Арнайы психологияның қолданбалы мәселелері



бет1/3
Дата02.06.2023
өлшемі22,82 Kb.
#97782
  1   2   3
Байланысты:
Тастан Дана 5апта арнайы психология


Тастан Дана 2 курс Дефектология
5 апта

Арнайы психологияның қолданбалы мәселелері 
Психикалық функцияның компенсациясы –бұл дамымай қалған немесе психикалық функциялардың бұзылуын қалыптастыру.
Компенсацияның екі түрі анықталады:
1-ші түрі: ішкі жүйелік компенсация, ол зақымдалған структураның сақталған жүйе элементтерімен іске асырылады.
2-ші түрі: жүйеаралық компенсация. Ол бұрын атқарылмаған басқа структураның жаңа элементтерін іске қолдануы және функцияны жүйелі қайта қалпына келтіру арқылы қалыптасады. Л.С. Выготский жалпы адамдар арасындағы сөйлеудің қажеттілігін қалыптастыру керек, сонда ғана сөйлеу пайда болады деген. Психолог А.Адлер компенсациялау мәселелерін жекеше шешеді. Оның айтуынша, бала тұлғасының қалыптасуы 5 жасқа дейін , содан соң психологиялық дамуы анықталады. Адам биологиялық тіршілікте икемсіз болады. А.Адлер компенсацияның төрт түрін көрсеткен.Толық және толық емес, Жоғарғы және төменгі компенсация.
Комплекс пайда болып, баланы өмірлік өзгертеді. Ол өте қызғаншақ, өзіне-өзі тұрақты емес, құбылғыш болады. Әсіресе функциялық кемістіктерді жеңу мүмкін , ол төменгі компенсацияға әкеледі. Бала ұлкен болған кезде өз кемістігін сезінеді. Кейін оларда өзімшіл, қызғаншақ тұлға ретінде өсуі тоқтайды. Жоғарғы компенсация кезінде балада невротикалық басқару компенсациясы пайда болады. Олар өздерінің білімін пайдалана отырып, өздерін ғана ойлап , адамдарды басқаруға тырысады. Бұл әлеуметтік тәртіптің ауытқуына алып келеді. Толық емес компенсация кезінде балалар басқа адамдар әсіресе өз құрбыларынан компенсацияланып отырады. Ал толық физикалық ауытқуы бар баланы компенсациялау мүмкіндігі жоқ, өйткені оларда изоляция нәтижесінде тұлғалық өсуі тоқтайды.

Коррекция - латынның “correkctio” - түзету. Балалардың психофизиологиялық даму кемшіліктерін түзету немесе азайтуға бағытталған. Кемістіктің дамуын жою немесе жеңілдету , балалардың таным әрекетінің және дене дамуының коррекциялық тәрбие жұмысы ұғымымен анықталады.


Әлеуметтік бейімделу– дамуында кемістігі бар тұлғалардың жеке дара немесе топтық мінез-құлқын жалпыға бірдей қоғамдық нормалармен құндылықтарға келтіру.
Сауықтыру (реабилитация) - өзара тығыз байланысты бірнеше формасы бар және дәрігерлік, психологиялық , педагогикалық, әлеуметтік-экономикалық, кәсіби еңбек пен тұрмыстық шаралардың кешенді жүйесін құрайды. Осылардың біреуінсіз толық сауықтыру болмайды. Сауықтырудың міндетін тек қана қоғам тұтастай шешеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет