Ароматты қатардағы дәрілік заттар. Фенол және олардың туындылары Фармацевтикалық және токсикологиялық химия, фармакогнозия және ботаника кафедрасы «Синтетикалық дәрілік заттардың химиясы және технологиясы»



Pdf көрінісі
бет1/6
Дата15.12.2023
өлшемі2,27 Mb.
#138645
  1   2   3   4   5   6


х.ғ.к., доцент Калдыбаева Айгуль Кудайбергеновна
С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
Алматы - 2023
Ароматты қатардағы дәрілік заттар.
Фенол және олардың туындылары
Фармацевтикалық және токсикологиялық химия, фармакогнозия және ботаника кафедрасы
«Синтетикалық дәрілік заттардың химиясы және технологиясы» пәні


Жоспар:
1. Кіріспе
2. Ароматты қосылыстарға жалпы сипаттама
3. Ароматты қышқылдар және олардың туындылары
4. Сульфаниламид препараттары
5.
Фенол және оның туындылары
6. Кұрамында фенол бар косылыстар - жалпы түсінік және олардын
сипаттамасы, құрамында фенол бар дәрілік өсімдіктер мен шикізаттар
7. Кұрамында фенол бар қосылыстардың жалпы физикалык және
химиялық қасиеттері
8. Медицинада қолданылуы
9. Химиялық қасиеттері
10. Қорытынды
11. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


Синтетикалық дәрілік заттар – синтетикалық органикалық
химияның ең маңызды жетістіктерінің бірі. Бұл препараттар XIX ғасырда
пайда бола бастады.
1853 ж. – аспирин;
1887 ж. – фенацетин (анальгетик);
1896 ж. – пирамидон


Ароматты қосылыстар
— молекулалары 6 көміртек атомдарынан
тұратын бір немесе бірнеше тұйық тізбегі (циклі) бар органикалық
қосылыстар. Алғашқы ашылған ароматты қосылыстардың жұпар иісті
болуына байланысты осылай аталған. Олардың құрамындағы циклдер бір-
бірімен жапсарласа байланысып, біртұтас жүйе құрайды. Мұндай жүйенің
р-электрондары тұрақты, тұйық, электрондық қауыз түзеді. Ароматты
көмірсутектердің ең қарапайым өкілі – бензол. Ароматты көмірсутектердің
халықаралық атауы – арендер. Арендерге сонымен қатар нафталин (II),
антрацен (III), фенантрен (IV) және құрамында конденсацияланған бензол
сақиналары болатын қосылыстар және олардың әр түрлі туындылары
жатады.


Ароматтық қосылыстар:


Ароматтық қышқылдар - бензол ядросындағы бір немесе бірнеше
сутек атомы карбоксил тобымен алмасқан ароматтық көмірсутек
туындылары.
Ароматты қышқылдар — кристалды заттар, көбінесе суда аз, бензол
және полярлы органикалық еріткіштерде (спирт, хлороформ) жақсы ериді.
Ароматты қышқылдар медицинада әлсіз антисептиктер, ал тұздары
катиондар тасымалдаушы қызметін атқарады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет