Арман бір сан ойлады, сосын оған -ті қосып, 3-ке көбейтіп, 8-ге бөлгенде шықты. Арман қандай сан ойлаған?



бет1/2
Дата07.06.2023
өлшемі15,77 Kb.
#99453
  1   2

Кері қадам

  1. Арман бір сан ойлады, сосын оған 5-ті қосып, 3-ке көбейтіп, 8-ге бөлгенде 3 шықты. Арман қандай сан ойлаған?

  2. Айгүл де бір сан ойлады, ойлаған санына 5-ті қосып, 3-ке бөліп, 4-ке көбейтіп, 6-ны алып, 7-ге бөлгенде 2 шықты. Айгүлдің ойлаған санын тап.

  3. Әли, Сұлтан, Асқар асханаға келді, сосын Әли асханадағы барлық бауырсақтардың жартысын жеп қойды. Бұны көрген сатушы өз баласына деп бір бауырсақты жеке алып қойды. Кейін Сұлтан қалған бауырсақтардың тең жартысын жеп қойды, бұған таң қалған сатушы өзіне деп бір бауырсақты жеке алып қойды,соңында Асқар қалған 2 бауырсақты жеген болса, Сұлтан неше бауырсақ, Әли неше бауырсақ жеген?

  4. Дүкенде айфонның жаңа топтамасын сатып алуға адамдар кезекке тұрды. Сосын кезекте тұрған әр екі аданың арасына бір адамнан кіріп кетті, сосын тағы солай екі адамнан одан кейін үш адамнан кірді. Егер айфонның жаңа топтамасын сатып алуға жалпы 97 адам келгені белгілі болса ең басында кезекте неше адам тұрған?

  5. Бірінші мамыр күні көл жағасында бір бәйшешек гүлі өсіп шықты. Екінші мамырда көл жағасында екі бәйшешек болды. Дәл солай әр күн сайын гүлдің саны екі еселеніп отырған. Егер 31-мамыр күні көл жағасы толығымен гүлге толған болса қай күні тең жартысы толған?

  6. Лу 27м ағашқа көтерілгісі келді. Егер лу күндіз 7м көтеріліп , түнде ұйықтап жатқанда 2м-ге сырғанап төмен түсетіні белгілі болса, лу нешінші күні ағаштың басына шығады?

  7. Лу 49м ағашқа көтерілгісі келді. Егер лу күндіз 5м көтеріліп , түнде ұйықтап жатқанда 1м-ге сырғанап төмен түсетіні белгілі болса, лу нешінші күні ағаштың басына шығады?

  8. Сендер есеп шығарып жатқанда Арман тағы бір сан ойлап, оны 13 -ке көбейтіп шыққан санның соңғы цифрын өшіріп, шыққан санды 7-ге көбейтіп тағы соғы цифрын өшіріп еді 21 шықты. Арман қандай сан ойлады?

  9. Олжас, Арман, Ержан, Әли төртеуінің әр қайсысында бір-неше алма бар еді, сосын Олжас өзіндегі алмадан қалған үш досына әр досында қанша алма бар дәл соншадан үлестіріп берді. Одан кейін дәл солай Арман т.с.с ең соңында Әли солай үлестіріп бергеннен кейін әр балада дәл 32 алма болған болса бастапқыда кімде қанша алма болды?

  10. Арман тағы бір сан ойлап, оны 23 -ке көбейтіп шыққан санның соңғы цифрын өшіріп, шыққан санды 11-ге көбейтіп тағы соңғы цифрын өшіріп еді 14 шықты. Арман қандай сан ойлады?

  11. Айгүл де бір сан ойлады, ойлаған санына 11-ді қосып, 3-ке бөліп, 4-ке азайтып, 6-ға көбейтіп, үшті қосып, 7-ге бөлгенде 9 шықты. Айгүлдің ойлаған санын тап.

  12. Дүкенде айфонның жаңа топтамасын сатып алуға адамдар кезекке тұрды. Сосын кезекте тұрған әр екі аданың арасына бір адамнан кіріп кетті, сосын тағы солай екі адамнан одан кейін 3, 4 адамнан кірді. Егер айфонның жаңа топтамасын сатып алуға жалпы 241 адам келгені белгілі болса ең басында кезекте неше адам тұрған?

  13. Олжас, Арман, Ержан, Әли төртеуінің әр қайсысында бір-неше алма бар еді, сосын Олжас өзіндегі алмадан қалған үш досына әр досында қанша алма бар дәл соншадан үлестіріп берді. Одан кейін дәл солай Арман т.с.с ең соңында Әли солай үлестіріп бергеннен кейін әр балада дәл 80 алма болған болса бастапқыда кімде қанша алма болды?



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет