашқы ғасырларындағы Орта Азияның егіншілік аудандарының археологиялық ескерткіштеріне тоқталып кетіңіз
11. Еуразия ортағасырлық көшпенділерінің археологиясы туралы жазыңыз
12. Ортағасырлық фин-угор, балт, түрік және басқа да этностардың б.з. І мыңжылдық ортасы мен ІІ мыңжылдық бас кезіндегі археологиясын суреттеп беріңіз
13. Шығыс Еуропаның ортағасырлық қалалары археологиясын саралаңыз
14. Орталық Азия ортағасырлық қалаларының археологиясына баға беріңіз
15. Орталық Азияның ортағасырлық архитектуралық ескерткіштері жайлы мәліметтерді ғылыми тұрғыдан сипаттаңыз
16. Археология пәнінің негізі, дереккөздері, міндеттері және әдістері туралы баяндаңыз
17.Әлемдік археологияның негізгі даму кезеңдері суреттеп беріңіз
18.Қазақстан археологиясының даму кезеңдерін ашып көрсетіңіз
19.Археологиялық ескерткіштер типологиясы туралы жазыңыз
20.Археологиялық бақылау, археологиялық барлау, археологиялық қазба жайлы түсінігіңізді суреттеңіз
21. Қазақстан палеолиті туралы әңгімелеңіз
22. Қазақстан мустье мәдениеті туралы және оның таралуы жайлы ойыңызды өрбітіңіз
23. Қазақстан жоғарғы (кейінгі) палеолит ескерткіштері жайлы баяндаңыз
24. Еуразия палеолиттік өнері жайлы жазыңыз
25. Қазақстан мезолиттік ескерткіштері хақында сөз қозғаңыз
26. Қазақстан неолитінің жалпы сипаттамасы жасаңыз
27. Атбасар мәдениеті туралы баяндап өтіңіз
28. Маханжар мәдениеті жайлы баяндаңыз
29. Ойықты мәдениетін сипаттап кетіңіз
30.Төлес мәдениеті туралы ғылыми ақпараттар беріңіз
31. Қазақстан энеолитінің жалпы сипаттамасын жасаңыз
32. Ботай мәдениеті туралы баяндаңыз
33. Терсек мәдениеті жайлы пікірталастарды саралаңыз
34. Қазақстан аумағындағы қола дәуірінің жалпы сипаттамасына тоқталыңыз
35. Андронов мәдени-тарихи қауымдастығын сипаттап шығыңыз
36. Қазақстанның ежелгі кен орындары туралы ғылыми ақпараттар жайлы жазыңыз
37. Федоров және алакөл мәдениеттері ескерткіштері суреттеңіз
38. Сарғары және алекссев мәдениеттерінің ескерткіштері жайлы мәлімет беріңіз
39. Жетісу аумағындағы қола дәуірі ескерткіштерінің ерекшеліктеріне (биен және көлсай археологиялық мәдениеттері) тоқталыңыз
40. Беғазы-дәндібай мәдениетін сипаттаңыз
41.Доңғал мәдениетіне сипаттама жасаңыз
42. Қазақстан аумағындағы ерте темір дәуірінің сақ-савромат кезеңін баяндаңыз
43.Тасмола мәдениетін суреттеңіз
44. Жетісу сақ қорғандарына тоқталып, олардың негізгілерін суреттеңіз
45. Арал өңірі сақ қорғандары жайлы баяндаңыз
46. Савроматтар ескерткіші туралы ғылыми еңбектердің бағыттарын бағалаңыз
47. Шығыс Қазақстан сақ қорғандары жайлы археологиялық мәліметтерді жүйелеңіз
48. Ерте темір дәуіріндегі жартас суреті өнері ескерткіштеріне тоқталыңыз
49. Б.з.б. ІІ мыңжылдық – б.з. І мыңжылдығындағы Кавказ бен Сібірдің археологиялық ескерткіштері жайлы мәліметтерді жүйелеңіз
50. Кавказ қола дәуірінің археологиялық мәдениеттерін ашып көрсетіңіз
51. Сібірдегі қола дәуірінің археологиялық ескерткіштерін атаңыз және сипаттаңыз
52. Бактрия-Маргиана археологиялық кешеніне талдау жүргізіңіз
53. Скиф-сібір әлеміне тоқталып, терминнің мән-мағынасын суреттеңіз және негізін ашыңыз
54. Киммерліктер археологиясы туралы мәліметтерді жүйелеңіз
55. Тағар мәдениетіне сипаттама беріңіз
56. Ғұн-сармат кезеңінің археологиясына баға беріңіз
57.Үйсін (Усунь) археологиялық кешендері (Қаратал, Іле, Жетісу кезеңдері) жайлы мәліметтерді жүйелеңіз
58. Қарғалы қоймасы және Алтын тәж (диадема) туралы баяндаңыз
59. Орталық Азиядағы ғұн археологиясының ескерткіштерін саралаңыз
60. Солтүстік Қазақстанның ерте темір дәуіріндегі қорғандары мен қоныстарын суреттеңіз
61. Шығыс Қазақстаннның Майемер, Құлажорға, Берел, т.б. кезеңдері туралы баяндаңыз
62. Ерте темір дәуіріндегі қолөнер, металл бұйымдар және ошақтар, зергерлік өнер жайлы ой бөлісіңіз
63. Кангюйлердің археологиялық мәдениеттеріне тоқталыңыз
64. Қауыншы мәдениетін сипаттаңыз
65. Отрар-қаратау мәдениетіне тоқталыңыз
66. Жетыасар мәдениетінің ерекшеліктерін көрсетіңіз
67. Ежелгі түріктердің археологиялық кешендерін суреттеңіз
68. Қимақ-қыпшақтардың археологиялық кешендеріне баға беріңіз
69. Мерке түріктерінің мемориалды кешендерін сипаттаңыз
70. Қазақстанның далалы аймақтарындағы ортағасырлық тұрғындардың жерлеу орындарынан табылған олжаларды сипаттаңыз
71. Ерте орта ғасырлар кезеңіндегі Батыс Қазақстан археологиялық кешендерін талдаңыз
72. Көне түріктердің идеологиясы мен өнерін археологиялық материалдар негізінде өрбітіңіз
73. Еуразия ежелгі халықтарының тас мүсіндеріне тоқталып кетіңіз
74. Көне түріктер тас мүсіндерін суреттеп, негізгі ескерткіштерін атаңыз
75. Шығыс Қазақстан ортағасырлық қалалар археологиясын бағамдаңыз
76. Жетісудің ортағасырлық қалаларының археологиясына тоқталыңыз
77. Оңтүстік Қазақстан ортағасырлық қалалар археологиясын бағамдаңыз
78. Орталық Қазақстан ортағасырлық қалалар археологиясына тоқталып кетіңіз
79. Алтын Орда кезеңіндегі ортағасырлық қалаларды суреттеңіз
80. Қазақ хандығы тұсындағы қалалар мен қоныстарды сипаттап шығыңыз
81. Түркістан маңындағы қалалар құрылымы мен топографиясы, фортификациялық және өзге де құрылыстары жайлы баяндаңыз
82. Ежелгі орыс қалаларының сипаттамасын жасаңыз
83. Ольвия археологиясын баяндаңыз
84. Боспор патшалығы археологиясын саралаңыз
85. Урарту археологиясына тоқталыңыз
86. Орта Азия қола дәуірі мәдениеттері (тазабағиаб, т.б.) туралы баяндаңыз
87. Қазақстан архитектуралық ескерткіштерін суреттеңіз
88. Қазақстан жеріндегі ортағасырлық қалалардың фортификациялық құрылыстарын суреттеңіз
89. Қазақстан жеріндегі ортағасырлық қалалардан табылған мешіттерге тоқталыңыз
90. Қазақ жеріндегі құлпытастардың ерекшеліктерін көрсетіңіз

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет